Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мұғалім – мектептің жүрегі

31 қазан 2012, Сәрсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
№100 орта мектебінің психологы
Нұрхожаева Альфира Қанатбайқызы

Мұғалім – мектептің жүрегі
(Жас мұғалімдерге кеңес)
Балаға ата – анадан кейінгі ақыл – ой, адамгершілік, эстетикалық, сана – сезімдік, дене тәрбиесі мен ұлттық тәрбие сіңіруші адам – мұғалім. Ал, жаңа заманның тарихын жазатын, кезінде қателескен, бұрмаланған тұстарына әділ баға беретін, толықтыратын бүгінгі жас ұрпақ. Сондықтан да елімізде жүріп жатқан өзгерістердің мәнін түсіне білу ең алдымен сіздерге, яғни жас мамандарға аса көп күш салады, - десек болады.
Елбасының білім мен ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр» - деген Н. Ә. Назарбаев бір сөзінде.
Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, мемлекеттің гүлденуі негізгі үш фактордан тұрады. Олар мыналар:
1. Жаңа ғылыми жаңалықтарды игеру;
2. Білімнің деңгейін көтеру;
3. Мамандардың кәсіби білімі мен білігі.

Қай мемлекет болмасын әлемдік үрдістерден тыс қала алмайды, жалпы ғаламдық даму заңдылықтарына бағынуға мәжбүр болады, себебі, ешбір мемлекет жабық күйде өмір сүруі мүмкін емес. Өркениет дамуынан кенже қалмау үшін жаңа өзгерістер қажет – ақ. Осыған орай, болашаққа деген талпыныстар біздің елімізде де жүріп жатыр.

Қазір «Интернет» жүйесіне ену қажеттігі туындап отыр. Біздің елімізде барлық мектеп компьютерленіп жатыр. Ендеше, сол компьютерлерде тек балалар ойын ойнап, жазу жазумен ғана шектелмей, арнайы бағдарламалар жасап, білім негіздерін ғаламдық дәрежеде меңгеру ісі қолға алынса, нұр үстіне, нұр болар еді. Бұл уақыт талабы, ғаламдану талабы.

Білімді тұлғаны шығару сабақ сапасынан көрініс табады. Сабақ дегеніміз – оқытуды ұйымдастырудың басты формасы, оқушы мен мұғалім қарым – қатынасын ұйымдастыратын форма.
Жалпы енді, ұстаздық әдеп – ұғымына келетін болсақ, ол мұғалімнің көркі, кескін келбеті, сұлу да сымбатты жүріп тұруы және ұстазға тән биязылығының, өз пәніне деген құлшынысының бар екендігін сипаттайтын ерекше тұлға иесі. Сонымен қатар әрбір оқушының білімін таразылар кезде шәкірт жауабын мұқият тыңдап, қателіктерін елеусіз түзету арқылы ойын үзбей тыңдай білу де мұғалім шеберлігінің сипаты болып табылады.

Мектепке жаңадан келген әрбір жас мұғалім ең алдымен өзіне жүктелген жұмыстың сипатымен таныспай тұрып, мектеп ұжымымен, ондағы қызметкерлердің жұмыс тәжірибелерімен және ең негізгісі мектеп қай бағытта жұмыс жасайтындығын біліп алуы шарт. Және әрбір жас мұғалімге әдіскер ұстаздардан үлгі - өнеге көрсетіп, оларға жеке – жеке кез келген жұмыста қол ұшын беретін ұстаздар бөлінуі керек.

Білім берудің қазіргі жаңа құрылымы және оқу - әдістемелік мазмұнының өзгеруі мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жаңартуын, шығармашылық ізденістерін шыңдауын қажет етеді. Оны шешудің факторлары оқытудың жаңа әдістемелік жүйелерін құру болып табылады.

«Жақсы мұғалім – маған әр уақытта қымбат, өйткені ол мектептің жүрегі» - деп ағартушы педагог Ы. Алтынсарин айтқандай, мектеп үшін ең керегі – жақсы мұғалім. Кез келген мұғалім өзін жақсы жағынан көрсету үшін жан – жақты, ұйымшыл, ізденімпаз және сауатты болуы шарт. Себебі, адамның өзі білмегенін немесе толық түсінбегенін біреуге айтып жеткізуі мүмкін емес нәрсе. Сондықтан «Жас мұғалімдер» сіздерге айтарым:
1 - ден, әрбір берілген тапсырмаға жауапкершілікпен қарауды үйреніңіздер;
2 - ден, қай нәрсеге де болмасын жан – жақтылық көрсетуге талпыныңыздар;
3 - ден, уақытты босқа өткізбей, осы кезден пайдалана біліңіздер және т. б.
Қорытындылай келе, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: белгілі педагог К. Ушинскийдің «Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» - деген пікірді айтқым келеді.
8 212
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мұғалім мен оқушының бірлескен әрекеті, топтық жұмыстан рефлексияға дейін немесе оқушыны жаңаша ойландыруға ұмтылыс
Мұғалім мен оқушының бірлескен әрекеті, топтық жұмыстан рефлексияға дейін немесе оқушыны жаңаша ойландыруға ұмтылыс
XXI ғасыр ғылым мен білімнің қарыштап дамыған ғасыры. Жаңа қоғам кеңістігінде жас ұрпаққа жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр.
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді пайдаланудың тиімділігі
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді пайдаланудың тиімділігі
Бүгінгі жас ұрпақ - ертеңгі ел тірегі. Ендеше сапалы білім мен саналы тәрбие ұштасқанда ғана ұлт тілегі, мемлекет пен халық мүддесі орындалмақ.
Отбасы - ол бір мемлекет
Отбасы - ол бір мемлекет
Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Ә. Боранбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің әлеуметтік педагогы Әбдікова Әсем Серікқызы
Ұстаздық – киелі де, мәртебелі мамандық
Ұстаздық – киелі де, мәртебелі мамандық
Ақтау қаласы, М. Әуезов атындағы №20 жалпы білім беру орта мектебі Беккожина Нуржамал
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу - заман талабы
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу - заман талабы
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №11 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Замзагуль Болатовна
Ұстаздық ұлы жол
Ұстаздық ұлы жол
Ұйғыр аудандық білім бөлімінің әдіскері Гүлзия Алшынова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×