ойын сауық отауы
Отыздан асып барамын
10.05.2016 5 160 0 Дауыл

Отыздан асып барамын

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Сұқтанып тұрып жанарың,
Сұрыма неге қарадың?
Солай да, солай, қарағым,
Отыздан асып барамын.
Шашымның санап әр ағын,
Таңырқай берме, қарағым.
Санаулы басқан әр адым,
Отыздан асып барамын.
Белгісі тұр ма ағаның,
Бетіме неге қарадың?
Бақытым тілеп баланың,
Отыздан асып барамын.
Қуанып кейде қаламын,
Қуарып кейде қаламын.
Аттанған ата - ананың
Артынан қуып барамын.
Әзілің қайда, қарағым,
Әжімге несін қарадың?
Артымда қалып аларым,
Отыздан асып барамын.
Солай да, солай, қарағым,
Көңілдің таппай қалауын.
Жастықтың жықпай жалауын,
Отыздан асып барамын.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Жылдан жылға сиреуде достарым да Жылдан жылға сиреуде достарым да
Жылдан жылға сиреуде достарым да, жаным жиі көмілер тоспа мұңға. Жалғыз едім, барамын жартыланып, бір өшеді, бір жанып от жанымда.
Қоштасарда Қоштасарда
Қоштасу кезі келгенде жаутаңдап маған қарадың. "Жүрмейсің бірге сен неге?" Дегендей болды жанарың.
Қызыма Қызыма
Қарағым! Мен тағы үйлену тойыңа барамын. Мен бүгін тағы да Өзіңнен адасып қаламын, Қарағым! Шараптың уы ұрып қаныма, Отырам Бейтаныс біреудің жанына.
Мүйісте Мүйісте
Селк етіп, секем алып қарадың - ау, Қай таудың киігі едің, қарағым - ау!? Төбеңде шыр айналып бала қыран, Мүйісте мергені бар қала мынау.
Көшеде Көшеде
Мен жолымды берейін, өт қарағым, Несін күттің, несіне көп қарадың? Анасының бергенін саған берген, Аруағынан айналдым текті Ананың!
Жырлар жазам Жырлар жазам
Жырлар жазам, Алайда ол кімге керек?! Жанға шипа іздеймін, тілге дерек. Мәжнүн болып барамын күннен - күнге, Сау жандардан саяқсып, жүрген ерек.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×