ойын сауық отауы
Айтатын саған сырым бұл
04.05.2016 3 606 0 Дауыл

Айтатын саған сырым бұл

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Айтатын саған сырым бұл,
Ертеңім менің бұлыңғыр.
Әлсіреп, дымым құрып жүр.
Адасып менен кеткен бе?
Айналайын құлын - жыр.
Айтатын саған сырым бұл,
Бастаудың мұздай суымен
Мерт бола кетсем жуындыр.
Өртенген жанды суындыр.
Ерте келіп, ерте өліп,
Шарамды таусып, төңкеріп,
Кетем бе деп қорқамын,
Өз отыма өртеніп.
Бұлақтың мұздай суымен
Жуындыр мені, жуындыр.
Қауышып жаным жырыммен,
Алайын сосын тыным бір...

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Қасыңда жүрсем Қасыңда жүрсем
Қасыңда жүрсем, Қадірім саған жоқ екен. Қасыңнан кетсем, Адамның нағыз қоры екем.
Қазақстан Қазақстан
Жақсы аттанды демессің сүйем десем, Табынатын тәңірім, ием де - сен. Адам болып күн кешу қиын маған. Арқа тұтып, өзіңе сүйенбесем.
Сен үшін Сен үшін
Біреулермен жалғастырып жең ұшын, Жасап жүрсем жаным сүймес келісім, Барлығы да Поэзия, сен үшін Сырласым - ау, Сырымды ұқсын кім менің, Кімге керек
Пушкинмен қоштасу Пушкинмен қоштасу
Ал енді қоштасайық, сардар аға. Мен ертең кетем ұшып сардалама, Қыранның қырандығы - кең далада, Қыранның қырандығы - тауда ғана.
Дариға, домбырамды берші маған Дариға, домбырамды берші маған
Дариға, домбырамды берші маған, "Жаныма келші, жарым, келші балам! Бейуақ, іңірдегі көңіліме, Күй болып, күңіреиіп енші, далам.
He айтам саған, жаным - ай He айтам саған, жаным - ай
He айтам саған, жаным - ай, не айтам саған Кете бердім жолменен шайтан салған. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ». Қиын екен қосылып, қайта аңсаған.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×