ойын сауық отауы
Күрішпен еттен жасалған тағам, Ганфан.
12.10.2016 7 124 0 Дауыл

Күрішпен еттен жасалған тағам, Ганфан.

Ас дайындау
Ганфан ұйғыр халқының тағамы болып есептеледі.
Күріш – 200 гр
Ет – 150 - 200 гр
Пияз – 1 бас
Болгар бұрышы – 2 бас (түрлі-түсті қызыл, көк)
Сарымсақ – 1 - 2 түйір
Майонез – 1 - 2 ас қасық
Томат – 1 шай қасық
Зира – (қалауыңызша)
Дәмдеуіштер етке арналған (приправа) – дәміне қарай
Тұз – дәміне қарай


Күрішін пісіру
▪ Күрішті тазалап, жуып алыңыз.
▪ Табаға 2 ас қасық майды құйып күрішті 3 - 4 минуттай майға араластырып қуырыңыз.
▪ Шай қасықтың ұшымен аз ғана тұз салып, үстінен су құйыңыз. Су күріштен 1 см асып тұруы керек, шамамен бір елідей.
▪ Қайнап шыққан соң отты басып қойыңыз, жай отта 20 минуттай тұрып, пісуі қажет.

Етті пісіру
Жаңа сойылған, жұмсақ сиыр еті болғаны дұрыс.
▪ Етті жуып алған соң, жұқалап жапырақтап тураңыз.
▪ Майонез бен томатты, дәмдеуіштерді майдалап туралған сарымсақты араластырыңыз.
▪ Майонез бен томаттан дайындалған қоймалжыңды етпен араластырып 10 - 15 минутқа қалдырыңыз.
▪ Пияз бен бұрышты төртбұрышты етіп тураңыз.
▪ Табаға майды құйып етті қуырыңыз, отты орташа етіп қойыңыз. Ет қызарып, жақсылап қуырылып болғаннан кейін үстіне 50 - 70 грамдай су құйып астын жай басып қойып 15 минуттай пісіріңіз. Ең соңынан пияз бен бұрышты салып тағы да 7 - 10 минуттай пісіріңіз.
▪ Дайын болған күріштің үстіне қуырылған етті салып ұсыныңыз.

Оңай әрі дәмді голубцы (Ленивый голубцы) Оңай әрі дәмді голубцы (Ленивый голубцы)
Оңай әрі дәмді голубцы (Ленивый голубцы) Күрішті жуып алыңыз, қайнап тұрған ыстық су құйып 5-7 минутқа қалдырыңыз. Фаршты үлкендеу ыдысқа салыңыз,
Тартылған ет пен күріштен жасалған сорпа (Суп с фрикадельками) Тартылған ет пен күріштен жасалған сорпа (Суп с
Картопты, сәбізді, қабығынан ажыратып, тазалап жуып алыңыз. Картопты сорпаға турағандай төртбұрышты етіп тураңыз, сәбізді дөңгелектеп жұқалап тураңыз.
Қуырылған ет пен қияр салаты (Огурцы с мясом) Қуырылған ет пен қияр салаты (Огурцы с мясом)
Қиярды жуып тазалап алған соң, ортасынан екіге бөліп, ұзынынан тағы 2 - 3 - ке бөліңіз. Ұзынша ірі етіп турау керек. Тұз сеуіп араластырып қойыңыз.
Тауық етін пеште пісіру Тауық етін пеште пісіру
Тауықтың екі сан етін жуып алған соң кептіріп 6-7 бөліктерге бөліп алыңыз. Қалауыңызша тұз сеуіп қойыңыз.
Фаршталған бұрыш (фаршированный перец) Фаршталған бұрыш (фаршированный перец)
Алдымен бұрышты жуып тазалап түп жағын кесіп, ішін тазалап алыңыз.
Лечо салаты Лечо салаты
Ең алдымен көкөністерді жуып тазалап алыңыз. Қызанақтан сок дайындап алыңыз. Сәбізді ұзынша етіп теркадан өткізіңіз, пиязды, бұрышты ірі төртбұрыш
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×