Білімділер поралы
загрузка...

Күзгі пейзаждың композициясы

Қызылорда облысы,
Қармақшы ауданындағы
Ү.К.Томанов атындағы
№183 орта мектептің мұғалімі
Орынбаева Жанар

Сабақтың тақырыбы: Күзгі пейзаждың композициясы.
Бейнелеу өнері 3 сынып

Сабақтың мақсаты: Бейнелеу өнерін дәріптей отырып, балалардың ойлау қабілетін дамыту, өнерді, табиғатты сүюге, әсемдік пен әдемілікке баулу.
Білімділік: Оқушылардың пейзаж туралы түсініктерін қалыптастыру.
Табиғатта болатын өзгерістерді, олардың жыл мезгілдерін сипаттайтын басты ерекшеліктерін түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың эстетикалық талғамын, ой қиялын дамыту.
Жыл мезгілдері туралы жалпы түсінік беру барысында, табиғат құбылыстарының өзгеріп отыратынын түсінуге жағдай туғызу. Танымдық қасиеттерін дамытуға мүмкіншілік жасау.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа баули отырып, табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ, топпен жұмыс
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, күз туралы өлеңдер, сөзжұмбақ, «кім шапшаң» ойыны.
Техникалық құралдар: Суреттер, жапырақтар, кілей, суретшілердің суреттері

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық.
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті,
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің ізеті
Ал, қанекей бәріміз
Сәлемдесейік үлкенге.
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Балалар кәзір жылдың қай мезгілі? Қыс дұрыс айтасыңдар. Онда сендер қыс туралы өлең шумақтарын білеміз бе? Онда тыңдап көрелік.

І топ:
Тағы да қыс түсті де,
Тон жамылды қырқалар.
Қайың, терек үстіне
Қона қалды ұлпа қар.

ІІ топ:
Қар жауып тұр себелеп,
Қалтыраған бауларға...
Бейне құйттай көбелек
Қонып жатыр талдарға.

ІІІ топ:
Адырға бар, жарға бар,
Алыпты қар бүркеніп.
Қарға, қарға, қарғалар
Қар үстінде жүр тоңып.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Оқушылардың ашық және тұйық композицияға салған суреттерін тексеру

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау

Сұрақ қою арқылы
І топ: Ашық композиция дегеніміз не?
ІІ топ: Тұйық композиция қалай болады?
ІІІ топ: Композициядағы басты нәрселер
Тұйық немесе жабық композиция дегеніміз не?

ІV. Жаңа сабақ.
Қызығушылығын ояту - Сәлеметсіңдер ме, балалар!. Мен сендермен жүздескеніме қуаныштымын. Бүгінгі көңіл күйлерің қалай?
Өлең жолдары арқылы бастаймын

Бұл қай кезде болады?
Бұлттар төніп,
Жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып,
Өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай,
Ойнай алмай,
Денең мұздап, тоңады.
Айтыңдаршы, балаларым.
Бұл қай кезде болады? (Күз айы)
Міне, күздің соңғы айы келді. Тағы да қолға қалам алатын шақ.
Күз тақырыбына арналған өлең шумақтарын білеміз бе? Онда тыңдап көрелік

Күз тақырыбына арналған өлеңдерді балалар оқиды.
І топ:
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан – алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.

ІІ топ:
Сары алтындай сары күз -
Қамбадағы дәніміз.
Шелек – шелек балымыз,
Ағыл – тегіл ағымыз.

ІІІ топ:
Жайдары күз, жарқын күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы ен далам
Дариядай шалқып жүр.

Біздің бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы: Күзгі пейзаждың композициясын жасаймыз
Мұғалімнің түсіндірмесі.
Композиция (латын сөзі - kompositio - құрастыру, тәртіпке келтіру) - көркем шығарманың құрылысы. Көркем әңгіме не поэма, не роман, қайсысын оқысақ та, әр алуан сюжетке құрылады. Сюжет дегеніміз - шығармадағы адамдардың бір - бірімен байланысы, қарым - қатысы, күрес - тартыстары - шығармадағы оқиғаның дамуы...

«Күзгі композиция»
Пейзаж - француз сөзі, табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда, Жапонияда және басқа шығыс елдерінде, сондай - ақ Еуропада дамыған. Пейзаж өнері әр алуан. Кейбір пейзаждар табиғаттың өмірде бар нақты көрінісін бейнелесе, енді біреулері суретшінің қиялынан туады. Ондай шығармалардың бәрінде де суретшілер табиғаттың мінез - құлқын айнытпай беруге тырысады.

Күзгі көрініс
Ұшты талдан жапырақ
Сары көбелек секілді.
Аспанда жай шатырлап,
Тамшы жерде секірді.
Барын беріп халыққа,
Жұмыстан соң қалжырап,
Дала ұқсайды алысқа,
Дамыл алған маужырап

Қазақтың көрнекті ақыны Мұзафар Әлімбаев 1923 жылы 29 қазанда Павлодар облысы Шарбақты ауданы Маралды ауылында дүниеге келген. Мұзафар Әлімбаев - қазіргі Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі (1965), ҚазКСР - нің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (1978), Қазақстанның халық жазушысы (1994), Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері (1996).

Қызылорда облысы,
Қармақшы ауданындағы
Ү.К.Томанов атындағы
№183 орта мектептің мұғалімі
Орынбаева Жанар

Толық нұсқасын жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 60
барлық дауыс бергендер: 1
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Ойын-сауық отауы
Үздік жаңалықтар
Өз пікіріңді білдір
Қанша жалақы аласыз?
25000-35000
35000-45000
45000-55000
55000-75000
75000-100000
100000-250000
Сайтта кім бар
Барлығы: 47
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 46
Роботтар: 5
Сарсенбинова А
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика