ойын сауық отауы
Сұлу бойжеткен жігіт көзімен...
20.12.2022 28 830 0 Дауыл

Сұлу бойжеткен жігіт көзімен...

Мода
Сұлу бойжеткен жігіт көзімен...

Әр бойжеткен өзін сұлумын деп есептегенмен шындығында солай ма, осыған ой жіберіп көрейік?!
Кейде айнаға қарап тұрып, соншалықты сұлу болмасаң да, өзіңнен бір әдемілікті көретінің анық. Айналаңыздағы құрбыларыңыз да мұны растайды «Ой, сен арамызда ең сұлу, ең сүйкімдісің»,- деп. Алайда, ақ боз атты ханзадаңызды күтіп, әлі де кездестіре алмай жүрсіз.

Кейде, көшеде келе жатып әдемі жұпты көресің де тіпті көз ала алмай қарайсың, жігіт сондай көрікті болғанымен қасында қыз ұсқынсыздау көрінуі мүмкін. Өзіңше ойлайсың: «Мына, қыз көрікті жіттің басын қалай айналдырып алды екен?»,- деп.
Ол қызды ұсқынсыз деу қателік себебі, жігіттің көзімен қарасақ, ол әлемдегі ең мінсіз жаратылыс иесі болуы мүмкін.

Міне, сондықтан қыздар қауымы үшін жігіттерге не ұнайтынын білу жұмбақ болып қала бермек.
Әр адамның әйел сұлулығын бағалауда өз өлшемі бар: кейбірі арықтау келген сұлуларды қаласа, кейбірі аяқ-қолы балғадай мығым денелі қыздарды қалайды, тіпті кейбір жігіттер қасында доп - домалақ, томпиған қыздың жүргенін қалайды. Сол сияқты шаштың түсіне де мән берілуі мүмкін, кейбірі қолаң шашты сұлуларды қаласа, кейбірі қоңыр - қызғылт түске боялған, сәнге сай қиылған шаш үлгісіндегі бойжеткенді қалауы мүмкін, кейбірі еуропалық нәсілге тән ақ, сары шашты сұлуларды қалауы мүмкін.
Сізге ұнай ма жоқ па, өз таңдауын жасауда жігіттер қауымы үшін, қыздың түрі мен тұлғасы үнемі бірінші орында.
Адамның сырт келбетіне емес жан сұлулығына яғни ішкі жан дүниесінің сұлу да бай болуына назар аудару керек дегенімізбен биологиялық тұрғыдан алатын болсақ жігіттердің көпшілігі тәттіні жемес бұрын сыртындағы орау қағазына назар аударады екен. Егер сыртқы қағазы ұнайтын болса ғана, ішінде не барына үңілуі мүмкін.
Сырт келбетіңізге қанша назар аударсаңыз жан дүниеңізді де сонша байытып отыруды ұмытпаңыз. Таңдаған жігіт қасында мәңгі қалуы, қалмауы бойжеткеннің жан дүниесінің сұлулығына байланысты болмақ.
Жігіттің назарын баурап алудың құпиясы қандай? Шыныменен жігітті еліктіріп әкететіндей әдемі болуы үшін, аруларға сұлулық туралы жазбалар мен сұлулықты зерттеу жұмыстарын оқу көмектесе алады. Ақылды бойжеткендер мұндай жазбаларды міндеті түрде оқиды және өзіне керектісін алады. Бұл күнделікті ұстанатын қарапайым ережелерден тұрады:

▪ Бірінші ереже – жарасымды киіне білу: барын ұқсата білу
Асыл тас жылтырап тұруы үшін үнемі ысқылап отыруды қажет етеді, әйел сұлулығы да сол секілді, табиғат қанша сұлу жаратқанымен үнемі өз - өзіне көңіл бөліп отыруға тиіс, сонда ғана жылтыры жоғалмайды.
Сіз өзіңізге не жарасатынын білуіңіз керек, олай болмаған жағдайда ол киім брендтік қымбат киім үлгісі болса да, сіздің өңіңізді ашпауы мүмкін. Үстіңіздегі киім бойыңыздағы кемшіліктерді жасырып тұратындай, көркіңізді келтіріп тұратында жарасымды болуы керек.
Кейбір жігіттерге қатал кейіптегі сұлулар ұнаса кей жігіттерге еркін кейіптегі қыздар ұнауы мүмкін енді біреулеріне романтикалық кейіптегі сұлулар ұнауы мүмкін. Қорыта келе, барлық жігіттің қалауы: ерекше әрі ашық - жарқын бойжеткенмен бірге болу. Сондықтан, өзіңізді көптің ішінен ерекше етіп көрсететін жеке стильіңізді қалыптастыра біліңіз.

