ойын сауық отауы
Біреулерді мерт қылып аламын деп
09.06.2016 2 360 0 Дауыл

Біреулерді мерт қылып аламын деп

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев (1931 - 1976)

Біреулерді мерт қылып аламын деп,
Ашуыма ауыздық саламын кеп.
Тентек іні бетіме тік қараса,
Жасқанамын жандай - ақ залалым көп.
Бағамын деп әркімнің қас - қабағын,
Балам қабақ шытса да жасқанамын.
Сәлемімді біреулер алмай кетсе,
Екі иығым салбырап, пәс қаламын.
Досым өтсе алдымнан қырын қарап,
Боз торғайым кеудемде шырылдамақ.
Естігісі келмейді бәтшағардың,
Қорғасынмен құлағын тығындап ап.
Қайсыбіреу қарайды айдаһарша,
Түрпайы әзіл, түрпі сөз - қайда барсам.
Қайтер еді, ожардың шарығына,
Ашуымды қайтадан қайрап алсам?!

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Әке сөзі Әке сөзі
Бұл дүние не боп кетті? He боп кетті? Ой! Балам!.. Қызығым - ау, бұзығым - ау, Отқа түсіп, ойнаған.
Реніш Реніш
Әй, балам - ай! Шамалы - ау түсінігің, Қандай болар, білмеймін, кісілігің... Жаңа ғана қайтқандай жерлеп мені, Жауар күндей қабағын түсіруін!
Отыздан асып барамын Отыздан асып барамын
Сұқтанып тұрып жанарың, Сұрыма неге қарадың? Солай да, солай, қарағым, Отыздан асып барамын.
Күн бүгін күңіреніп Күн бүгін күңіреніп
Күн бүгін тұрып алды күреңітіп, Шіркіннің ашылмайды реңі түк. ... Күреңіткен ауылдың сырт жағында, Мені де отыр ма екен біреу күтіп.
Айтатын саған сырым бұл Айтатын саған сырым бұл
Айтатын саған сырым бұл, Ертеңім менің бұлыңғыр. Әлсіреп, дымым құрып жүр. Адасып менен кеткен бе?
Егер де айта алмасам айтарымды Егер де айта алмасам айтарымды
Егер де айта алмасам айтарымды, Алжыдым, ақылымды сайтан ұрды. Қынына қылышымды салам онда, Ақ жүзі алмасымның қайтарылды.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×