ойын сауық отауы
Реніш
11.05.2016 4 247 0 Дауыл

Реніш

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Әй, балам - ай!
Шамалы - ау түсінігің,
Қандай болар, білмеймін, кісілігің...
Жаңа ғана қайтқандай жерлеп мені,
Жауар күндей қабағын түсіруін!
Әй, балам - ай, шамалы - ау түсінігің!..
... Жоқ, балақай!
Мен сендей боп өспедім!
Мына мінез - мінезім емес менің.
Адамдардан рахым алу үшін,
He көрмедім, өмірде не кешпедім?!
Аяры жоқ адуын жауыздықтан,
Алып шықтым арымды тамыздықтан.
Амалым не, жастықтың кер тұлпарын,
Тасқа қамап тастадым ауыздықтап.
Қиып түсер, қыршын ем, алмасы көп,
Қидым бәрін сен өксіп қалмасын деп.
Мінезің - ай, балам - ай, мінезің - ай!
Кетпегей - ді мерт етіп, жарға сүйреп...

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Әке сөзі Әке сөзі
Бұл дүние не боп кетті? He боп кетті? Ой! Балам!.. Қызығым - ау, бұзығым - ау, Отқа түсіп, ойнаған.
Сағыныш Сағыныш
Шолпанға Шолпапым - жырым, ақ балам, Балапаным, баща оран! Автор Мәскеуде, Күз, қарда мынау, Өзіңдей қыздар да жүр - ау.
Бақыт деген Бақыт деген
«Мұғалима бізге бақыт туралы шығарма жаздырды. Бақыт деген не екенін мен қайдан білейін...» Бақыт деген - сенің бала күндерің
Ауыздықтап тұра алсын арманды кім Ауыздықтап тұра алсын арманды кім
Ауыздықтап тұра алсын арманды кім, Жай таптырмас жаныңа жалған бүгін. Байыздамай өмірден біз де өтерміз, Болашаққа қалдырып қалған жүгін.
Аттанғанда Аттанғанда
Қош! Деп қанат қағады құстар маған. Қош! Деп мені құшақтап, құшқан далам. Аманаттап біреуге жатыр мені: - Аманат - деп,- ұямнан ұшқан балам.
Біреулерді мерт қылып аламын деп Біреулерді мерт қылып аламын деп
Біреулерді мерт қылып аламын деп, Ашуыма ауыздық саламын кеп. Тентек іні бетіме тік қараса, Жасқанамын жандай - ақ залалым көп.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×