Ойын сауық отауы
загрузка...


Еш нәрсеге, ешкімге алаңдамай

Фариза Оңғарсынова өлеңі

Еш нәрсеге, ешкімге алаңдамай
жүруші едім, кезіктім саған қалай?
Қалай таптың сен мені, бұл әлемде
жол сілтеген кім саған маған қарай?
Сені итерген мен жаққа не күш кенет,
(ойлап қалдым зымиян келіс пе деп)
түсіңе аян берді ме әлде саған
ертегілер елінен періште кеп?
Мен жайлы айтқан кім екен: бұлақ па екен,
мұңымды айтып кейде оған жылап кетем,
сыбырлаған самал ма сайда жүр деп
жетім көңіл, жаны дерт бір ақ бөкен?
Түсті ме әлде Күн көзі жанарыңа,
жанарыңмен мен жаққа қарады ма?
Ұйықтап жатқан шағыңда саусағыммен
Айдың нұры шашыңды тарады ма?
Қалай таптың, білмедім. Ісім де жоқ.
Алаулады тұншыққан ішімдегі от.
Жанарыңнан қаймықтым, сосын сені
көретінді шығардым түсімде көп.
Талай жанмен - әрқайсысы жеке жарық -
жолықтырып мені өмір өтер ағып.
Бұл кездесу, білгенім, еркімізден
тыс күштердің бұйрығы екені анық.
Материал рейтингісі:
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Пікір білдіру
* = міндетті түрде толтырылуы тиіс
Жартылай қою Қисық мәтін Асты сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жағына қою Ортасына Оң жағына қою | Смайликтер қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Түсті таңдау | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерациядан кирилицаға ауыстыру Спойлер қою
Қауіпсіздік коды :

Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
код көрінбесе қайта басыңыз


Үздік мақалалар
Білімділер жаңалықтары
  • Қолөнерден сыр ұққан шебер қыздар

    Оқушылардың эстетикалық талғамын ұштау, өнерге ынтасын дамыту, шапшаңдыққа, талғампаздыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
  • Жазық фигуралардың модельдерінен және бөліктерінен композиция құрастыру

    Өздеріне таныс жазық және кеңістік фигураларды атайды, ажыратады. Жазық фигуралардан әртүрлі заттар мен композициялар құрайды.
  • Қыс қызығы

    Балалардың спорт туралы білімдерін кеңейту, қызығушылығын арттыру, достыққа баулу. Ата – аналардың балабақшамен тығыз байланысын дұрыс жолға қою және ойындарға ата – аналар белсене қатысып нәтижелі ...
  • Денсаулық фестивалі

    Қызметкерлердің салауатты өмір салтына өз үлестерін қосуға үндеу, қызығушылықтарын арттыру, ауызбіршілікке, біріккен іс әрекетке баулу.
  • Мықты отбасы – мықты мемлекет

    Ата - ананың бала тәрбиесіндегі қарым - қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата - аналардың білімдерін көтеруге көмектесу және балабақшамен тығыз байланысын арттыру. Балалармен бірге ...
  • Ертегілер әлемінде

    «Бауырсақ» ертегісі желісі арқылы баланың оқу іс - әрекетіне деген қызығушылықтарын оятып, сахналау шеберлігін арттыру. Қиялын, тіл байлығын ойлау қабілетін дамыту. Саусақ моторикасын дамыту.
  • Біз бір-бірімізді түсінеміз бе? Ата – аналармен тренинг

    Баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата - ана тәрбиесінің әдіс тәсілдерін жетілдіре отырып қарым – қатынас орнату.
  • «Smart Student» зияткерлік ойыны

    Ойын сабақтары арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін, пәнге деген қызығушылығын арттыру, зияткерлік қабілетін дамыту, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға болады. Сондай - ақ бұндай ойындар ...
  • Асқорыту мүшелерінің қызметі. Ауыз қуысында астың қорытылуы. Сілекейдің құрамы, қасиеті, зерттеу жолдары

    Оқушыларға ас қорытудың маңызын ұғындыру. Ауыз қуысының құрылысы, шайнау әрекеті, тістің құрылысы, сілекей бездері және тілдің құрылысы, олардың атқаратын қызметтерін түсіндіру.
  • Жақсы көңіл-күй – жан шуағы

    Ұжымдағы қызметкерлердің көңіл - күйлерін көтеру, ұжымда сыйластық қарым - қатынас орнату, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өздеріне құрметпен қарауға, жаңашылдық пен ізденімпаздыққа баулу.
загрузка...

Өз пікіріңді білдір
Қандай мақалаларды көбірек енгізген жөн?
Сайтта кім бар
Барлығы: 15
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 15
Роботтар: 1
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика