ойын сауық отауы
Жетістіктің жүз қадамы: 31 - қадам: сөз
25.10.2020 1 223 0 Admin

Жетістіктің жүз қадамы: 31 - қадам: сөз

Жалпы кеңес
Жетістіктің жүз қадамы
31 - қадам: сөз

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.
Өзің білмесең, білгендерден үйрен,
Үйренгеннен ештеңең кетпейді.
Төле би
Сөз – бұл сіздің аузыңыздан шыққан сөздер. Сөздер сапалы, сапасыз, пайдалы, пайдасыз, мағыналы сөз, бос сөз деп осы сияқты бөлімдерге бөлінеді. «Айтылған сөз атылған оқ» немесе «сөз егесін табады» немесе «он күнәнің тоғызы тілден» дегендей осы сияқты айтылғаны бар. Бұл сөздің жай нәрсе емес екендігінде.
Сөз – бұл сіздің қандай адам екеніңізді анықтайтын бірден - бір фактор. Сол үшін де әр сөйлеген сөзіңізге мән беріңіз. Қоғамдық ортада өзіңізді сөзіңізбен тамсандыра білсеңіз, онда бұл жақсы қасиетіңіздің бірі болмақ. Бірақ сөзіңіз ісіңізбен сәйкес келсін. Жақсы шешендерше сөйлеу үшін әрине біліміңізді арттыру қажет. Ол үшін сананы дамытатын кітаптарды оқуды әдетке айналдырыңыз.
Егер сөйлеу мәнеріңіз жақсы болса, сөзіңізбен адамдарды өзіңізге қарата алсаңыз, онда қызметте өсуге пайдасын береді. Бірақ ескертетін жайт: сөзіңіз ісіңізбен сәйкес келсін, әйтпесе ыңғайсыз жағдайға қалуыңыз мүмкін. Бей - берекетсіз сөйлей беретін кейбір адамдар бар. Бұнысы тек өзіне зиянын тигізеді.
Сөз сүйектен өтеді. Сөзбен кез - келген ауызды жабуға да болады. Бірақ адамгершілік қасиетті сақтай білген дұрыс. Дұрысы сөзіңіз қысқа, мағыналы болсын. Сонда беделіңіз де жоғары болады, қателесуіңіз де сирек болады, бастысы – өзіңізге тек пайдасы тиеді.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Жетістіктің жүз қадамы: 34 - қадам: аптасына бір күн демалыңыз. демалысыңызда мотивация мен ендігі аптаға жоспар құрыңыз Жетістіктің жүз қадамы: 34 - қадам: аптасына бір
Күнделікті қайталана беретін жұмыстан шаршайтынымыз анық. Аптасына бір рет өзіңізге, жақсы демалыс арнаңыз. Реті келсе тауға барып қайтыңыз болмаса
Жетістіктің жүз қадамы: 33 - қадам: өзіңізбен бір кіші блокнот алып жүріңіз Жетістіктің жүз қадамы: 33 - қадам: өзіңізбен бір
Ойыңызға келген идеяларды блокнотыңызға жазып қоюды әдетке айналдырыңыз. Күнделікті өмірде біздің ойымызға небір түрлі ойлар келеді. Оның ішінде
Жаңа өмірді қалай бастаймыз? Жаңа өмірді қалай бастаймыз?
Кейде өмірімізде орын алып жатқан жағдайлар бізді күйзеліске ұшыратады. Ол армандардың орындалмауы, үміттің үзілуі, адамдармен түсіністіктің жоғалуы,
Жетістіктің жүз қадамы: жасқаншақтық Жетістіктің жүз қадамы: жасқаншақтық
Жасқаншақтықтан айығудың жақсы бір жолы – көпшілікпен араласу. Жасқаншақтық – бұл адам бойындағы жағымсыз қасиеттің бірі.
Жетістіктің жүз қадамы: 26 - қадам: қорқақтық Жетістіктің жүз қадамы: 26 - қадам: қорқақтық
Әділеттілік пен іс істейтін жағдайға тап болғанда, бұғып қалғанды қорқақтық дейміз. Конфуций
Қазіргі күні біздің сөйлеу мәнеріміз қандай? Қазіргі күні біздің сөйлеу мәнеріміз қандай?
Сөз – ақыл дәрежесінің көрсеткіші. Сөзді – адам ойының аудармасы деуге болады. Қазіргі күні біздің сөйлеу мәнеріміз қандай?
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×