Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алдар Көсе және мақтаншақ бай

04 қыркүйек 2014, Бейсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Алдар Көсе және мақтаншақ бай (қазақ ертегілерінен)
Дастархан басында қымыз ішіп отырған (жас, кәрі, шал т. б.) Алдар Көсені мақтап отырады. Ол сөздер қисайып жатқан қызғаншақ байдың ұйқысын бұзып, Алдар көсені мақтаған сайын дөңбекшіп жатады.
- Елде Алдар Көседей ақылды адам жоқ қой.
- Алдар Көсені ешкім жеңе алмайды десейші.
- Иә, Алдар Көседей тапқыр кемде кем ғой.
Мақтаншақ бай: (күйініп, атып тұрып, әрі - бері теңселіп) Алдар Көсе, Алдар Көсе деп қоймайсыңдар. Кездеспей жүр ғой ол маған! Аяғын аспаннан келтірер ем! (күпініп)
Бесті қымызға мас болған жігіт: Ой, бай - еке, мақтанбаңыз! Алдарды жеңемін деп айтпаңыз, қалай түсіп қалғанын сезбейді жұрт - ол бұғып жатқан қақпан.
Кемпір: (іле - шала) Өздігінен тиіспейді. Тиіскенді аямайды десеңші...
Мақтаншақ бай: (ызаланып) Жо - о - оқ! Қайткенде де жеңбей тынбаймын! Ақыл айқасында, қулық шайқасында мен оны тірілей өлтіремін! Ал егер алдай алмасам, айыбыма ту бие сойып, бәріңді шақырамын. Маған оны жеңу емес, кездесу, кездестіру қиын боп жүр. Әйтпесе...
(Бай желмаясымен желіп бара жатып, бейтаныс біреуге көзі түседі. Бейтаныс бірдеңе іздеп жүрді. әрі - бері жүріп, бейтанысты шыр айнала береді)

Бай: Әй, миғұла, неғып мәңгіріп жүрсің? Не жоғалтқаның бар?
Бейтаныс: (Алдар Көсе) Жоғалтқан ештеңем жоқ. Бірақ іздеп жүргенім рас...
Мақтаншақ бай: (жұлып алғандай) Не іздеп жүрсің сонда?
Бейтаныс: (Алдар Көсе) (асықпай) Жердің бір шетін яки басталар жерін осы тұста екенін, жақсы білем. Бірақ анықтай алар емеспін. Шөп басып кетіпті. Жоғарыдан қарасам, тез табар едім. Бірақ бұл арада шығып қарайтын тау да, төбе де жоқ. Бай: (сабасына түсіп) Түйеге мінсең көрінер ме еді?
Бейтаныс: (Алдар Көсе) Көрінгенде қандай!
Бай: Бірақ менде кейін жердің бір ұшығын екеуміз бірге тапқанбыз деп айтып жүретін болсаң. Сонда абырой - атақ, қадір - құрмет екеумізге ортақ болады. Келістік пе?
Бейтаныс: (Алдар Көсе): (миығынан күліп) Әрине! Әрине!
Мақтаншақ бай: (Бай түйеден түсіп, жоқ іздеуші мінеді) Қалай көріне ме жердің пұшағы?
Бейтаныс: (Алдар Көсе): (түйенің бұйдасын қолына бері ұстап) Жоқ, Жердің пұшағын көріп тұрғам жоқ. Бірақ біреулердің ақымағына көзім жетті. Бұдан былай қарай елге Алдар Көсе екеуіңіздің жердің әлгі пұшпағын қалай бірігіп іздегеніңізді айтып мақтануыңызға болады. Мақтаншақ бай: (ызаланып)
Не деп оттап тұрсың? Қайдағы Алдар Көсе?! Түйемді қайыр, қарақшы! Алдар Көсе: (шауып бара жатып) Қуып жетсең, аласың! Егер қуып жете алмасаң, масқара боп қаласың! (Ақымақ бай аузын ашып қала береді)

Мақтаншақ бай: (үйіне жаяулап - жалпылап, сүйретіліп кіріп келеді) Әйелі: (шошынып) Не боп қалды? Түйең қайда?
Мақтаншақ бай: (жыларман болып) Түйе жоқ! Түйеден айырылып қалдым! Алдар Көсе алып кетті! Масқара қылып кетті. Әйелі: (шашын жұлып, жер сабалап, ойбай салады. Халық жиналып қалады)
– Түйеңізді қайтып алып қойды?
– Күшпен бе, қулықпен бе?
Мақтаншақ бай: (одан бетер ашуланып) Қулықпен, айламен, әрине!
(жастар қарқылдап, кәрілер миықтарынан күліп, бүкіл ауыл мәз болады) - Масқара болған екенсің!
– Өзіңе де сол керек!
– Мақтаншақ неме!
– Тфу, түкірдім бетіңе!
– Айтқаныңды істе.
- Иә, иә соны айт!
– Тез елді шақыр!
(Жұрттың бәрі уласып-шуласып дастарқан басына келгенде, Алдар Көсе кіріп келеді).
Алдар Көсе: (күліп) Бай - еке, түйеңізді алыңыз! Бірақ құлақ салыңыз! Өсер бала данаға қарап жүгіреді, өлер бала молаға қарай жүгіреді. Алдар Көсемен айқасып не шаруаңыз бар еді?
(Бай ес түссіз, отырып қалады, халық Алдар Көсеге деген сүйіспеншілікпен қарайды)
Шымылдық.
20 967
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алдар Көсенің сиқырлы тоны
Алдар Көсенің сиқырлы тоны
Мұндай сақылдаған сары аязда тоңбаса, түлкі тоны немесе қасқыр ішігі бар адамның ғана тоңбауы мүмкін. Ал Алдар көсе жарықтық шұрық тесік жаман тонмен күн сайын үсіп өле жаздайтын.
Алдар Көсе және мақтаншақ бай сахналық көрініс (қазақ ертегілерінен)
Алдар Көсе және мақтаншақ бай сахналық көрініс (қазақ ертегілерінен)
Алдар Көсе және мақтаншақ бай қазақ ертегісін сахналық көрініске айналдырып, Өзін - өзі тану пәнінде, тәрбие шараларда рөлдік және сахналық көрініс.
Алдар көсе мен Қожанасыр
Алдар көсе мен Қожанасыр
Алдар көсе мен шайтан бірлесіп бидай егеді. Егін піскен соң орып, бастырып, бидайын бір бөлек, саламын бір бөлек қойыпты да, шайтанға көрсетіп айтыпты:«Көбін аласың ба? Азын аласың ба?» – деп, шайтан: «Көбін аламын!» – депті. Көбі мынау деп, саламды
Алдар көсе Шықбермес Шығайбай
Алдар көсе Шықбермес Шығайбай
Ертегі әлеміне қызығушылықтарын қалыптастыру. Ертегілердің ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтау. Ым - ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби шығармалар негізінде кейіпкерлердің бейнелерін жасау. Ертегі кейіпкерлердің сипаты
Алдар мен Алтын балық ертегісі
Алдар мен Алтын балық ертегісі
Көркем әдебиет арқылы балаларға саусақ театры арқылы балалардың тілін, қызығушылығын арттыру және эстетикалық тәрбие берудің әдістерін анықтау және оларды үрдісті ұйымдастыру әрекетіне енгізу.
Күлкі - жанның шипасы
Күлкі - жанның шипасы
Мақсаты: а) Балаларға көңілді, көтеріңкі көңіл – күй сыйлау
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×