Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жұлдызды сәт интеллектуалдық сайыс

23 сәуір 2020, Бейсенбі
Категориясы: Сценарий
Жүргізуші:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ы шашылар.
Ақыл, тілі - Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Сайыстан тыс қалмаңыздар!
Мұнда қызық табылар,
Білім нұр дамыған,
Үлгі алайық балалардан!
- Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! Еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Осы мақсатпен 2 - ші сынып оқушыларының арасында «Жұлдызды сәт» атты интеллектуалды ойынын өткізгелі отырмыз.
Көңілді тапқыштар, алғырлар,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады - деп бүгінгі ойын жұптық сайыс түрінде өтеді. Енді сайысқа қатысатын оқушыларымызбен танысайық.

І - топ «Алғырлар» тобы.
Мүшелері:
1) Қалияр Режеп
2) Абылқасым Бекнұр

ІІ - топ: «Тапқырлар» тобы
Мүшелері:
1) Тлеумбетов Абзал
2) Рахимов Сұлтан

ІІІ - топ: «Жүйріктер» тобы
Мүшелері:
1) Адиқызы Адина
2) Әділханұлы Тілек
IV - топ: «Қыран» тобы
Мүшелері:
1) Базарханқызы Тұнық
2) Болат Альфия
V - топ: «Сұңқар» тобы
Мүшелері:
1) Нурғожаева Мөлдір
2) Имаш Бейбарыс

Жүргізуші:
Әділқазы алқасына бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір.
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл! - дей келе қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1 - әділ қазымыз: Мектеп директоры: Л. Н. Нурғожаева
2 - әділ қазымыз: Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: Г. О. Алиева
Кіріспе сөз.
Тіл - өте маңызды құрал. Тіл болмаса адам өз ойын жеткізе алмас еді. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет ғұрыптары, салт - дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді. Қазақ тілі - өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру – ҚР азаматының парызы.
Жүргізуші:
Болыңдар сайысқа келген аман бәрің,
Келіп түр егемендік замандарың.
Қазақ болып туғанмын жер үстінде,
Және де сол тіл үшін жаралғанмын – деп бүгінгі сайысты бастайық.
Ендігі кезекте бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныссақ деймін. Сайысымыз 7 - бөлімнен тұрады.
1 - бөлім: «Бәйге» (бұл сайыста әр топқа 5 сұрақтан қойылады)
2 - бөлім: «Ойлан тап!» (математика сабағы пәні бойынша сұрақтарға жауап береді)
3 - бөлім: «Тұлғаны тани біл» (бұл сайыста көрсетілген тұлғалар туралы өз білгендерің айтасыңдар)
4 - бөлім: «Ойлы болсаң, озып көр!». Бұл сайыс топ басшыларына арналған.
5 - бөлім: «Жүзден жүйрік» (әр жұпқа сурет көрсетіледі, балалар сурет таңдайды, артында жасырылған сұраққа жауап береді)
6 - бөлім: «Тілашар» (жұмбақ жасырылады, қай топ көп жауап берсе, сол топқа көп ұпай беріледі)
7 - бөлім: «Кім жылдам?» (сурет бойынша тапсырма)
8 - бөлім: «Жорға»
Жүргізуші:
Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе деймін, - деп таныстыруды бастаймыз.
(әр топ атымен, ұранымен, төсбелгілерімен таныстырады)
1 - топтың аты: “Алғырлар”
Топ ұраны:
2 - де сабаққа келеміз,
Сабақтан қалмаймыз дегенбіз.
Өте жақсы оқып біз,
Жарыста бәрінде жеңеміз.
2 - топтың аты: “Тапқырлар”
Топ ұраны:
Топ атауы ойы жүйрік тапқырлар,
Жарыс көрсе, күш - қуаты жалындар.
Логикалық тапсырмалар шешуде,
Алдыңғы топ қатарынан табылған.
3 - топтың аты: «Жүйріктер» тобы
Топ ұраны:
Қайырлы күн досым,
Қайырлы күн болсын.
Бүгінгі күннің сәті,
Сәттілікке толсын.
4 - топ: «Қыран» тобы
Топ ұраны:
Қыран тобы алға,
Алға басып жүреміз.
Талаптанып, талпынып,
Біз жеңіске жетеміз
5 - топ: «Сұңқар» тобы
Топ ұраны:
Сұңқардай самғаймыз.
Жеңуден жалықпаймыз.
