ойын сауық отауы
Адамдар неге өтірік айтады?
16.04.2016 13 395 0 Дауыл

Адамдар неге өтірік айтады?

Бұл қызықты
Адамдар неге өтірік айтады?
Адам бойындағы жағымсыз қасиеттердің бірі – өтірік айту. Өтірік айту – күнделікті өміріміздің бір қағидасына айналып кеткендей. Өтірік – кейбіреудің бойынан сирек кездесетін құбылыс болса, кейбіреулердің екінші болмысы деуге болады. Зерттеушілердің мәліметіне сүйенетін болсақ орта есеппен адам күніне екі рет өтірік айтады екен, сонымен қоса шыншыл адамдардың өзі де жалған ақпарат беруі мүмкін екен. Біз көптеген себептерге байланысты өтірік айтуымызға тура келеді. Дәл кішкентай баланың жылауды, сөйлеуді, жүруді үйренгені секілді, біз де өтірік айтуды осылай үйренеді екенбіз. Бала кезде өтірікті әдетте ата - ананамыздың жазалауынан қорққанымыздан айтады екенбіз де, есейе келе өтірікті жеке басымыздың пайдасы үшін айтатын боламыз.
Адам өтірік айтуды өмірін жеңілдету үшін, басқалармен өзара тіл табысу үшін айтады екен. Адамдардың не үшін өтірік айтатыны туралы түсінік өте көп.

Зигмунд Фрейдтің Ид, Эго және Супер - эго психоаналитикалық тұрғыдағы теориясы бойынша қарайтын болсақ Эго – нақты қағидамен сәйкестікте жұмыс істейтін ақылдың деңгейі. Егер Эго беймаза күйімен күресуге шамасы келмесе, альтернативті жолды жалған іс әрекет ету, өтірік айту арқылы іздей бастайды. Біз шындыққа тура қарауға қорқамыз, сөйтеміз де шындықты жасырып өтірік айтамыз. Бұл жерде Суперего барлығынан ерекше болғысы келеді де өз кемшілігімізді жасыру үшін яғни басқалардың көзіне керемет, мінсіз болып көріну үшін алдаймыз, сонымен қоса – өзімізді де.
Жалған іс әрекетті қорғаныс механизмі деп атауға болады. Алдарқату арқылы кез келген қателікті жасырып, шиеленісті жазуға немесе күйзелістен арылтуға болады.
Кейде өтірік айту арқылы жағымсыз қасиетіміз бен өрескел жүріс - тұрысымызды да ақтап ала аламыз.

Психологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ өтірік айту адамның еркінен тыс орындалады. Егер жалған іс әрекеттің соңы жақсы болып бітсе, өтірік айту әдетке айналуы мүмкін.
Жалған іс әрекет ету – адамның табиғатының бір бөлшегі іспеттес және ол әйелге немесе ер адамға тән деп айтуға келмейді яғни жынысқа бөлінбейді.

Поляк психологы Томаш Витковскидің алдаудың түрлерін жіктеуіне назар салып көрейік:

Адам еркінен тыс жасалатын жалған іс әрекет – жалған қасиеттің бұл түрін байқаусызда жасаймыз. Мысалы, біреуге комплимент айтқанда немесе өзіміздің көңіл күйіміз туралы болмашы сұрақтарға жауап берген кезде және күнделікті шаруа үстінде. Әдептілік ережесін сақтай отырып алдаймыз.

Альтруистік жалған іс әрекет – бұл жалған іс әрекеттің түрін өзге біреудің басына қиындық туып, жанына батарлықтай жағдай болып жатқан уақытта жұбату үшін пайдаланамыз. Бұл жалған қасиеттің түрі өзгенің игілігі үшін жасалады.

Өзімшілдік жалған іс әрекет (эгойстік) – өтіріктің бұл түрі өзін - өзі жоғары бағалайтын жандардың еншісінде. Бұнда өтіріктің әр түрлі формалары қолданылуы мүмкін. Мысалы, өзі сынға ұшырамау үшін басқаларың мақұлдамауынан қашып, өзін ерекше етіп көрсетуге тырысып, жасанды қылық жасайды, немесе жалған сөйлейді.

Манипуляторлық жалған іс әрекет – өтіріктің бұл түрі нақты өз пайдасын ойлайтын жандардың еншісінде. Мысалы, лауазым немесе материалдық игілікті көздей отырып, өзін аянышты етіп көрсету арқылы дегеніне жету.

Бүлдіру мақсатында жасалатын жалған іс әрекет – өтіріктің бұл түрі өте жағымсыз деуге болады, кек алу мақсатында жасалуы да мүмкін. Адамға зиян келтіре отырып алдау - арбау және содан ләззат алу. Мысалы, адамның сыртынан өсек тарату, өтірік айта отырып ақылынан адастыру, материалдық зиян келтіру. Осындай жолмен өш алады.

Жалған сөйлеу, жалған іс әрекет етудің соңы түзетуге келмейтін қателік болуы мүмкін. Алайда, өтірік айту жалған іс әрекет ету өмір сүрудің бір қағидасына айналып бара жатқандай.

Бұл тақырыпта сіздің алып-қосарыңыз болса пікір қалдырыңыз.

Өтірікті анықтау Өтірікті анықтау
Адамзат өтірікті анықтау үшін қаншама аппараттар мен техникалар ойлап тапты: қан қысымын өлшеуіштер, тыныс алудың жиілігін есептегіш, дауыс ырғағының
Өтірік өлең: Жануарлар туралы Өтірік өлең: Жануарлар туралы
Жануарлар бақшаға Жеміс жеуге келіпті. Суда өскен жүзімді, Жылқы мен есек теріпті.
Мақал - мәтел: Шындық Мақал - мәтел: Шындық
Шынымен жыласа, Соқыр көзден жас шығады.
Ұрлық, өтірік туралы мақал - мәтелдер Ұрлық, өтірік туралы мақал - мәтелдер
Ұры байымайды, Сараң семірмейді.
Өтірік Өтірік
Ә дегенге мә десіп, өре тұрып, Бет ауызды соққыға бере отырып, "Құладым деп оқыста" ата - анаға Қорыққаныңнан айтасың бір өтірік!
Ақиқат пен өтірік Ақиқат пен өтірік
Ақиқат пен өтірік - бөлек бесік, Ар - ожданға жүрсек те көмектесіп. Ажыратып болмайсың ақ - қараны, Адамдардың өмірге көп өкпесі.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×