ойын сауық отауы
Ақымаққа айла жоқ, айтқанменен пайда жоқ
25.11.2016 5 750 0 Дауыл

Ақымаққа айла жоқ, айтқанменен пайда жоқ

Мақал-мәтелдер
Ақымақ жауынды күні суға түсер

Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық
(Ы. Алтынсарин).

Ақымақ бастан ақыл шықпас, ақыл шықса да мақұл шықпас.

Азаматқа — парасат, ақылсызға — ағаш ат.

Ақылсыз адам айқай келеді, жан - жағын жайпай келеді.
Ақылды адам жай - жай келеді, жан - жағын байқай келеді.

Ақылсыз адам менмен келер,
Ақылды адам кеңінен келер.

Ақылсыз айтпасаң білмес, ашпасаң көрмес.

Ақылсыз ақылсызды табар.

Ақылсыз атқа мінсе атасын басып кете жаздайды.

Ақылсыз - ашушаң, ашушаң — ақылсыз.

Ақылсыз бас аяққа тыным бермейді,
Ақымақ айғыр саяққа тыным бермейді.

Ақылсыз бастан мақұл сөз шықпас.

Ақылсыз достан мың сақтан,
Ақылсыз дұшпаннан жүз сақтан.

Ақылсыздың белгісі — орынсыз жерде күледі.
(Майлықожа).

Ақылсыз жігіт — ауыздықсыз ат.

Ақылсыз ойын тәтті тұрмысты бұзар.

Ақылсыз сұрақ беріп, ақылды жауап күтпе.

Ақылы аздың азабы көп.

Ақымақ адасқанын білмес.

Ақымақ алдындағы астан үркіп, аштан өледі.

Ақымақ әкіммен жақын болсаң, басың кетеді.

Ақымақ бұзуға бар, түзеуге жоқ.

Ақымақ елші екі елді бұзар.

Ақымақ жауынды күні суға түсер.

Ақымақ жылынса — тон киместей, тойса — нан жеместей.

Ақымақ күлкіге тоймайды,
Жалқау ұйқыға тоймайды.

Ақымаққа айла жоқ, айтқанменен пайда жоқ.

Ақымаққа айтқан сөз ағып жатқан сумен тең.

Ақылдыға айтқан сөз қолға ұстаған тумен тең.
Ақымаққа айтқан сөз далаға атқан оқпен тең.

Ақымаққа арнап заң жазылмас.

Ақымақпен астаспа,
Ақылдымен қастаспа.

Ақымақпен ас ішкенше ақылдымен тас көтер.

Ақымақта ар болмас.

Ақымақтан арқан бойы алыс жүр,
Тұрлаусыздан тұсау бойы алыс жүр.

Ақымақ тойынса туысын танымайды,
Ақылды тойынса тобасынан жаңылмайды.

Ақымақтық аңқаулықпен дос,
Жаңғалақтық жалқаулықпен дос.

Ақымақтың айтқаны келмейді, сандырағы келеді.

Ақымақтың ақылы білегінде,
Ақылдының ақылы жүрегінде.

Ақымақтың ақылы түстен кейін кіреді.
Ырысы қайтқанның иті ұры кеткен соң үреді.

Ақымақтың ақырына бақ.

Ақымақтың ала - құласы болмайды.

Ақымақтың алды - арты жоқ.

Ақымақтың атқан оғы жауға тимейді, тауға тиеді.

Ақымақтың жетпіс қателігін кешіруге болса да,
Ақылдының бір қателігін кешіруге болмайды.

Ақымақтың сөзі ақау татыр.

Ақылсыз басшы елді бүлдіреді, ақылсыз әйел үйді бүлдіреді Ақылсыз басшы елді бүлдіреді, ақылсыз әйел үйді
Үйдегі алтын қазық кім? - депті қарт. - Ата, үйдегі алтын қазық ер жігіт, - депті немересі. Жоқ балам, үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса,
Мақал – мәтелдер – Адам туралы Мақал – мәтелдер – Адам туралы
Адам құлақтан азады, Қаңқудан тозады.
Ақыл, сабырлық туралы мақал Ақыл, сабырлық туралы мақал
Ақыл туралы мақал мәтелдер
Ақымақ, ақылсыз туралы мақал - мәтелдер Ақымақ, ақылсыз туралы мақал - мәтелдер
Ақымақ жауынды күні суға түсер
Әй, достарым Әй, достарым
Әй, достарым, жігіттерім, Болмасқа болушы болма! Қолыңнан келсе қыл қайыр, Кісіден алушы болма.
Ақымақтық туралы Ақымақтық туралы
Ақымақтың тілі ұзын келеді. (Аристофан)
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×