Жарыстарға қатысып,
Бірінші орынды аламыз.
Жүргізуші:
Ал қанекей балалар,
Мына жаққа қараңдар.
Бүгінгі сайыс төрінде,
Білімділікпен жараңдар!
1 - бөлім: «Бәйге» деп аталады. Бұл сайыста әр топқа 5 сұрақтан қойылады. Әр сұрақ 1 ұпаймен есептеледі.
1 - тобы:
1. Қыс айларын ата. (желтоқсан, қаңтар, ақпан)
2. Лепті сөйлем дегеніміз не? (бірдененің жайын сұрау мақсатында айтылған сөйлем)
3. Ертегідегі алдайтын адам (Алдар көсе)
4. Көкжиектің неше тұсы бар?(4)
5. Ы. Алтынсарин кім? (қазақ мектебін ашқан)
2 - тобы:
1. Тірі табиғатқа не жатады? (адам, жануар, өсімдік)
2. Көктем айларын ата.(наурыз, сәуір, мамыр)
3. Түбір дегеніміз не? (бөлшектеуге келмейтін сөз)
4. А. Құнанбаев кім? (ақын)
5. Антоним дегеніміз не? (мағыналары қарама - қарсы сөздер)
3 - тобы:
1. Өлі табиғатқа не жатады? ( тау, тас, бұлт)
2. Көбейтудің қасиеттерін ата (терімділік, үлестірімдік, ауыстырымдылық)
3. Жылқының сүті (қымыз)
4. Қосымша дегеніміз не? (түбірге жалғанған бөлігі)
5. Үш биді ата (Төле, Әйтеке, Қазыбек)
4 - тобы:
1. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал. (тұсбағар)
2. Синоним дегеніміз не? (мағыналары бір - біріне жуық сөздер)
3. Қай құс жұмыртқасын басқа ұяға салады? (көкек)
4. Өсімдік қай мүшесімен тыныс алады? (жапырақ)
5. « Ғылым таппай мақтанба» – өлеңі н кім жазған? (Абай)
5 - тобы:
1. Адам тіршілігне қажет жылуды қайдан алалды? (Күн)
2. Көлік күтетін жерді не деп атайды? (аялдама)
3. Ұлттық аспаптарды ата. (домбыра. сырнай)
4. Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді? (үш)
5. Мәтін түрлерін ата? (пайымдау, сипаттау, әңгімелеу)
- Қорытынды жасаймыз. Сөз әділқазы алқасына беріледі.
Жүргізуші:
Сөз маржаны дегенде,
Ерінбей қане, шешіңдер.
Маржанды сөзді тереңнен
Тауып алып тізіңдер, - деп келесі кезекті 2 – бөліміміз «Ойлан тап!» деп аталады. (математика сабағы пәні бойынша сұрақтарға жауап береді)
10. Шаршы дегеніміз не? (барлық қабырғасы тең фигура)
10. Уақыттың өлшем бірлігі? (сағат, минут)
10. 1 дм неше см? (10 см)
10. Бір тәулікте неше сағат бар?(24)
10. Ең үлкен екі таңбалы санды көрсет (99)
20. 2 тәулікте неше сағат бар? (48)
20. 30+30+30 неше болады?(90)
20. 10 саны неше таңбалы сан?(екі)
20. 1 сағатта неше минут бар? (60 минут)
20. 9 жүздік 5 бірліктен тұратын санды ата. (905)
30. Екі шеті тұйықталған сызық? (кесінді)
30. 200 кг неше тонна? (2 т)
30. Бір ғасырда неше жыл? (100)
30. 100 неше таңбалы сан? (3)
30. 8 бен 5 санының көбейтіндісі нешеге тең? (40)
40. 6 жүздік 9 бірліктен тұратын санды ата (609)
40. Барлық қабырғалары тең болатын геометриялық пішін. (шаршы)
40. Кез - келген фигураның периметрін қалай табады? (барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы)
40. 4 және 5 сандарымен жазылатын барлық 2 таңбалы санды ата (44, 45, 55, 54)
40. 9 саны мен 6 санының көбейтіндісі нешеге тең? (54)
- Қорытынды жасаймыз. Сөз әділқазы алқасына беріледі.
Жүргізуші:
Өз ойыңды ашық айтып,
Түйіндейміз білімді.
