Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сын тұрғысынан ойлау – шығармашылық ойлау

26 сәуір 2013, Жұма
Категориясы: Ұстаздарға
Сын тұрғысынан ойлау – шығармашылық ойлау

Бүгінгі жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейдегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру - жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі. Бұрынғы қолданылған оқыту әдістерінде мұғалім басты орынды алып, оқушы тек тыңдаушы ғана болса, қазіргі сын тұрғысынан шыңдалған ойлаудың арқасында оқушы білім негіздерімен толығып, болашақты ойлауға құлшыныс алады. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқаудағы мазмұны, құрылым, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Бүгінде білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан - жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалды, адамгершілік, рухани азаматтық және басқа да көптеген адами қабілетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін - өзі дамытып, оқу - тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Қазіргі уақытта заман талабына сай білім берудің дамуы бағыты мен тенденцияларын қамтитын 50 - ден астам педагогикалық технология қолданылып жүр. Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгеру дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу, бүгінгі мектептің басты мақсаты деуге болады. Демек, қазіргі кезде оқытудың күн тәртібінде «Шәкірттерді қалай үйрету керек?» яғни, оқыту мазмұны мен әдістемесі болу керек деген сұрақтар тұр.

Озық ойлы ұстаздардың дені дәстүрлі оқытудың негізін құрайтын репродуктивтік үрдістен бас тартуда. Білім дегеніміз ойда сақталған мәлімет емес екендігіне баршаның көзі жеткен сияқты. Шындығында да «білім - ақпарат» формуласы бойынша оқыту әлдеқашан ескірген.

Ал оқытудың жаңашыл жобаларының философиясы бойынша ақпараттың барлық жиынтығын оқып білу адам мүмкіншілігінен тыс жатыр және де оқыту мен танымның басты мазмұны ақпаратты игеруде емес. Сондықтан да оқыту процесінде басты салмақ оқытушыдан оқушыға ауыстырылуы тиіс. Үйрету мүмкін емес, тек үйренуге болады деген өз ойымды, шығыс даналығында айтылатын «Маған айтсаң ұмытып қаламын, көрсетсең есімде қалар, ал істеуін көрсетіп берші, үйреніп аламын» яғни, бұл баланың ынтасын жетелеу арқылы оқыту, үйрету қажет деген сөзбен тұжырымдағым келеді. Сөйтіп, оқыту мен үйрету процесінің негізін белсенді іс - әрекеттер құрауы керек, оқушы тарапынан тек белсенді түрде меңгерілген білім ғана маңызды әрі тиімді.

Қазіргі кезде ортамызда орын алып жатқан оқытудың жаңашыл жобалары осындай философиялық негізді басшылыққа алған. Солардың бірі Қазақстанда 1997 жылдан бастап етек жая бастаған «Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» жобасы, (RWCT жобасы). Оқушылардың ойлау, қабылдау қабілетін аңғаруға топтық жұмыс өте тиімді, яғни сабақты деңгейлеп оқыту арқылы іске асыру және оқушыға тиянақты білім беру, оның сабаққа деген қызығушылығын арттыру, ізденгіштігін, байқампаздығын дамытып, жеке тұлға болып дамудың биіктігіне шығуына әкелер жолдың бірі - осы бағдарлама деген болар едім.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 978
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сыни ойлау деген не?
Сыни ойлау деген не?
Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту. «Оқу, жазу, ойлау, сөйлеу сияқты іс - әрекеттерді үйрену белсенділікті, тапқырлықты, өз ойын жеткізе білуді қалыптастыру»
Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру
Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру
Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, заман талабына сай іскер, жан - жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу.
Білім сапасын көтерудің негізі – білім беруді демократияландыруды көздейтін оқытудың жаңа технологияларын енгізу
Білім сапасын көтерудің негізі – білім беруді демократияландыруды көздейтін оқытудың жаңа технологияларын енгізу
Семей қаласы, ЖОББМ № 22 № 2 "Еркетай" толық күнді шағын орталық топ тәрбиешісі Бекишева Айнагуль Булатовна
Шағын жинақталған мектепте  модульдік оқыту технологиясының элементтерін қолдалдану
Шағын жинақталған мектепте модульдік оқыту технологиясының элементтерін қолдалдану
Қарағанды облысы, Абай ауданы, Шерубай - Нұра негізгі жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Аманбек Дауренгул
Жаңаша оқыту – жетістік көзі
Жаңаша оқыту – жетістік көзі
Оқу - тәрбиесінде мынандай өзекті яғни (актуальды) жерлерінде проблемалар бар: 1) Оқушылардың өз бетінше ойланып, әрекет етулері жеткіліксіз.
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы №100 орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Бердишева Жадыра Молыбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×