Білімділер поралы

Заңды білу - заман талабы

Тақырыбы: Заңды білу - заман талабы
Мақсаты:
1) Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру.
2) Адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар - ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру.
3) Оқушылардың саяси саналылығы мен таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге баулу.
Әдісі: мектепішілік, топтық сайыс.
Көрнекілігі: ҚР – ның рәміздерінің суреттері, ҚР - ның Конституциясы. т. б заң жинақтары, көрме, заң туралы қанатты сөздер, слайдтар.

а) Оқушыларды 2 топқа бөлу.
1 - топ «Құқық - әділет пен парасат жолы» тобы 2 - топ «Бала құқығы асыл қазына» тобы ә) Сайыстың мақсаты мен мазмұнын таныстыру.

Мұғалім сөзі: Құрметті мұғалімдер, оқушылар бүгінгі адам құқығы күніне орай ұйымдастырылған мектепішілік сыныптар арасындағы сайысымызға қош келдіңіздер!
• Жеке адам құқығы мәселесіне аса зор үлес қосқан, тарихта өшпес аттарын қалдырған шет ел ойшылдары. Т. Гообс, Ж. Ж. Руссо, И. Кант, Т. Джефферсон, т. б. олар адам құқықтарының негізгі қағидаларын ең алғаш анықтап белгілеп берген. Өз халқымыздың ұлттық құқықтық жүйесінің қалыптасуы xv ғасырдың орта шенінде Қазақ мемлекетінің іргетасын қалаушылардың бірі болған Жәнібектің баласы Қасым хан есімімен байланысты. Бұл жүйе осы өлкеде ғасырлар бойы келе жатқан құқықтық әдеп - ғұрыптармен, жүйелерді ала отырып, дербес өмір сүріп отырған Қазақ мемлекетінің жағдайына бейімделіп жасалды. Халық оны « Қасым ханның қасқа жолы» деп атады. Қасым ханнан кейін қазақ қоғамының құқықтық жүйесін дамытуға айтарлықтай үлес қосқан Есім ханға халық « Есім ханның ескі жолы» деген ат берді. Сонымен қатар Тәуке хан «Жеті жарғы» деп аталған, өзіндік бір кодекс пішініндегі құқықтық нормалардың тұжырымдарын жасады.
• 1991 жылы 10 желтоқсан күні республика атауын өзгерту туралы заң қабылданды. Бұдан былай Қазақ Кеңестік Социалистік республикасы Қазақстан Республикасы деп аталатын болды.
• 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алды.
• 1991 жылы 1 - желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
• 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері бекітілді.
• 1993 жылы 15 қараша күні Президент Н. Ә. Назарбаев ҚР Конституциясы мен Жоғарғы Кеңес берген өкілеттілігіне сәйкес елімізде ұлттық валюта - теңгені айналысқа енгізу туралы жарлыққа қол қойғаны хабарланды.
• 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдады.
Қ. Р - ның Конституциясы 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады. Конституциямыздың 1 - бабында адам құқықтарын сақтау нормасы бекітіліп, 30 - бап түгел - дей азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына, мүдделеріне арналды. Бұл демократиялық ашық қоғамда өмірдегі барлық құндылықтардың ішінде адам құқықтары мен бостандықтары ғана ең маңызды болып саналатындығын білдіреді. Н. Ә. Назарбаевтың «Егер біздің құқық идеялары салтанат құратын өркениетті қоғам орнықтырғымыз келетіні рас болса, онда әрбір азамат мектеп қабырғасында жүргенде – ақ құқықтың қарапайым есеп – қисапты білгеніміздей игеріп алуға тиісті». деген асыл сөзімен сайысымызды бастайық.

Сайыс жоспары:
1) «Тікелей сұрақ» әр топқа 10 сұрақтан.
2) Бейнесюжет арқылы тапсырма.
3) Заң алдында жұрттың бәрі тең.
4) Заң терминдерін білеміз бе?

Қанатты сөздер:
«Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» Б. Момышұлы.
«Балам бол, басқа бол – бәріңе заң біреу – ақ»
«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» (Ж. Баласағұн)
Куәсіз істі күмән табар,
Куәлі істі куә табар» (Халық мақалы)
«Бір қазаға екі жаза жоқ» (Халық мақалы)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Материал рейтингісі:
  • 40
барлық дауыс бергендер: 2
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Ойын-сауық отауы
  • Сакен Майғазиев пен Асет Есжан - Жыламасын сәбилер

    Сакен Майғазиев пен Асет Есжанның - Жыламасын сәбилер атты өте әсерлі ән мен бейнебаяны
  • Нұржан Керменбаев - Қара бала

    Нұржан Керменбаев - Қара бала жаңа ән
  • Бәйшешек тағдыр жайлы

    Жайт көрдім жүрегімді дүрсілдеткен, Бетпе-бет келіп қалдым бір шындықпен. Тұрсыңдар бой көтеріп қар астынан, Өр - қайсар бәйшешектер, гүлсің неткен?!
  • Қандай бақыт – қалаға қар жауғаны

    Қандай бақыт – қалаға қар жауғаны, Ақ ұлпалар – көңілімнің маржандары. Қандай мұңды – қар жауған құтты күні Жанымда жоқ жалғызым жалғандағы.
  • Ана туралы өлеңдер

    Арманыңды ақтармын ба жүрегімде тербесем? Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен. Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем, Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен.
  • Біздің көктем

    Көктем келді ауылға, мамырлап бұлт, Таң - тамаша дүние, дабырлап жұрт. Көктем келді. Өмірдің келешегі - Көкпен бірге дүркіреп төл өседі.
  • Педагогика және психология негіздері тест сұрақтары №16

    Педагогикадан тест сұрақтары жауаптарымен, тестен өтіп өз біліміңізді тексеріңіз! Әр бес жыл сайын мұғалім өзінің біліктілігін көтеріп, аттестациядан өтуі міндетті екені белгілі. Осыған орай ...
  • Педагогика және психология негіздері тест сұрақтары №15

    Педагогикадан тест сұрақтары жауаптарымен, тестен өтіп өз біліміңізді тексеріңіз! Әр бес жыл сайын мұғалім өзінің біліктілігін көтеріп, аттестациядан өтуі міндетті екені белгілі. Осыған орай ...
Үздік жаңалықтар
загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Қанша жалақы аласыз?
25000-35000
35000-45000
45000-55000
55000-75000
75000-100000
100000-250000
Сайтта кім бар
Барлығы: 104
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 103
Роботтар: 3
ССултанов Бахтияр
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • БГК
    Жазған: БГК
  • Венерок
    Жазған: Венерок
  • guizira1983
    Жазған: guizira1983
  • Кеулимжай
    Жазған: Кеулимжай
  • Арнұр
    Жазған: Арнұр
    Мына жаңалықта: Қимылды ойындар
  • ALTUH79
    Жазған: ALTUH79
  • Aiman Bolatbek
    Жазған: Aiman Bolatbek
  • Гүлнар Жолдасова
  • aiboll
    Жазған: aiboll
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика