Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бояулар сыры

16 желтоқсан 2016, Жұма
Категориясы: Сурет және сызу
Бояулар сыры
Тобы: (Ересек) Қарлығаш.
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу.
Мақсаты: Балаларды бояулардың түрлерімен таныстыру. Негізгі және қосымша түстермен жұмыс жасауға үйрету. Эстетикалық талғамдарын дамыту. Түстерді үш тілде айту. Балаларды сурет салуға үйрету.
Дамытушылық: Сурет салу дағдысын логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қасиетін дамыта отырып, берілген тақырыпты тез орындауға үйрету.
Тәрбиелігі: Жалпы өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Слайд, кемпірқосақтың суреттері,
Әдіс - тәсіл: Шаттық шеңбер, қайталау, сұрақ - жауап, жұмбақтар, топтық жұмыс, қорытынды.

Мотивациялық – қозғаушылық
Сәлеметсіздер ме балалар?
Шаттық шеңбер:
Армысың, көк аспан,
Армысың, асыл күн.
Армысың, туған жер,
Армысың, достарым.
Армысың, келген қонақтарым

Ұйымдастырушылық - ізденістік
Қайталау сұрақтары жүргізіледі.
1. Қазір қай мезгіл?
2. Күз мезгілінде неше ай бар? 3. Ай аттарын айтамыз?
4. Ерекшеліктері қандай?

Сол кезде есік қағылады.
Есік қағып тұрған кім екен?
Кіріңіз, төрлетіңіз.
Осы сәтте баяу әуен ойнатылады.
Ішке Бояу ханзадасы кіреді.
Сәлеметсіздер ме?
- Педагог.
Қай елден келесіз?
- Бояу ханзадасы. Бояулар әлемінен келемін.
Мен Бояулар әлемінен келген себебім.
Мен сіздерге әкелген тапсырмаларым бар.
- Педагог. Бояу ханзадасынан тапсырманы алады да, оқи бастайды.
- Қане балалар дайынбыз ба?
- Педагог балаларды 2 - топқа бөледі.
1 - топтың аты «Акварель».
2 - топтың аты «Гуашь»
- Педагог.
Балалар, сіздерге « Бояулар әлемінен» келген тапсырмалар ортақ екен.
Олай болса,
1 - тапсырма. Сұрақтарға жауап.
1. Түстер шеңберінде неше топқа бөлінеді?

Жылы түстерді атаң?
Суық түстерді атаң?

2. Негізгі түстер мен қосымша түстерді ата?
3. Суға жақсы еритін бояу түрі қандай?
4. Суға езілетін қою бояу түрі қандай?

2 - тапсырма. Жұмбақтарды шешу.,
1. Қызылы бар, сарысы бар,
Құйрығы бұлғаңдаған.
Түздің сондай тағысы бар.
Ол не?
2. Оны ағаштың басынан ізде,
Түрлі түсті боянады күзде.
Ол не?

3 - тапсырма. «Кім шапшаң ойыны»
Палитраны құрастыру..
4 - тапсырма: түстерді үш тілде айту

5 - тапсырма: Кемпірқосақтың суретін салу.
1. Кемпірқосақ неше түстен тұрады?

2. Кемпірқосақтың түстері
қандай?

- Педагог кемпірқосақтың салу жолдарын көрсетеді және түсіндіреді.

Рефлексиялық - түзетушілік
Сергіту сәті:
Әуен ойнатылады.

- Педагог.
Балалар келесі оқу қызметінде жұмысымызды аяқтаймыз.

- Педагог.
Бояу ханзадасына сұрақ қояды
Менің балаларымның оқу қызметіне қатысқаны ұнап жатыр ма?.
- Бояу ханзадасы.
- Иә ұнап жатыр.
Балаларыңыз шетінен білімді екен.
Олай болса, мен жүрейін тағыда баратын жерлерім бар.
Сіздерге рахмет.
- Педагог.
Бізге тағыда тапсырмаларыңызбен келіп тұрыңыз. Бояулар әлеміне сәлем айтыңыз.
- Қане, балалар келген қонағымызбен қоштасайық.

- Балалар, бізге қонаққа кім келді?
- Кемпірқосақ неше түстен тұрады?
- Қандай бояулар бар?

Менің балаларым бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатысты.
Ендеше келген қонақтарымызға
Келесі кездескенше қош, сау болыңыздар!

Күтілетін нәтиже:
Біледі: Түрлі - түстерді ажырата біледі
Игереді: сурет салуда техникалық дағдыларды және икемділіктерді игереді.
Меңгереді: Кемпірқосақтың суретін салу, түстерді дұрыс орналастыруды меңгереді.

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
"Ақбота"балабақшасының бейнелеу өнерінің жетекшісі
Сақтағанова Света Келдибаевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 973
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Зообаққа саяхат
Зообаққа саяхат
Балаларға зообақ жайлы түсінік беру, жабайы аңдар туралы білімдерін тиянақтау
Көліктер
Көліктер
Балаларды көліктің түрлерімен таныстыру. Жүк көлігі жіне оның маңызы туралы ұғым қалыптастыру.
Жабайы аңдар
Жабайы аңдар
Балалардың жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету. Олардың түрлерін бір-бірінен ажыратуға, дене мүшелерін дұрыс атай білуге үйрету.
Өнер әлеміне саяхат
Өнер әлеміне саяхат
Балаларды ертегі бойынша білімін қалыптастыру, ертегі желісімен ойын арқылы түрлі тапсырмалар орындауға үйрету.
Бояулар сыры
Бояулар сыры
Бояулардың сан түрлерімен, негізгі және қосымша түстерімен таныстыру. Түстермен жұмыс жасуды үйрету.
Менің сүйікті мысығым
Менің сүйікті мысығым
Атырау обылысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, «Жасұлан» балалар бақшасы тәрбиеші Телманова Әсия
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×