Білімділер поралы

Мен ұқыпты баламын

Тақырып: Мен ұқыпты баламын
Қасиеттер: ұқыптылық, өз - өзіне қызмет ету, жағымды әрекет, әдептілік, сыпайылық
Мұғалiм:
Сынып - 0 мектепалды даярлық тобы
Сабақ мақсаты:
Ұқыптылық ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.
Міндеттері:
— ұқыптылық, жағымды әдеттер туралы түсініктерін кеңейту
— өз - өзіне қызмет ету дағдыларын дамыту
— ұқыптылыққа, жағымды әдеттерге тәрбиелеу.
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi.
Оқушылармен амандасып, «Өзін - өзі тану» сабағының ережесін «5 - Т» қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін.
Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз.

2. Тыныштық сәті Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз…

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

3. Үй тапсырмасын тексеру
Ұқыптылық туралы әңгімелесу
Сұрақтар:
1. «Ұқыпты болу» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
2. Ұқыпты бала қандай болады деп ойлайсыңдар?
Сергіту сәті
Біз ұқыпты баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Кірлесе егер киіміміз,
Өзіміз жуып аламыз.
Едендегі шаңдарды
Шаңсорғышпен сорамыз.
Біздің қолда оң саусақ,
Барлық іске жарамды.

Жел еседі бетімізге,
Шалқаяды ағаштар.
Желге айтамын тыныш - тыныш
Тынышталсын ағаштар.
Сабақ барысын талдау:
Мен ұқыпты баламын жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • nurislam0
    Жазған: nurislam0
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • raya94
    Жазған: raya94
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • jupar
    Жазған: jupar
  • Dulat90
    Жазған: Dulat90
    Мына жаңалықта: Биологиядан тест
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Orken agay
    Жазған: Orken agay
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Гүзал
    Жазған: Гүзал
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Ана әлемді тербейді
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 62
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 62
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика