ойын сауық отауы
Жан жарымды бір сүйейін түсімде
02.06.2016 2 597 0 Дауыл

Жан жарымды бір сүйейін түсімде

Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев

Тұтқын болып, тысқа шығып жүре алмай,
Зарықтым ғой, жан жарымды көре алмай,
Осы күнде алтын сәулем нағып жүр,
Қандай күйде, қайда екенін біле алмай.
Ойлай ма екен тұтқын жарын түн, күндіз?
Жүрек - жара, жасты ма екен қара көз?
Шашын жайып, түн ұйқысын төрт бөліп,
Тілей ме екен: «Жолықтыр,- деп,- Тәңірі,-
Зарлағаным кетті ме әлде далаға,
«Жар» дегенім әлде жапқан жала ма?
Ойыны - ойын, баяғыдай күлкісі,
Мені есіне еріккенде ала ма?!
Қиын боп тұр көзім жасын тыюым,
Қажытты ғой күндіз-түні күюім.
Оның қалай ойлауында ісім жоқ,
Бұрынғыдан мың есе артты сүюім.
Айрылам деп алып па едім есіме,
Амал қанша әзелдегі кесімге?!
Тәңірі ием, ұйқы берші тезірек,
Жан жарымды бір сүйейін түсімде!

Күйзелу Күйзелу
Көңіл - күйде тыншу жоқ: әлденені аңсай ма, жабыға ма, өрт кешкендей тынысым тарыла ма, әлде дауыл тілеген теңіз сынды бір бұрқаныс сәттерді сағына
Еш нәрсеге, ешкімге алаңдамай Еш нәрсеге, ешкімге алаңдамай
Еш нәрсеге, ешкімге алаңдамай жүруші едім, кезіктім саған қалай? Қалай таптың сен мені, бұл әлемде жол сілтеген кім саған маған қарай?
Сағындым Сағындым
Абақтыда айдан, күннен жаңылдым, Сарғайдым ғой, сар даламды сағындым. «Қарашығым, құлыным!» деп зарлаған Алыстағы сорлы анамды сағындым.
Орамал Орамал
Қасірет батты жаныма, Уға толды жас жүрек. Орамалды жарыма Бітірем қашан кестелеп...
Жылқышының үйінде Жылқышының үйінде
- Түн түнерді, ұйықтады ауыл, Сорлы, бейбақ, атаң қайда?.. - Боран мынау, туды дауыл, Апатайым, атам қайда?..
Ботамды көрдім түсімде Ботамды көрдім түсімде
Ботамды көрдім түсімде Қырмызы моншақ тағынған. Ботамды көрдім түсімде Атасын боздап сағынған.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×