Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жүрегі жомарт жан

29 желтоқсан 2015, Сейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Жүрегі жомарт жан.
Кәсіпкер Юсупов Тілек Баудунұлы жайлы бір үзік сыр.
Адам өмірі халқына сіңірген еңбегі, қоғамға қосқан өнегелі істерімен өлшенбек. Бүгінгі таңда елі үшін ет жүрегі елжіреп, халқы үшін күңіренер ерлер қатары сиреп барады. Көпшілігі қара басының күйін күйттеп, құлқынның қызығы үшін жүргендер. Десек те, әр өңірде еңбегімен ауыл - аймағының ардақтысына, халқының қалаулысына айналған жандар да табылады.
Осы орайда жүрегінен жылылығы сезіліп, көзінен шуақ, жүзінен мейірім төгіліп тұратын кәсіпкер Юсупов Тілек Баудунұлы жайлы айтып өтпеу мүмкін емес.
Дана халқымыз «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын, жаманның жамандығын айт, құты қашсын»,- дейді. Жақсылық жасау - кез - келген адамның қолынан келе бермейтін игі іс. Сананы тұрмыс билейтін мына заманда бақуатты тұрғаныңыз айып емес. ОЛ қайырымдылықты көп жасайды, қара басының қамы үшін жүрген жанға жатпайды. Жан - жағындағы адамдардың барлығына үнемі көмектесіп жүреді. Баршаны күліп қарсы алып, жағдайын сұрап, әңгімеге тартатын Тілек ағамыздың адамгершілігіне, еңбекқорлығына, жомарттығына ауылдастары дән риза. ОЛ мұқтаж жандарға көмек қолын созып, шамасы жеткенше жәрдемдесуді әдетке айналдырған. Себебі, ауыртпашылықтың ащы дәмін татқан ол айналасындағылардың армандарынан қол үзбей, жадырап, жайнап жүргенін қалайды. Жақында ғана «Айтуға оңай»бағдарламасының кейіпкері болған, арбаға таңылған Асылы есімді азаматқа мүгедектік арбасын сыйлап, көңілін жадыратқанын біреу білсе, біреу білмейтіні анық.

«Кімде - кім басқалардың бақытын ойлап, өз ғұмырын сарп етсе, оның жаны әсемдікке бөленіп, жұлдызы жанады»,- деп жазыпты украин педагогы В. А. Сухомлинский. Талғар ауданына қарасты Гүлдала ауылындағы №21 орта мектебінің мәжіліс залын күрделі жөндеуден өткізіп, барша балаға қуаныш сыйлауы да жүрегінің кеңдігін, өмірлік ұстанымының беріктігін көрсетеді. Барлық баланың бақыты үшін жасаған еселі еңбегін ел көрді. Ашылу салтанатында мектеп оқушылары мәре - сәре болып, қуанышқа кенелді. Әсем ән айтылып, күмбілеген күй төгілді. Би байқауларының жеңімпаздары дөңгелене билеп, шат - шадыман күйге бөленді. Тілек Баудунұлы ақ сақалды аталар мен ақ жаулықты аналардың ақ батасын алып, көпшілік ортасынан табылды.
Бір Алланың разылығы үшін қайырымдылық жасаған ол ешқашан «болдым, толдым» дегенді білмейтін жүрегі жомарт, жаны ізгі жан. Туған - туыс, доспен араласуға, оларға кез - келген жағдайда қамқорлық танытуға мүмкіндігі мол. Бірақ қайырымдылық жасағанын ешқашан айтқан емес. Облыс көлемінде бірқатар жетімдер үйіне, қарттар үйіне қолдау көрсетіп, біраз мұқтаж адамды қамтып отырғаны және бар.

Тұрмыс тауқыметі оны ерте есейтіп, еңбек етуге итермелеген. Алуан ауыртпашылықты бастан кешірген жомарт жан сыйластық пен жылылық ұялаған шаңырақта кәсібінің нәсібін көріп отыр. Әрбір ана үшін өзі тәрбиелеп өсірген балаларының қызығын көріп, ұрпақтарының ортасында шалқып отырғаннан асқан бақыт бар ма?! Тілектей ұлды өмірге әкелген, алтын құрсақты Рахима ана бүгінде сексеннің сеңгіріне шығып, немере - шөберелерінің ақылшысына айналған. Тілек ағамыз отбасының қол жетпес асқар тауы ғана емес, балаларына ақылмен жол көрсетіп, арманға қанат бітіретін жақын жанашыры. Ал отбасының ұйытқысы, от анасы Майгүл жеке кәсіптерінің есепшісі екен. Осындай шаттығы шалқыған шаңырақтың ұлдары Бабахан мен Әзімбай әке жолын қуып, ішкі істер басқармасында қызметтерін абыроймен атқарып жүр. Қасиетті халқымыз «Жақсыдан - шарапат» деп бекерге айтпаған. Жан - жағына шарапатын шашып, қуаныш сыйлайтын жомарт жүректі жандар көмекке зәру жандарға қайырымдылық жасап жүрсе, нұр үстіне нұр болатыны сөзсіз.

Талғар ауданы, Гүлдала ауылы,
№21 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Сембаева Алтынкүл Сатымбайқызы
3 547
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Рахмет, Анашым!
Рахмет, Анашым!
Ана жайлы ойыңды, айтып тауыса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді.
Ана – тіршіліктің гүлі
Ана – тіршіліктің гүлі
Әр адам жарық дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол – Ана. Балапанын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жан ұшыра шырылдайтында – Ана. Ана деген сөзге лүпіл қақпайтын жүрек, мөлдіремейтін жанар жоқ.
Антонимдерді қайталау
Антонимдерді қайталау
Ақмола облысы, Астана қаласы, Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Баймаганбетов Руслан Тлепович
Рахмет, анашым қамқорыңа!
Рахмет, анашым қамқорыңа!
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы "№21 жалпы білім беретін орта мектебі" КММ бастауыш сынып мұғалімі Сауытбаева Гүлмира Серікбайқызы
Өлеңдер (оқушы шығармашылығынан)
Өлеңдер (оқушы шығармашылығынан)
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің 3 сынып оқушысы: Бахтиярова Жансая
Жан шуағы (қайырымдылық концерт)
Жан шуағы (қайырымдылық концерт)
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Қ. И. Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Шакирова Айымкөз Қуатқызы, Қаленова Бақыт Насіпқалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×