Әр нәрсенің жауабын тез
Айтайықшы ұғымды, - деп 3 - бөлім “Тұлғаны тани біл”сайысын бастаймыз. Бұл сайыста көрсетілген тұлғалар туралы өз білгендерің айтасыңдар. Әр оқушыға 1 тұлғадан беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
Шәмші Қалдаяқов, Мұхтар Әуезов, Серік Сәпиев, Роза Рымбаева, Бауыржан Момышұлы, Тоқтар Әубәкіров, Шәкен Ниязбеков, Абылай хан, Әйтеке би, Әлия Молдағұлова, Илья Ильин т. б.
Шәмші Қалдаяқов (15. 8. 1930, Отырар ауданы Шәуілдір ауылы – 29. 2. 1992, Алматы) – композитор, Қазақстанның халық артісі (1991). Шымкент, Тараз, Жетісай қалаларының құрметті азаматы. Кіші жүздің Жағалбайлы руынан.
Аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі.
• «Менің Қазақстаным»,
• «Теңізде – толқында»,
• «Бақыт құшағында»,
• «Бәрінен де сен сұлу» сияқты әндері халық арасына кеңінен тарады.
Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР - нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957). Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде 1897 жылы 28 қыркүйекте туған. Шыққан руы қожа. Мұхтардың атасы Әуез ескіше сауаты бар, араб, парсы, ортазиялық түркі әдебиетімен таныс болған. Мұхтар бала кезінде атасының үйретуімен арабша хат таниды. Мұхтардың әкесі Омархан да, атасы Әуез де Абай аулымен іргелес отыратын, құдалы, дос - жар адамдар еді. 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады.
Серік Жұманғалиұлы Сәпиев (16 қараша, 1983 жыл, Абай қаласы, Қарағанды облысы) - боксшы, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері, Парасат орденінің кавалері (2008 жыл), Отан орденінің иегері (2012)[1], спорт бойынша ЮНЕСКО чемпионы атанған әлемдегі 13 - ші спортшы[2], қазақстандық ең танымал боксшылардың бірі, 2014 жылдың қарашасынан бастап Astana Arlans командасының бас директоры.
Абай Құнанбайұлы 1845 жылы 10 тамызда Семей облысы Жидебай жерінде Шыңғыстау етегінде дүниеге келген. Абай – теңдесі жоқ ақын, аса дарынды композитор, асқақ ойшыл философ, қай жағынан алғанда да жаңашыл, реформатор, халқымыздың отандық, тіпті дүниежүзілік мәдениет тарихынан ерекше орын алған ұлы тұлға.
Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910 жыл - 10 маусым 1982 жыл) — Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров (27 шілде 1946 жыл, Қарқаралы ауданы, Қарағанды облысы, Қазақстан) — қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры (1988), Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы (1995), техника ғылымының докторы (1998), профессор (1997), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.
Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков — суретші, Қазақстанның Мемлекеттік туының авторы. Ежелгі Тараз жерінде дүниеге келген, шеше жағынан полковник, Кеңестер Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туысы болып келеді. Бабасы — дана Төле би. Он жасқа келген кезде, бір жыл ішінде әке - шешесі өліп, кенеттен тұлдыр жетім қалады.
Абылай хан (шын есімі Әбілмансұр) — 1771 — 1781 жылдар аралығында билік құрған Қазақ хандығының 18 - ші ханы. Қазақ Ордасының тарихындағы ең ұлы хандардың бірі. Арғы тегі Ақ Орданың негізін қалаған Орда Ежен ханнан бастау алады. Абылай онымен қоса Ұрыс хан, Барақ хан, Әз - Жәнібек хан сияқты билеушілердің тікелей ұрпағы. Абылай хан қазақ тарихындағы бірегей тұлға Кенесары ханның атасы
Әйтеке Байбекұлы(1644 - 1700 жж.) — қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әлімұлы тайпасының төртқара руынан шыққан.[1] Әмір - Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты "Синесоф буа"(жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші үрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан.
Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты) (1925 ж. 15 маусым (кейбір деректерде 25 қазан, 20 сәуір), Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қаз КСР – 1944 ж. 14 қаңтар, Псков облысы Новосокольники ауданы, Казачиха ауылы, РКФСР) – Кеңес Одағының Батыры (1944), мерген, ефрейтор.
- Қорытынды жасаймыз. Сөз әділқазы алқасына беріледі.
