Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жоңғар очерктері

05 қазан 2018, Жұма
Категориясы: Тарих
«Жоңғар очерктері» өзінің Жоңғарияға жасаған экспедициясының материалдары негізінде Орыс географиялық қоғамының алдында жасаған баяндамасы есепті. Мұнда Шоқан саяхатшыға тән жүріп өткен жолының барлық бедеріне қоса, тұрғын халықтардың этникалық құрамы мен тұрмыс - тіршілігіне аса мән беріп, айрықша тоқталады. Соның ішінде ішінара болса да, әдебиет туралы әр жерінде бөлек тоқталып, өте құнды пікірлер айтқан.

Шоқан осы еңбегінде ауыз әдебиеті ескерткіштерін зерттеудің этнографиялық және генеологиялық тұрғыдан маңыздылығын айта отырып, осы салаға айрықша мән береді.

Ғалым Ер Көкше, Орақ, Шора, Едіге туралы жырларда халықтың өр рухы, әдет - ғұрпы, мінез - құлқы көркем бейнеленетінін атап өткен. Қазақтың әйгілі батырлар жырын ноғайлы жырларының тобына қосып, олардың туу заманын XIV, XV, XVI ғасырлардың арасы деп ой қорытады.

Шоқан көршілес елдердің әдебиетін зерттеуге де зор үлес қосқан. Қырғыздың атақты жыры «Манасты» әлемге әйгілеген Шоқан екендігі тарихтан белгілі. Ғалым оны «Иллиадамен» қатар қойып, ауыз әдебиетіндегі дүниежүзілік мәні бар эпикалық туынды деп бағалаған. Жырдың мазмұнын баяндап, қоғамдық тарихи мәнін, орнын айқындайды. Шоқан жырды «Манас» - бір кезеңге және бір адамның Манас батырдың төңірегіне топтастырған қырғыздың барлық ертегі, хикая - әңгімелерінің аңыздарының энциклопедиялық жинағы», - деп бағалаған.

Шоқан әдебиет мәселелерін қарастырғанда халық өмірі, тарихи жағдайынан туған өнер өзгешелігі, поэзияның ұлттық ерекшеліктері қандай деген сұраққа өте айқын, дәл жауап айтуға күш салады.

«Жоңғария» очерктері» ғылымға беймәлім болып келген өлкені жан - жақты танытарлық сол кезеңдегі құнды еңбек деп бағаланған. Алайда сан - салалы ғылымды игерген Шоқанның бұл еңбегі бүгінгі күнде де маңызын жойған жоқ.
24 159
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі
Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі
Қазақтың ұлы ғалым - зерттеуші, этнограф, жазушы Шоқан Уәлиханов туралы мәлімет беру, ақынның өмірбаянына тоқталу, бұрынғы білімдерін тереңдету.
Шоқан − тұңғыш ғалым, зерттеуші
Шоқан − тұңғыш ғалым, зерттеуші
Алматы облысы, Талғар қаласындағы №7 мектеп - лицейде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дарменқұлова Ғалия
Шоқан Уәлиханов “Жоңғар очерктері”
Шоқан Уәлиханов “Жоңғар очерктері”
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, «№132 орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Достаева Гулшат Игликовна
Шоқан Уәлиханов және француз тілі
Шоқан Уәлиханов және француз тілі
Қызылорда қаласы, №9 мектеп - гимназиясының қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі. Қойшибаева Ғалия Қазбекқызы
Шоқан – халық ауыз әдебиетін зерттеуші
Шоқан – халық ауыз әдебиетін зерттеуші
Ақтөбе Мемлекеттік Педагогикалық Институты оқытушысы: Бекниязова Динара Достановна
Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов
Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов
Пәні: Қазақстан тарихы Сыныбы: 8 Сабақтың тақырыбы: Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов Сабақтың мақсаты: ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ мәдениетінің көрінісі, орыс демократиялық мәдениетінің әсері, орыс – қазақ
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×