Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


9 ғасырдың екінші жартысы – 13 ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті. Қалалық мәдениеттің дамуы

10 мам 2018, Бейсенбі
Категориясы: Тарих
4 ТАРАУ. 9 ғасырдың екінші жартысы – 13 ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті. Қалалық мәдениеттің дамуы
Конспект
Ерте орта ғасырға (6 - 9 ғ.) қарағанда дамыған орта ғасырда (10 - 12 ғ.) отырықшылық мәдениет өркендеп, қалалар саны көбейген. Оңтүстік Қазақстанда, кейінгі зерттеулер бойынша, қала саны 37 - ге жеткен. Оңтүстік Қазақстанда қалалардың топтаса орналасқан жері – Арыс өзенінің Сырдарияға қосылатын тұсындағы сағалары. Сырдың орта ағысында Сүткент, төменгі ағысында Сығанақ, Жанкент, Аснас, Жент, Баршынкент қалалары болған.
Қалалық отырықшылық мәдениет Жетісу аймағында да дамыды. Оңтүстік - батыс Жетісу аймағынан (орталығы – Тараз) 36 қала орны табылды. Солтүстік - шығыс Жетісудан 70 қала жұрты ашылды.
Ортағасырлық қалалар көлемі мен экономикалық жағы бойынша өсіп отырған. Олар 3 топқа бөлінді. Бірінші топқа көлемі 30 гектардан асатын қалалар жатады. Екінші топқа 10 гектардан 30 гектарға дейінгі қалалар кіреді. Үшінші топқа көлемі 10 гектарға жетпейтін қалалар жатады. 10 - 12 ғасырлардағы қалалар дамуының ерекшелігі – отырықшылық мәдениеттің Қазақстанның орталық және шығыс аймақтарына қарай тарала бастауы. Дамыған ортағасырлық қалаларға Отырар, Тараз, Талғар, Баба - Ата, Құйрықтөбе жатады. 10 - 12 ғасырлардағы қала құрылысындағы басты жаңалық – мешіттер мен шығыс моншаларының салынуы. 10 ғасырдағы тұрақ - жайларда бөлме саны көбейе бастаған.

Конспект сұрақтар
1. Ортасы аула ретінде пайдаланылатын тұрғын үйлер салынған аймақ:
2. Қазіргі канализацияның қарапайым түрі:
3. Өсімдік тәрізді және геометриялық өрнектермен безендірілді:
4. Құйрықтөбе қаласынан табылған үй:
5. Тұрақ - жайларда бөлме саны көбейе бастады:
6. Екі шығыс моншасы табылған қала:
7. Отырардың солтүстік - шығысынан табылды:
8. Орталық және Шығыс Қазақстан аймақтарында отырықшылық мәдениеттің тарала бастаған кезі:
9. Үшінші топқа кіретін қалалар:
10. Бірінші топқа жататын қалалар:
11. Қалалар көлемі жағынан бөлінді:
12. Солтүстік - шығыс Жетісудан табылған қала саны:
13. Қарнақ, Шур қалалары орналасқан аймақ:
14. Сырдың орта ағысында орналасқан қала:
15. Оңтүстік Қазақстандағы қалалардың топтаса орналасқан жері:
16. Оңтүстік Қазақстандағы қала орындарының саны:
17. Сығанақ қаласы Қазақстанның қай аймағында орналасқан:
18. Ұлытау етегінде орналасқан Х - ХІІ ғасырларға жататын қалаларды көрсетіңіз:
19. 11 - 12 ғасырға жататын “қоржын үй” қай қалада табылған:
Тақырыптың тесті

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
30 049
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
X - XIII ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті
X - XIII ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті
Қазақстан территориясындағы қалалардың пайда болуы мен дамуы, қолөнердің өркендеуін, сауда қатынастарын, сәулет өнері мен құрылыстың дамуын, дін және ғылым - білімнің дамуын қорытындылау.
14 - 15 ғасырлардағы Қазақстанның экономикалық жағдайы
14 - 15 ғасырлардағы Қазақстанның экономикалық жағдайы
14 - 15 ғасырлардағы Қазақстанның экономикалық жағдайы Конспект Монғол шапқыншылығынан кейін мал шаруашылығы мен отырықшылық қалалық өмір ХІІI ғасырдың соңында қайта жандана бастады. Шаруашылықтың 3 түрі болды. Отырықшы жер шаруашылығы Оңтүстік
13 - 15 ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан. Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы
13 - 15 ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан. Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы
5 ТАРАУ. 13 - 15 ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан. Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы Конспект 1206 жылы көшпелі шонжарлардың құрылтайында Монғол империясы құрылды. Ұлы хан болып Шыңғысхан (Темүжін) сайланды. Монғол мемлекеті 95 түмен
9 - 12 ғасырлардағы қолөнер, сауда және шаруашылықтың дамуы
9 - 12 ғасырлардағы қолөнер, сауда және шаруашылықтың дамуы
9 - 12 ғасырлардағы қолөнер, сауда және шаруашылықтың дамуы Конспект Ортағасырлық қалалардың көбеюі тұтыну бұйымдарын көп өндіруді талап етті. Сондықтан қалаларда шеберханалар көбейе бастады. Қыш құмыра жасайтын шеберханалар Отырар, Құйрықтөбе,
Ұлы Жібек жолы. Ұлы Жібек жолының тармақтары және Қазақстандағы сілемі
Ұлы Жібек жолы. Ұлы Жібек жолының тармақтары және Қазақстандағы сілемі
Ұлы Жібек жолы. Ұлы Жібек жолының тармақтары және Қазақстандағы сілемі Конспект Жетісу жері – керуен жолының Шығысқа шығатын негізгі қақпасы. Шығысқа шығатын жолдың басты бір бағыты оңтүстік - батыс Жетісу жерінен өтеді. Тараздан шығып, Сарқан жері
Жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әсері
Жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әсері
Жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әсері Конспект Орта ғасырдың басында қалалық өмір қалыптаса бастаған. Қалалар мен жартылай көшпелілердің арасында мәдени және экономикалық байланыстар дамыған. 6 - 9 ғасырларда Қазақстанның
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×