ойын сауық отауы
Анамен қоштасу
01.02.2016 2 977 0 Дауыл

Анамен қоштасу

Өлеңдер
Фариза Оңғарсынова өлеңі

Анамен қоштасу
Анажан, егілме сен, елжіреме,
жас құсың қанат қақты енді міне.
Аттасам алыстағы қиырларға,
жүр екен әлде неғып деп жүдеме.
Мен болып қуанышың, жанған бағың,
жүресің жоқтай саған жалғанда мұң.
Қарағым қашан жігіт болады деп,
өзгенің ұлын көріп армандадың.
Сездірмей өтеді екен жыл ағысын,
талдырмаш жігіт болды бұла мүсін.
Еленбей самайда шық, отырасың
жанардың жайып салып қуанышын.
Сүймедің, жылап келсем жаттан ығып,
айтпадың жақсы бол деп ақтарылып.
Бірақ мен сенің барлық жан - күйіңді
өстім ғой жанарыңнан жаттап ұғып.
Тау асып шапқылаған бұлақтардай,
мені арман шақырады жырақ, шалғай.
Сен мені күліп тұрып шығарып сал,
күйзеліп өз - өзіңнен, жылап қалмай.
Болса деп бір азамат ақтар үміт,
тырыстың өсіруге ел мақтаны ғып.
"Ұлдары жасық болса, қыр анасы
намыстан алады, - деуші ең, - жақтан ұрып".
Туғанда мынау жастық шақтар күліп,
құнысып бишарадай жатпан бұғып.
Өмірдің шатқалына жеке тарттым,
қатерден өзің күткен сақтар да үміт.
Жаныма сеніміңді серік қыл да,
сал мені жабырқамай аттандырып!

Шілдехана Шілдехана
Басталыпты өмірдің көші, міне, Бөлейікші бөбекті бесігіне. Салт - дәстүрін ұлтының біліп өссін, Жігіт болсын лайықты есіміне.
Мен сені жүретінмін мақтан көріп Мен сені жүретінмін мақтан көріп
Мен сені жүретінмін мақтан көріп, қызғыш боп, өсек айтқан жаттан қорып. Өзгеше жұрттан бөлек жан дейтінмін, жоқтай бір көлеңкесі таң кейпіңнің.
Сен менің жанарыма жас тұндырып Сен менің жанарыма жас тұндырып
Сен менің жанарыма жас тұндырып, өзгеге көңіл кілтін аштың күлігі. Ошаққа отырғызып кетті мені әне бір ұзын бойлы ақсұр жігіт.
Көңілің ауасындай тымық қырдың, бәрін де ұғып тұрдым Көңілің ауасындай тымық қырдың, бәрін де ұғып
бәрін де ұғып тұрдым. Жанарымнан от - ұшқын шашылғанмен, жанымда тұнып тұр мұң - сен мені ұмыт, құрбым.
Еш нәрсеге, ешкімге алаңдамай Еш нәрсеге, ешкімге алаңдамай
Еш нәрсеге, ешкімге алаңдамай жүруші едім, кезіктім саған қалай? Қалай таптың сен мені, бұл әлемде жол сілтеген кім саған маған қарай?
Алғашқы махаббатқа хат Алғашқы махаббатқа хат
Бір үмітке бір үміт жалғадым, Көп - ақ екен бергенімнен алғаным. Заңғар көкке самғағаным не керек, Саған ұшып бармаған соң, арманым.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×