ойын сауық отауы
Қуырылған ет пен қияр салаты (Огурцы с мясом)
24.12.2016 7 571 0 Дауыл

Қуырылған ет пен қияр салаты (Огурцы с мясом)

Ас дайындау
Қуырылған ет пен қияр салаты (Огурцы с мясом)
Қияр – 5 - 6 бас
Сиыр еті – 400 гр
Пияз – 3 - 4
Сарымсақ – 5 - 6 түйір
Ащы болгар бұрышы – 1 бас
Сұйық май (етті қуыру үшін) – қалауыңызша
Қара бұрыш, кинза, тұз, дәмдеуіштер – қалауыңызша
Соя соусы – 3 - 4 ас қасық
Сірке қышқылы (уксус) – 1 шай қасық


Қиярды жуып тазалап алған соң, ортасынан екіге бөліп, ұзынынан тағы 2 - 3 - ке бөліңіз. Ұзынша ірі етіп турау керек. Тұз сеуіп араластырып қойыңыз.
Етті де ұзынша етіп турау керек, жұқа жіңішке етіп тураған жөн. Еттің үстіне дәмдеуіштерді сеуіп, тұздап 3 - 4 қасық сұйық май құйып араластырып, 10 - 15 минутқа қалдырыңыз.
Пиязды турағанда әдеттегідей емес, басынан түбіне қарай ұзынша етіп тураңыз. Бұл салатқа солай турау дұрыс болады.
Ащы болгар бұрышын ұзынша етіп тураңыз, ішіндегі ұрығын алып тастау қажет, өйткені қатты ащы болып кетеді.
Сарымсақты да жұқалап тураңыз.

Табаға етті салып қуырыңыз, піскен соң түсіріп алыңыз. Артынан аздап май құйып пиязды қуырыңыз. Пиязды бөлек ыдысқа түсіріп алыңыз, артынан сарымсақ пен ащы бұрыш екеуін бірге қуырыңыз.
Қиярдың сөлін сығып тастаңыз. Үлкен ыдысқа салып барлығын араластыру керек. Қияр, ет, пияз, ащы бұрыш пен сарымсақ, соя соусы, сірке қышқылы. Салатты 30 минутқа қалдырыңыз.
Асыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Асыл

Қияр салаты (қысты күнге сақтау үшін дайындалады) Қияр салаты (қысты күнге сақтау үшін дайындалады)
Көкөністердің бәрін жуып тазалап алыңыз. Қызанақ, болгар бұрыш, сарымсақты майдалап езу керек.
Картоп пен ірімшік салаты (Салат диер) Картоп пен ірімшік салаты (Салат диер)
Бұл салатты дайындау үшін жұмыртқаны қайнатып пісіріп алу керек, картопты майға қуырып алу керек (картошка фри).
Шұжық пен қырыққабат салаты Шұжық пен қырыққабат салаты
Қырыққабатты майдалап тураңыз аздап тұз сеуіп араластырыңыз. Етті немесе шұжықты ұзынша етіп тураңыз, аскөк пен петрушканы да майдалап тураңыз.
Фунчоза салат рецепті Фунчоза салат рецепті
Етті ұзынша етіп тураңыз. Етті піскенге дейін қуырып аламыз.
Күрішпен еттен жасалған тағам, Ганфан. Күрішпен еттен жасалған тағам, Ганфан.
Күріш – 200 гр Ет – 150 - 200 гр Пияз – 1 бас Болгар бұрышы – 2 бас (қызыл, көк)
Лечо салаты Лечо салаты
Ең алдымен көкөністерді жуып тазалап алыңыз. Қызанақтан сок дайындап алыңыз. Сәбізді ұзынша етіп теркадан өткізіңіз, пиязды, бұрышты ірі төртбұрыш
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×