ойын сауық отауы
Картоп пен ірімшік салаты (Салат диер)
28.11.2016 3 701 0 Дауыл

Картоп пен ірімшік салаты (Салат диер)

Ас дайындау
Картоп пен ірімшік салаты (Салат диер)
Картоп – 3 - 4 бас
Ірімшік (қатты сыр) – 100 гр
Жұмыртқа – 4 бас
Қияр – 1 бас
Майонез – қалауыңызша
Тұз – қалауыңызша
Қара бұрыш – қалауыңызша


Бұл салатты дайындау үшін жұмыртқаны қайнатып пісіріп алу керек, картопты майға қуырып алу керек (картошка фри).
Шикі картопты қабығынан тазартып, жуып ұзынша етіп майдалап тураңыз (сәбіз салатқа арналған үккіштен өткізуге болады). Табаға май құйып туралған картопты аз - аздан салып қуырып алу керек.
Картопты қуырып алған соң үстіне тұз, қара бұрыш сеуіп қойыңыз.
Піскен жұмыртқаны ұзынша етіп тураңыз, ірімшікті майда үккіштен өткізіңіз, қиярды да үккіштен өткізуге болады.
Барлық өнімді турап, қуырып дайындап алған соң, үлкен тәрелкеге қабат - қабат етіп салып шығу керек.
Ең алдымен қуырылған картоптың жартысын үлкен, жайпақ тәрелкеге салыңыз, үстіне қиярды салыңыз, үстіне жұмыртқаны салыңыз, үстіне майонезді жағыңыз, бетіне ірімшікті салыңыз. Дәл алдындағыдай қайталап үстіне қуырылған картоптың жартысын салыңыз, үстіне қиярды, оның үстіне жұмыртқаны салып, майонез жағып ең бетіне ірімшікті саласыз. Ең бетіне сәндік үшін аздап көп пияз немесе аскөк сеуіп, жұқа етіп кесіп қызанақтың бір-екі тілігін қоюға болады.
Салат дайын, асыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Жадыра

Картоп қосылған варениктер Картоп қосылған варениктер
Картопты қайнатып пісіріп алу қажет. Қабығынан тазалап езбе дайындаңыз.
Оңай әрі қарапайым салат Оңай әрі қарапайым салат
Бұл салатты өте оңай деуге болады. Жұмыртқаны ғана қайнатып пісіріп алу қажет. Алайда сәнді болуы үшін арнайы форманың ішінде қабаттап салып шықса
Қара өрік қосылған салат (Салат с черносливом) Қара өрік қосылған салат (Салат с черносливом)
Тауық етін тұз, дәмдеуіштер қосып қайнатып пісіріп алу қажет. Тауық етін суыған соң ұзынша етіп тураңыз.
Алма қосылған салат (Салат Черепаха) Алма қосылған салат (Салат Черепаха)
Алманы жуып тазалап қабығын аршып алып тастап, ұзынша етіп турап майонезбен араластырып қойыңыз.
Қызылша мен балық салаты Қызылша мен балық салаты
Ең алдымен қызылша, картоп, сәбіз, жұмыртқаны қайнатып пісіріп алу керек.
Тауық етінен жасалған салат. Нежность Тауық етінен жасалған салат. Нежность
шұңғыл тәрелкеге ірімшікті бір қатар салып шығыңыз;
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×