Жүргізуші:
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет,
Білімді, әрі білікті жас жеткіншек,- деп 4 – бөлім «Ойлы болсаң, озып көр!». Бұл сайыс топ басшыларына арналған. Әр топ басшысына логикалық 3 тапсырмалар беріледі. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай.
І - топ
1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша? (3)
2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)
ІІ - топ
1. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 2 қатар торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (80 торғай)
2. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)
3. Үстел үстінде 3 қияр, 2 сәбіз, және 5 апельсин тұған. Барлығы қанша? (10)
ІІІ - топ
1. Бөлменің төрт бұрышында бір - бір мысықтан отыр. әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4 мысық)
2. Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? (300 кг)
3. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)
ІV - топ
1. Үш дос шахмат ойнады. Әр бала 2 партиядан ойнаса, барлығы неше партия ойналды?
(3 партия)
2. Киноға билет алу үшін кассаға кезекте 13 адам тұр. Мирас кезектің бас жағынан санағанда жетінші болып тұр. Кезектің соңынан санағанда ол нешінші болып тұр? (7)
3. Самат 2 балықтан, ал Марат 1 балықтан ұстап отырған. Олар барлығы 12 балық ұстаса, әрқайсысы неше балықтан ұстаған? (Самат - 8, Марат - 4)
V - топ
1. Әкесі мен екі баласы велосипед теуіп жүр. Анасы рульдер мен доңғалақтарын санағысы келді. Рульдер - 2, ал доңғалақтары - 5 болды. Велосипед нешеу және олар қандай?
(2 доңғалақты - 1, 3 - доңғалақты - 1)
2. Мұзайдында 6 бала сырғанап жүрді. Олардың екеуі түскі тамақ ішуге кетті, ал түстен кейін олар мұзайдынға қайтып оралды. Мұзайдында қанша бала сырғанап жүр? (6)
3. Отбасында 2 бала бар. Мәрлен Сұңғаттың ағасы, ал Сұңғат Мәрленге аға емес. Сонда Сұңғат кім? (Мәрленнің інісі)
- Қорытынды жасаймыз. Сөз әділқазы алқасына беріледі.
Жүргізуші:
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректілік,
Серігің болсын бойыңда, - деп 5 «Жүзден жүйрік» бөлімді бастаймыз. ( әр жұпқа сурет көрсетіледі, балалар сурет таңдайды, артында жасырылған сұраққа жауап береді)
1. Жануардың екі оң аяғы, екі сол аяғы, екі алдыңғы аяғы, екі артқы аяқтары бар. Жануарда неше аяқ бар? (4)
2. Қазақтың тұңғыш палуаны кім? (Қажымұқан Мұңайтпасұлы)
3. Арманға түскі тамаққа күнделікті 50 теңге беріліп отырды. Ал ол 30 теңге ғана жұмсады. Сонда бір аптада Арман неше теңгені үнемдеді? (5 күнге - 100 тг)
4. Қандай кенді «қара алтын» дейміз? (мұнай)
5. Орманнан 9 бөрене әкелу керек. Машинаға 4 - тен артық бөрене сыймайды. Барлық бөренені әкелу үшін орманға неше рет бару қажет? (3 рет)
6. Бұлттан бөлініп жерге түсетін су тамшылары? (Жаңбыр)
7. Егер бір дәптер 7 тг тұрса, 3 дәптердің бағасын тап? (21)
8. Берілген сөз тіркесінің мәнін түсіндір: Қол ұшын берді. (көмектесті)
9. Табақта 8 шабдалы, ал себетте одан 2 есе көп шабдалы бар. Себетте неше шабдалы бар? (16)
10. Серік Сапиев қай спорттың шебері? (боксшы)
11. Шортан 60 жыл, табан балық 17 жыл өмір сүреді. Шортан табан балықтан қанша жыл ұзақ өмір сүреді (43 жыл)
12. Бекзат Саттарханов неше жасында олимпиада чемпионы атанды? (20)
- Қорытынды жасаймыз. Сөз әділқазы алқасына беріледі.
Жүргізуші:
Тауды биік деме сен,
Талаптансаң, шығарсың.
Қарсылас мықты деме сен,
Білімді болсаң, шығарсың – дей отырып, 6 – бөлімді бастаймыз. «Тілашар» (Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 3 тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) айтуларың керек. Әр оқушы кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады. Үш тілде жауапты айтса 30 ұпай, екі тілде айтса 20 ұпай, бір тілде айтса 10 ұпай, егер жауап бере алмаса басқа жауап берген ойыншыға ұпай беріледі.)
