Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым

26 қазан 2017, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы «Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым»
Мақсаты: 1) Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігінің паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, егемен елімізге қамқор болу, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру.
2) Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
3) Оқушылардың өз бетінше ізденуін қадағалау және білімдерін жетілдіру.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, жаратылыстану.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар.
Кіріспе бөлім.
Әнұран орындалады.
Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары. Талай ғасырлар бойы ата - бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап келген. Иншалла олар көксеген арманға ХХ ғасырдың соңына қарай қол жеткіздік. Соның арқасында бүгінгі таңда өз бағыт - бағдарын ұстанған, өркениет елдер мойындаған жеке мемлекетке айналдық. Туған халқымыз тәуелсіздік алды. Тарихымыздың беттеріне 1991 жылы алтын әріппермен жазылды. Биыл тәуелсіздігімізге 20 жыл. Осыған байланысты оның қадір - қасиетін оқушылар бойына сіңіру, ұғындыру мақсатында «Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым» атты ашық тәрбие сағатын өткізіп отырмыз. Тәрбие сағатымыз сайыс түрінде өтеді. Өзгешелігі сайысты ұлдар мен қыздар арасында өткізгелі отырмыз. Әділ қазылар алқасымен таныс болайық. Сайысымыздың шарттарымен таныс болайық.
Сайыстың шарттары:
1. Мақал - мәтел айту
2. Бәйге
3. Поэзия минуты
4.
5. Жеті жұмбақ
6. Тілек айту
Тәуелсіздік жолында талай жандар құрбан болып, елім деп еңіреп өткені белгілі. Талай кезең қиын - қыстау, қуғын - сүргінді ата - бабаларымыз басынан кешті. Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев: «Біз Қазақстанның тәуелсіздігінің оңайлықпен келмегенін біліп оны қадірлеуіміз керек. Әрбір Қазақстанның азаматы мақтанышпен Елтаңбаны, Әнұранды, Туды көтеруі керек. Әрбір азамат өз Отаны үшін еңбек етуге, жанын қиюға міндетті»- деген.
Туған жердей жат жердің болмайтыны – ақиқат,
Оған көңілің ешқашан толмайтыны – ақиқат.
Алтын торда алтын құс өсірсең де, бұлбұл құс
Өскен бағы болмаса, қонбайтыны – ақиқат, - деп сайысымызды бастаймыз.
І бөлім. Біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қасиет тұту қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл таным жанымызға ана сүтімен тараған, ана тілімен дарыған. Біздің мақал - мәтелдеріміз, нақыл сөздеріміз туған жерді, Отанды ардақтауға толы. Алғашқы сайысымыз мақал - мәтел айту. (Туған жер, Отан, батырлық, ерлік туралы өздеріңіздің дайындап келген мақал - мәтелдеріңізді айтыңыздар).

ІІ бөлім. Бәйге. (Сұрақ - жауап)
1. Қазақстанның астаналары болған қалаларды ата.
1919 - 1925жж. Қазақстанның астанасы - Орынбор қаласы,
1925 - 1929жж. Қызылорда қаласы.
1929 - 1997жж. Алматы қаласы.
1997ж. Ақмола қаласы Астана атанды.
1998ж. Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.
Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздер бар. Мемлекеттік рәміздер бұл халық бірлігінің белгілері. Қазақстан Республикасының да өз рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті.
2. Мемлекеттік рәміздерді атаңыз.
3. Тудың авторын атаңыз.
4. Елтаңбаның авторы кім?
5. Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазған? (Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әні: Шәмші Қалдаяқов)
6. Қазақстан қашан тәуелсіз ел болды? (1991 жылы 16 желтоқсан)
7. Ұлттық валютаны айтыңыз? (теңге)
8. Ата заңымыз қашан қабылданды, биыл неше жыл? (1995ж. 30тамызда, 16 жыл)
9. Республика күнін айтыңыз.(25 қазан)
10. Алматының орталық алаңындағы «Тәуелсіздік монументі» ескерткіші қай жылы, кім үшін қойылған, ол туралы не білесіз? (1996ж. 16 желтоқсанда).
11. Қазақстан неше елмен шектеседі? «5»
12. Қазақстанның ұлттық валютасының туған күні? «16. 11. 1996»
13. Менің Қазақстаным – әні мемлекеттік әнұран ретінде қай жылы қабылданды? «2006ж 7 қаңтар»

