ойын сауық отауы
Жақсы көру
01.03.2016 4 749 0 Дауыл

Жақсы көру

Өлеңдер
Фариза Оңғарсынова өлеңі

Өмірің таңдай болса арайлаған,
қатыгез қараулыққа жолай ма адам?
Біреуді жақсы көрген қандай жақсы -
нұрланып кетеді екен бар айналаң!
Қайырмасы:
Жақсы көру, жақсы көру,
не деген керемет ең!
Өмірді сезінуге,
қуанып қөз ілуге
адамға жақсы көру керек екен.
Дидарың аумайды екен жарық күннен,
ғашық боп қалғанымды жаңа ұқтым мен.
Келбетің көз алдымда, ойымда сен,
өзіңді жақсы көріп қалыппын мен.
Қайырмасы.
Ешкімге содан бері алаңдамай,
жүрегім жанарыңа қамалғаны - ай!
Ғажайып күй кештірген сезім - сәуле
өзімді жетелейді саған қарай.
Қайырмасы.

Сержанәлі Әлібек - Мен сені жақсы көремін Сержанәлі Әлібек - Мен сені жақсы көремін
Көздеріңнен аққан жасты көрем, Алдымда жұбатқан досты көрем, Сен мені жаным ұмыттың ба? Мен сені жаным жақсы көрем...
Баланың бақытына жауапты кім? Баланың бақытына жауапты кім?
Мейірімді жүрек баланың жүрегіне жол табады. Әр баланың өз несібесі мен ырыздығы болады. Баланы жақсы көру мейіріммен тәрбиелеу әр ананың қолынан
Қуандык Рахым - Лаула Қуандык Рахым - Лаула
Қуандык Рахымның жаңа әніне бейнебаян.
Еш нәрсеге, ешкімге алаңдамай Еш нәрсеге, ешкімге алаңдамай
Еш нәрсеге, ешкімге алаңдамай жүруші едім, кезіктім саған қалай? Қалай таптың сен мені, бұл әлемде жол сілтеген кім саған маған қарай?
Бір сезім жанарыңда елжіреген Бір сезім жанарыңда елжіреген
Бір сезім жанарыңда елжіреген жанымды тұңғыш рет дір еткізді. Басармын сол дірілді енді немен бір арман кернегендей жүректі ізгі.
Azaliya - Өзіңмен бірге Azaliya - Өзіңмен бірге
Azaliya Өзіңмен бірге
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×