Білімділер поралы

Өнеге отбасынан

Сабақтың тақырыбы: Өнеге отбасынан
Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі отбасының ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Мектеп, ұстаз, ата - ана бірлігін нығайту. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қанатты сөздер «Бала тәрбиесі — бесіктен»
«Ата – бәйтерек, бала - жапырағы», карточкалар, слайдтарды қолдану.
Түрі: викториналық сұрақтар, жағдаятты шешу

І. Ұйымдастыру.
II. Викториналық сұрақтар.
III. «Бақытты отбасы» суреті.
IV. Тығырықтан шығу.
V. «Сөз тапқанға - қолқа жоқ».
VI. Бейнематериал көрсету.
VІІ. Қорытындылау.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз «Өнеге отбасынан» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатында бала тәрбиесі, оның жан - жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға салмақпыз. Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек.
Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата - ана алдында нәзік те қиын, қыр - сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол — бала тәрбиесі. Бала үшін үй ішінен, ата - анадан артық тәрбиеші жоқ. Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – отбасы мен мектептен алған үлгі - өнеге жиынтығының жемісі. Ендеше, бүгінгі сайысымызды бастайық.

Сәлемдесу назарын аудару, психологиялық ахуал туғыз.
Қане, қане, тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Тұрсақ үлкен шеңберге,
Алақанға ұрайық.
Психологиялық сәт.
«Еркелету» жылулық шеңбері.
(Ата - аналарыңның өздерін еркелеткен сөздерін айту.)
І бөлім Таныстыру.
1 топ «Алтын ұя»
2 топ «Берекелі отбасы»
3 топ «Бақытты отбасы»

ІІ бөлім.
«Білімдіге дүние жарық» деп аталады. Мұнда топтың шапшандылығын, біліктілігін аңғарамыз. Ендеше викториналық сұрақтар беріледі.
І топ
1. Балдан тәтті не? (бала)
2. Қара шаңырақ иесі кім? (кенже ұл)
3. Әкеден балаңа берілетін зат ( мұра)
4. Үйдегі алтын адам кім? (ана)
5. Үш арсызды ата? (ұйқы, тамақ, күлкі)
ІІ топ
1. Бес дұшпанды атаңдар? (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек бекер мал шашпақ)
2. «Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес» кімнің нақыл сөзі (Қорқыт ата)
3. Жасөспірім бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады?(14 жас)
4. Тәрбие мен білімнің ордасы (мектеп)
5. Мемлекеттік рәміздерді ата (елтаңба, ту, гимн)
ІІІ топ
1. 18 жасқа толмаған адам ( бала)
2. «Өзін - өзі тану» бағдарламасының авторы кім? (С. Назарбаева)
3. Екі адамның бір - біріне деген адалдығы (достық)
4. Бес асылды атаңыз (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
5. 7 атаны ата (ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене)

ІІІ бөлім.
«Бақытты отбасы» суретін салу және қорғау

ІV бөлім
«Тығырықтан шығу»
Жағдаяттық сауалдар беру.
1. Сенің өзіңнің жақын адал досың бар, бірақ онымен дос болуға ата - анаң қарсы. Сен не істейсің?
2. Ұзақ тоқсан, досың сабақ оқуын азайтып, сабақ үлгерімі төмендеп кетті, ал сен не істейсің?
3. Сенің сабақ үлгерімің орташа. Сыныптастарың сені білімің бойынша бағалап, адамгершілік қасиеттеріңді көре білмейді. сен не істейсің?
4. Пән мұғалімдері сенің жауапкершілігіңді бағалап ертеңге бір жұмыс тапсырды. Белгілі себептермен сен ол жұмысты орындап бола алмадың, не істейсің?
5. Сыныпта сабақтан себепсіз көп қалып қоятын оқушы бар. Ол оқушыға деген көз қарасың қандай?

V бөлім.
«Тіл өнері» мақал мәтелдің жалғасын табу.
1. Ананың көңілі балада,.......................... (баланың көңілі далада)
2. Ұяда не көрсең,....................................( ұшқанда соны ілерсің)
3. Ананың сүті – бал,................................ ( баланың тілі – бал)
4. Туған үйдің түтіні жылы,...........................( туған ананың күтімі жылы)
5. Анаңа ауыр сөз айтпа,...............................( артыңа ауыр жүк артпа)
6. Бала – бақшадағы гүлің, ---------------------- (оны тәрбиелеу үлкен ғылым)
7. Құс балапаны үшін ----------------------------- ( тұзаққа түседі,)
8. Ана сүтін ақтамағанды --------------------------(ешкім жақтамайды).
9. Әдепті бала ата - анасын мақтар ------------- (әдепсіз бала ата - анасын қақсатар).
10. атаның баласы болма,............................. ( халықтың баласы бол)
11. Балалы үй базар,..................................( баласыз үй қу мазар)
12. Әке – асқар тау,.............................( ана - шалқар көл)
13. «Жеті атасын білмеген:................(жетесіз»),

VI. Бейнематериал көрсету
VІІ бөлім
Қорытындылау:
Халқымыздың аяулы ұлы Бауыржан Момышұлы кезінде былай деп мұңайған екен: «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келе жатыр. Оның қолына қылыш берсе, кіді де болса, шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке - шеше жоқ». Бауыржан атамыз бүгінде арамызда жоқ.
Осы атамыз көтерген мәселе бүгінде бәрімізді алаңдатуы тиіс. Бұл ата - анаға да, ұстаздарға да, тіпті, балаларға да ой салады деп ойлаймыз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, балаларды бірлесе тәрбиелейік, ойнайық, күлейік.
Ал құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымызды қорытындылай келе, сабағымызға белсене қатысқан оқушыларға алғыс білдіре отырып, балаларымыз біздерді тек жақсылық пен қуанышқа бөлей берсін! - деп, ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Өзін - өзі тану пән мұғалімі: Жасұлан М. Ж.
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • беке
    Жазған: беке
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Омонимдер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Химия әлеміне саяхат
  • Батон
    Жазған: Батон
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Bekamaster
    Жазған: Bekamaster
  • Жетыген
    Жазған: Жетыген
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 275
Қолданушылар: 2
Қонақтар: 273
Роботтар: 2
aiboll Лола
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика