ойын сауық отауы
Қазіргі күні біздің сөйлеу мәнеріміз қандай?
17.04.2017 2 463 0 Дауыл

Қазіргі күні біздің сөйлеу мәнеріміз қандай?

Бұл қызықты
Сөз – ақыл дәрежесінің көрсеткіші.
Сөзді – адам ойының аудармасы деуге болады. Қазіргі күні біздің сөйлеу мәнеріміз қандай?
Көпшілік сөйлеу мәнеріне мүлде көңіл аудара бермейді. Әдепсіз, былапыт сөздерді қосып сөйлеумен қатар, басқалардың жағымсыз жағын сөз етуге әуестеніп бара жатырмыз. Әдепке сай мәдениетті сөйлеуді мүлде ұмытқандаймыз.
Адамға күш берерлік жылы сөздер мен мейірімділіктің лебі есетін сөздерді мүлде естімеймін десем қателік болар, алайда ондай адамдардың қатары азайған сияқты. Бұны сананың азғындауы деуге болатын шығар.
Адам дөрекі түрде, қатты, тік сөйлеу арқылы өзінің ішкі тыныштығын бұзады екен. Осылайша теріс энергия қалыптастырады да соңынан «неге менің басым ауырады»,- деген сұрақ қояды.

Сөз бен ақыл бір - бірімен тікелей байланысты. Егер ақыл орнында болса, сөз түзу. Ақылды адам үнемі көңілді жүреді. Мұндай ақыл иесі басқалардың кемшілігін айтпайды, кінәрат тауып, сынамайды. Тағдырына шағымданбайды. Сөйлеу мәнері де жағымды әрдайым тілеулес. Әрине, мұндай адаммен барлығымыз әңгімелескіміз келеді. Кейіп сөйлеу – адам жанының әлсіздігін көрсеткіші.

Статистика бойынша ұрыс – керістің 90 %- ға жуығы бір - бірінің сыртынан теріс сөз айтудың арқасында болады екен. Шығыс елінде сөзге тоқтай білмеген адамды «жабайы» деп атайды екен.

Біреудің жағымсыз қасиетін сөз ете отырып немесе сол туралы ойлай отырып, сол адамның бойындағы жағымсыз қасиетті өзіңізге тартуыңыз мүмкін. Ал егер ол адам туралы жақсы ойда болып, жақсы жағын айтар болсаңыз онда жағымды жағын өзіңізге тартасыз.
Сондықтан Құдай туралы ойлау және онымен сөйлесу - иләһи қасиеттерді алудың ең оңай жолы болып табылады екен.

Байқап қарасаңыз, өзімшіл, қызғаншақ, теріс ниетті адамға өзгелердің жақсы қасиетін көру, ол туралы айту сондай қиын. Айтылған жағымсыз сөздер көп болған сайын өмірдің қатал сынақтары да көп.

Бүгінгі күні босқа көп сөйлейтініміз соншалықты бастаған ісіңді аяқтап үлгере алмай жатасың. Көп сөз – бос сөз. Аз сөйлеумен қатар, асықпай, сабырмен сөйлеген жөн. Мұнымен сіз өз уақытыңыз бен күшіңізді үнемдейсіз. Әр сөйлеген сөзіңді бақылауда ұстаған жөн. Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі, - демекші, біреуді ренжітіп алуыңыз ғажап емес. Соңынан ақталуға тура келеді: «Мен мұны жай айта салып едім.... Мен сені ренжітейін деген ойым болған жоқ....». Мұндай сөз тіркестерін өзгерту қажет. Сөзде мағына болуы керек – ондай сөздер өміршең.