1 - топ:
1. Қолы менен қаламы жоқ, Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз - frost)
2. Қоймасын қыс ақтарып, Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег - snow )
3. Бірін - бірі қоштаған, Бір үйден көрдім, Қырық екі дос - жаран. (әріп – буква - letter)
2 - топ:
1. Жұқа тақтай бөлшегі, Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка - ruler)
2. Қалқиып екі құлағы, Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян – заяц - hare)
3. Жолбарыстан аумайды, Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка - cat)
3 - топ:
1. Жеп көріп ем өзім мен, Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук - onion)
2. Бұлаңдаған құйрығы, Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса - fox)
3. Әттең, даусым, тілім жоқ, Құшағымда білім көп. (кітап – книга - book)
4 - топ:
1. Жылт - жылт етеді, Жылғалардан өтеді. (су - вода - water)
2. Онсыз астың дәмі жоқ, Ассыз оның мәні жоқ (тұз - соль - salt)
3. Алыстан қарасаң аппақ, Татып көрсең, тәтті - ақ. (қант – сахар - sugar)
5 - топ:
1. Айдалада ақ отау, Аузы - мұрны жоқ отау. (жұмыртқа – яйцо - egg)
2. Жұдырықтай қызыл шар, Тілді үйірген шырынбал. (алма – яблоко - apple)
3. Қыс бойына жатады, Тәтті ұйқыға батады. ( аю – медведь - bear )
6 - топ:
1. Іші жұмсақ, сырты қатты, Еті қызыл, сөлі тәтті. (қарбыз – арбуз - watermelon)
2. Құстан аумайды, Көкте зулайды. (ұшақ - самолет - plane)
3. Білімнен мол сый - асы, Балғындардың ұясы. (мектеп – школа - school )
- Қорытынды жасаймыз. Сөз әділқазы алқасына беріледі.
Жүргізуші:
7 - бөлім: «Кім жылдам?» берілген суреттер арқылы тапсырмалар орындау.
1 - топ: 2 - топ:
3 - топ: 4 - топ:
5 - топ: 6 - топ:
Жүргізуші:
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір – күрес, жеткізе ме мұратын?
“Жеңбедім, жеңілдім” деп ренжіме,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң екен ұғатын.
Жақсы бала құлақ сап айтқаныңды ұғады,
Төсегінен тұра сап таза ауаға шығады.
Жақсы бала ол анық: істемейді шалалық,
Тап - таза боп жуынып, алады ол таранып,
Осымен осы ойынды тамамдасақ,
Бұл жарысты өткізер ме ек жаман болсақ.
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ, - дей отыра, әділ - қазыларымыз дайын болғанша, кезекті оқушыларымыз әрқашан тату, дос бола білсін деген мақсатпен, әнге береміз.
Ән: (хор) “Дос болайық бәріміз”
1. Әрқашан дос біргеміз,
Ажырамас іргеміз,
Ілгері жүруге,
Достық жырын білуге,
Буып ұстап бірлікте, еңбекті сүйем де.
Қайырмасы:
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз, сақтаймыз.
Алтын күліп даламыз.
2. Қайраттанып ғарышта,
Озып шыққан жарыстан.
Жүргізуші: Балалар, мен де сендерге ризамын! Барлығың да алған білімдеріңді бүгін көрсете білдіңдер. Рахмет сендерге!!!!
394
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Жаңалықтар
Зерде танымдық ойын
Зерде танымдық ойын
Оқушылардың жан - жақты білімдерін тексеру, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін шыңдау. Өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу. Нақыл сөздер, тапсырмалар, логикалық тапсырмалар, әр топқа даярлаған үстел, интерактивті тақта.
Алтын сақа интеллектуалды ойын-сайыс
Алтын сақа интеллектуалды ойын-сайыс
Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді жан - жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Көңілді, тапқыштар, білімділер
Көңілді, тапқыштар, білімділер
Атырау облысы, Индер ауданы, Елтай ауылы, М. Сиранов орта мектебінің биология пәні мұғалімі Гүлжихан Сарсенғалиева, Айдана Нұржанова
Тапқыр болсаң, талас жоқ
Тапқыр болсаң, талас жоқ
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
"Көкпар" білім сайысы
"Көкпар" білім сайысы
Шығыс Қазақстан облысы "Д. Бабатайұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп"КММ Бастауыш сынып мұғалімі Омаргазина Мақпал
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.