▪ Екінші ереже – кербез әрі сылқым: Мүсін әрі әдемі жүре білу.
Бұл ережені бірінші етіп қоюға да болатын еді себебі, жігіттердің әдемі қыздар туралы жасаған тізіміне, тізені бүгіп жүретін қыздарды ешқашан кіргізбеген. Үйрек секілді ырғалып жүру ұнайтын болса, онда көрікті жігіттен үміттенбей - ақ қойыңыз, өйткені ондай жүріспен дәл сондай үйрек секілді жігіттің назарына ілігесіз. Нағыз жігіттердің таңдауы өз - өзіне сенімді әрі өзін ханшайым санайтын аруларға түседі. Сондықтан жүру мәнерін өзгертіңіз, денені тік ұстап маңғаз жүре білуіңіз керек. Мұндай қыздар көркем жігіттің назарынан тыс қалмайды.

▪ Үшінші ереже – байқау: көз және жалт еткен жанарыңыз.
Еркектер тек көзбен ғана сүймейді... деген сөзді жиі естиміз алайды, бұл жолы қарама - қайшылық. Арулардың арбап әкететін және бір қаруы отты жанары болып есептеледі. Тартымды көз қарасыңызбен өзіңізге ұнаған жігіттің көңілін аудара аласыз. Арудың жалт еткен жанарына көңіл аудармауы мүмкін емес, сондықтан бұл кеңесімді ескергеніңіз жөн. Жігіттер әдемі көзді аруды, оның тартымды көз тастауын әбден ұнатады.

▪ Төртінші ереже – дыбыс: дауыс және күлкі. Менің таныстарымнан көп еститінім: «Кейде сондай сүйкімді қызды көреміз де, қызығамыз, сөзге тарта бастағаннан ол ұнамай қалады. Оның себебі: қалай сөйлеуінде яғни сөйлеу мәнерінде.
Қыздар қауымына әңгіме - дүкен кезінде сөйлеу мәнеріне көңіл аудару маңызды. Түсініксіз әрі жылдам сөйлеу, айқайлап қатты күлу ең тартымды деген аруларды да жағымсыз етіп көрсетеді. Жай сөйлеу керек екен деп сыбырлап, сөйлеу де дұрыс емес.
Сөйлескенде жай ырғақпен асықпай - саспай, сөздерді анық айтып, екпінді (интонацияны) дұрыс түсіре білу өте маңызды.

▪ Бесінші ереже – хош иіс: әр түрлі хош иісті бірнеше флакон иіссу алып қойыңыз.
Фероменді иіссу әйел адамның табиғи өз иісімен қосылғанда тамаша үйлесімділік табады. Мұндай хош иісті сезген кез-келген жігіт сізге бұрылып қарамауға шамасы келмес.

Өзінің келбетіне дұрыс күтім жасай білген, өзін қалай ұстау керек екенін білетін кез - келген бойжеткен көркем жігіттің назарына ілігеді. Кеңсе де ме, көшеде ме, әлде үйде ме қайда болсаңыз да көрікті көріне біліңіз.

Авторы: Жадыра
Сіз менімен келісесіз бе? Пікір қалдырыңыз, ойыңызбен бөлісіңіз!

Әй, қарындас! Әй, қарындас!
Айтшы қане, Қандай жігіт ұнайды?
Сұлу әйел Сұлу әйел
Баяғыда бір жігіт көпке танымал дана қартқа келіп, оған өзін қинаған бір мәселені айтып шағымданған көрінеді. Сондағы айтпағы мынау екен: "Мен
Бас көзімен қарасаң, нәпсі – жалған Бас көзімен қарасаң, нәпсі – жалған
Бас көзiмен қарасаң, нәпсi – жалған, Бiр сұлу қыз сықылды жұрт таңданған. Анық ақыл көзiмен қарағанда, Өзiн берер қалыңға ол қызды алған.
Сен сұлу Сен сұлу
Бiлем анық: жанға жайлы Май сұлу, Жарқ - жарқ еткен майда найзағай сұлу. Қызықты орман, көңiлдi еркiн кең дала, Күмiс табақ көкте жүзген Ай сұлу.
Ерекше қыз есімдері мағынасымен Ерекше қыз есімдері мағынасымен
НАҒИЗА - иран тілінен — әдемі, сұлу, көркем. НАҒИМА - араб тілінен алынған нагімә — мейірімді, жарқын, инабатты; биязы, нәзік, жұмсақ.
Гауһар...... Гүлшаш Гауһар...... Гүлшаш
Гауһар...... Гүлшаш ГАУҺАР - иран тілінен алынған гауһар — қымбат бағалы тас, маржан, інжу. Түрі - Жаухар. ГАЯНА - грек тілінен — жерге тән, жерден
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×