ІІІ бөлім. Поэзия минуты. Өз елін мақтанышпен жырлаған ақын – жазушылар қаншама?! Келесі сайысымызда оқушылар өлеңді мәнерлеп оқу бойынша бақ сынасады.
IV бөлім. М. Әбдіхалықов атындағы орта мектеп оқушыларымен пікір - алмасу. Қыздар: Өткен жылдар қандай ерекшеліктерімен есімізде қалды? «Республикамыз 20 жылда қандай жетістіктерге жетті?» тақырыбы бойынша, ал Ұлдар: «Президенттің халыққа жолдауы туралы не білеміз?»
V бөлім. Жеті жұмбақ. (7 пәннен сұрақтар қойылады)
1. Тарих. 1986 жылы болған «Желтоқсан оқиғасының» болу себебі?
2. Қазақ тілі. Тіл туралы заң қашан қабылданды? Қанша баптан, қанша тараудан тұрады? (1989ж. 22 қыркүйек)
3. Әдебиет. (5 асыл іс, 5 дұшпанды атаңыз) талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым. 5 дұшпан өтірік, өсек, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ
4. Ағылшын тілі. Сөйлемді аудару. Мен Форт - Шевченко қаласында тұрамын.
5. Орыс тілі. Сөйлемді аудару. Мен туған жерімді жақсы көремін.
6. Математика. 04. 06. 1992 сандары нені білдіреді?
7. Жаратылыстану. Қазақстан қай материкте орналасқан және шектесетін мемлекеттерді атаңыз. «Евразия материгі, Ресей, Өзбекстан, Түркменстан, Қырғызстан, Қытай
VІ бөлім. «ХХІ ғасырға ақ тілек» бұл бөлімде оқушылар өз тілектерін арнайды.
Өлең: Көк тудың желбіргені
Қорытынды: Жеңімпаздарды анықтап, марапаттау. Сөз әділ қазылар алқасына беріледі.
Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,
Көк туымды қалайша құлатармын.
Тып - тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
Елімізде бақ - береке, ырыс болсын,
Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.
Халқымның ахуалы дұрыс болсын.
Отанымыз әрқашанда тыныш болсын! – деп «Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Ташманова Сания Мырзагалиевна
4 010
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бір халық – бір ел – бір тағдыр
Бір халық – бір ел – бір тағдыр
Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігінің паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, егемен елімізге қамқор болу, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін
Мен – егеменді елдің болашағымын
Мен – егеменді елдің болашағымын
Петропавл қаласы, «Өнер колледжі - музыкалық - эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп - интернат»кешені» Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Ж.Б.Ашимова
Тәуелсіздік – қазақтың сан ғасырлық арманы
Тәуелсіздік – қазақтың сан ғасырлық арманы
Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Октябрь селосы, №1 Қазанбасы орта мектебінде технология және бейнелеу өнері пәні мұғалімі. Брахметов Мырзағазы Ерханұлы
Тәуелсіз елдің ұланымыз
Тәуелсіз елдің ұланымыз
Мақсаты: «Отан», «Тәуелсіздік» туралы түсініктерін кеңейту;
Тәуелсіздік - тәу етер тұғырым (әдеби кеш)
Тәуелсіздік - тәу етер тұғырым (әдеби кеш)
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Бисенбай Ақмарал Жексенбайқызы
Мен – егеменді елдің болашағымын
Мен – егеменді елдің болашағымын
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №12 бастауыш мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Нуржанова Гулжан Аманжолқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×