Мен бірде бет әлпеті қатты өзгеріске ұшыраған бір танысымды кездестірдім. Ойымда түк жоқ мен: «Ойбай азып кетіпсіз ғой, сізді танымай қала жаздадым», - деппін. Ол жәй ғана: «Мен диета ұстап жүрмін» деді. Біз біраз сөйлестік те әрқайсымыз өз жөнімізге кеттік. Былай шыққаннан соң, мен өзімнің жөнсіз сөйлегеніме ұялдым. Ол кісінің жүдеу көрінген себебі ауырып жүрген шығар. Менің жөнсіз сұрақтарым көңіліне ауыр тиюі әбден мүмкін ғой. Сонымен мен өзімменен өзім ақтала бастадым: «Мүмкін, ауру емес шығар, шынымен диетаға отырып, артық салмақтан арылайын деген ойы болған шығар». Соңынан, "бұдан былай ондай жөнсіз сұрақтар қоймаймын, әрбір сөзімді ойналып сөйлейтін боламын"- деп шештім. Даналардың айтуынша: Бір нәрсе айтпас бұрын, ойланып алыңыз.
Жылы - жылы сөйлесең, жылан інінен шығады,- демекші ауыздан шыққан әрбір сөз жылылық пен мейірімге толы болса, сөз мағыналы болады. Сіз қандай ащы сөздер айтсаңыз да жүрек оны қабылдайды. Өйткені ол ауыр емес дәл айтылған болып есептеледі.

Сол сияқты, бетке тіке айтатындар да бар, мұндай қасиет дөрекілік болып есептеледі. Онда өзіңізді биік санайтындай көрінесіз де, басқаларды ренжітіп алуыңыз мүмкін. Ал егер ащы сөздің өзін жанашырлықпен жұмсартып айта білсеңіз, өкпе - реніші тарқап, ол сіздің жанашырлығыңызды сезінетін болады.

Әр сөзді нақты әрі махаббатпен айту білу керек. Бізге анамыз ашуланып қанша ащы сөз айтқанымен аналық махаббатының әсерінен біз оған өкпелеп, көңілімізге қатты алмаймыз. Өйткені, ана балаға тек бақыт тілейтінін ол сезінеді. Сол сияқты, айтар сөзімізден мейірім шуағы сезіліп тұруын, басқалардың жүрегін жаралап алмауды ескеруіміз керек сияқты.
Сіз қалай ойлайсыз?
Айтар ойыңыз болса поштаға хат жолдаңыз, немесе пікір қалдыру жолына жазба қалдырыңыз.

Дайындаған: Жадыра

Жетістіктің жүз қадамы: 31 - қадам: сөз Жетістіктің жүз қадамы: 31 - қадам: сөз
Сөз – бұл сіздің аузыңыздан шыққан сөздер. Сөздер сапалы, сапасыз, пайдалы, пайдасыз, мағыналы сөз, бос сөз деп осы сияқты бөлімдерге бөлінеді.
Рухани деңгейдің үш сатысы – сөйлеу мәнерінің үш деңгейі Рухани деңгейдің үш сатысы – сөйлеу мәнерінің үш
Рухани деңгейдің үш сатысы – сөйлеу мәнерінің үш деңгейі. Әр адамның деңгейі әр түрлі. Ежелгі заманда Сократтың өзі «Мен сені танысын десең, әңгіме
Ұқыпты сөйлеу де ұқыптылық Ұқыпты сөйлеу де ұқыптылық
Ертеде бір патша түс көреді. Түсінде барлық тістері түсіп қалыпты. Оны түс жорығышқа жорытады: - Барлық туыс - бауырларыңыз қырылып қалады. Ет
Ақыл туралы мақал - мәтелдер Ақыл туралы мақал - мәтелдер
Айла алтау, ақыл жетеу — айлаға ақыл қосылса, алдырмайтын екеу.
Сұлу бойжеткен жігіт көзімен... Сұлу бойжеткен жігіт көзімен...
Әр бойжеткен өзін сұлумын деп есептегенімен шындығында солай ма, осыған ой жіберіп көрейік?!
Адамдар неге өтірік айтады? Адамдар неге өтірік айтады?
Адам бойындағы жағымсыз қасиеттердің бірі – өтірік айту.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×