Білімділер поралы

Бабалар ерлігі – ұрпаққа үлгі

Өнеге сағатының тақырыбы: Бабалар ерлігі – ұрпаққа үлгі
Мақсаты:
1. Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр бабалар мен туған жер топырағынан соғысқа қатысып, Отанын қорғаған ардагер - майдангерлерді еске алу.
2. Оқушыларды Отанды сүюге, қорғауға тәрбиелей отырып, елжандылыққа, адамгершілікке баулу.
Көрнекілігі: Отан, ерлік, батырлық туралы нақыл сөздер, шарлар, гирляндтар.
Сабақтың түрі: Театрландырылған сабақ.

Сабақтың барысы:
І. Кіріспе.
Құрметті балалар! Міне, биыл сол бір қырық бірдің маусымында басталған сұрапыл соғыстың жеңіспен аяқталып, елімізде бейбіт күн орнағанына 70 жыл толып отыр.
Жеңіс! Иә, оны сан миллиондаған адамдар 4 жыл бойы минуттап, сағаттап сарыла күтті емес пе. Ақыры олардың үміті мен сенімі ақталды, тілектері орындалды.

Бірақ сол Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін су кешіп талай миллондаған асыл азаматтар мерт болды. Жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Ана - жарын жоғалтқан жесір атанса, бала - әкесінен, анасынан айырылған жетім атанды. Фашистердің тұтқын лагерінде қаншама ана мен бала айуандықпен азаптап өлтірілді.

Ал, тылда қалған қарттар, аналар мен бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы - қасіретін арқалай жүріп, бірде аш, бірде тоқ тынбай жұмыс істеді. Бірақ ешкімнің сағы сынбады. Олардың бойындағы отаншылдық сезім, қолына қару алып сапқа тұрған саналуан ұлт өкілдерінің бірлігі мен ерен ерлігі Жеңіс сағатын жақындата түсті.

Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кемде - кем. Өз туған жерімізден, туған ауылымыздан да қаншама адам Отанын қорғауға аттанды. Атап айтар болсақ, Манабаев Тәжібай, Батырбеков Оразалы, Қарынбайұлы Боқай, Жолдасбаев Омарбек, Тоқтасынов Айтақын, Әбдіраманов Шәми, Сымайылов Әшір т. б. аталарымыз соғысқа қатысып, ерен ерліктерін көрсетті. Ал Қарынбаева Мейрамхан, Сенкібаева Бейқұт сынды көптеген апаларымыз тылда еңбек етіп, Ұлы Жеңіске өз үлестерін қосты.
Дәл осынау жадыраңқы жәй күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.
Ұлы Отаным басымды иіп бір минут,
Есіме алам сол бір апат қайғыны - дей отырып, бүгінгі күні арамызда аман - есен жүрген ардагер ата - апаларымызға бас иіп тағзым етіп, қан майданда мерт болып, қаза тапқан, осынау ұлы күнді ұрпағына тарту еткен батыр ата - апаларымыздың рухына бас иіп, үнсіздікпен еске алайық.

1 минут үнсіздік.
Иә, балалар, сонау 1941 жылдың 22 маусымы күні таң алдында неміс фашистері елімізге тұтқиылдан соғыс ашты. Совет халқы адам айтқысыз қиын - қыстау кезеңге душар болды. Қазақстан Республикасынан 1 млн. 196 мың 164 адам қару асынып соғысқа аттанса, еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Қасық қаны қалғанша жаумен жан аямай шайқасқан аталарымыздың ерліктерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауымыз керек. 28 панфиловшы батырлар, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Рахымжан Қошқарбаев, Әлия мен Мәншүктің ерен ерліктері ұрпаққа үлгі болып, жас ұрпақтың жадында мәңгі сақталуы тиіс.

1 - жүргізуші:
Жетпіс жыл болды - бейбіт көктем таң атқалы,
Жетпіс жыл, міне - шуақты күн таратты әнін.
Есімде сонан бері жетпіс мәрте,
Ашылды Жеңіс күннің парақтары.
Бабалар ерлігі – ұрпаққа үлгі. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • беке
    Жазған: беке
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Омонимдер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Химия әлеміне саяхат
  • Батон
    Жазған: Батон
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Bekamaster
    Жазған: Bekamaster
  • Жетыген
    Жазған: Жетыген
  • sdana09
    Жазған: sdana09
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 24
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 24
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика