Білімділер поралы

Lesson Study тәсілі арқылы «Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың белсенділігін қалай арттыруға болады?»

Рефлексиялық есеп
Lesson Study тәсілі арқылы «Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың белсенділігін қалай арттыруға болады?»

Пән мұғалімдерімен кездесіп, оқушылардан сауалнама алғаннан кейін кейбір оқушылардың оқуға деген ынтасы төмен екені анықталды. Материал үлгермеуші оқушыларға бағытталған уақытта А оқушысы көбіне іші пысады, ал үлгермеушілігі төмен оқушылар сабақ темпіне үлгермей, қызығушылығын жоғалтады. Оқушылар барлық оқушылардың көзінше сұрақ қоюға ұялады, қайсыбір уақытта дұрыс сұрақты қалай қою керек екенін де түсінбей жатады. Сондықтан біз дәстүрліден гөрі интерактивтілікке бағытталған дағдыны қолдануды жөн көрдік.
Зерттеу мақсаты:
- Диалогтік оқытудың әдістерін қолдана отырып, мұғалімдер оқушылардың сабақтағы белсенділігін арттырады;
- Оқушылардың мотивациясын арттырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады;
- білім сапасын арттырады.
Міндеттері:
- Оқушылардың білім аймағын кеңейту; жұмысқа деген жауапкершілікті арттыру; оқушыларды біріге отырып жұмыс жасауға, ынтымақтастыққа баулу; үлгермеуші оқушыларды қызықтыру, өзін - өзі бағалауды, бір - бірін бағалауды үйрету.
Күтілетін нәтиже:
- диалогқа негізделген топтық жұмыстың оқушылардың белсенділігінің арттыратынына көз жеткізу;
- ынтымақтастыққа тәрбиелеу;
- оқушының өзін - өзі бағалауы сәйкестендіріледі;
- оқуға деген ынтасы артады.

Ақпаратты жинау әдістері:
1. 8 «С» сынып оқушыларын бақылау.
2. Куратормен кеңесу.
3. Оқушылардан сауалнама алу.
4. Оқушылардың сабақтағы әрекеттерінің фото, видеоға түсіру.
Lesson Study мұғалімдер тобы жүзеге асырады, біріге отырып: жоспарлау, оқыту, бақылау, оқыту анализін, қорытындыларын құжат ретінде рәсімдеу. Біріге отырып сабақтың элементтерін жоспарлау мұғалімдерге оқытудың жаңа стратегияларын қолданып, оқушылардың жетістік критерийлерін талқылауға мүмкіндік береді.
Фокус топтағы оқушылар:
Оқушы А – жан - жақты, барлық сабақтардан үлгерімі жоғары оқушы. Танымдық қабілеті тұрақты, оқу ынтасы жоғары. Жетістік критерийі: оқушының көшбасшылығын дамыту.
Оқушы В үлгерімі орташа, тапсырманы ешкіммен талқыламай, өзі орындағанды ұнатады. Жалпы орташа зияткерлік қабілетін көрсетеді. Жетістік критерийі: тек мұғалім сұрағанда ғана белсенділік танытуға емес, сонымен қатар коммуникативтік дағдысын дамыту.
Оқушы С оқу үлгерімі төмен, өйткені үй тапсырмаларын әр кезде орындап жүрмейді. Оқу үрдісі оны қызықтырмайды. Жетістік критерийі: топтық жұмысқа тартып, оқуға деген ынтасын арттыру.

Lesson Study тәсілі арқылы «Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың белсенділігін қалай арттыруға болады?» жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • беке
    Жазған: беке
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Омонимдер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Химия әлеміне саяхат
  • Батон
    Жазған: Батон
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Bekamaster
    Жазған: Bekamaster
  • Жетыген
    Жазған: Жетыген
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 412
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 411
Роботтар: 3
Nargeez
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика