Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәрбие үрдісіндегі оқушы мен сынып жетекшінің өзара байланысы

30 қараша 2017, Бейсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Тәрбие үрдісіндегі оқушы мен сынып жетекшінің өзара байланысы.
Жас ұрпақтың тәрбиесіне қойылатын жаңа заман талабы – ол өз Отанын сүйіп және құрметтейтін, өзара қарым – қатынас жасай білетін, өзін - өзі жетілдіру арқылы өмірлік мақсаттарына жете алатын, адамгершілік құндылықтарды қастерлейтін, жеке қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қоғам талаптарымен үйлестіре білетін тұлғаны қалыптастыру үшін тәрбие үрдісін ұйымдастыруды кешенді түрде қараудың қажеттілігіне баса назар аудару.

Бірақ барлық оқушылар ойдан шыға бермейді. Бірен – саран болса да сыныпта да, мектепте де берекені кетіріп, көпке ортақ қоғамдық ережелерге көлденең келетін, аяқтарын шалыс басып, басқалардың байсалды оқуына іріткі салатындар аз емес. Олармен оңаша жұмыс жүргізіп, қатарға қосатын қажырлы еңбеккерлердің алдыңғысы – сынып жетекшісі.
Жас ұланның жаратылысынан жаман болып тумайтыны сияқты, жақсы өсіп келе жатқан баланы теріс жолға түсіретін жағдайлар аз ба? Иә, біреулері тәрбиенің нашарлығынан, екіншілері жолдастарының жамандығынан, үшіншілер психо-физиологиялық даму сатысындағы дағдарыстардан бұзылады.

Сынып жетекші педагогикалық тәлімге босаң шәкірттің ойсыраған жағын, оның ар – намысына тимейтіндей, жасытпайтындай ескертуі тиіс. Жақсы мінез бітістерін дамыта, өз күшіне сенімділігін арттыра, ұнамды істерге еліктіре білу керек. Оқушыларды бір - бірімен оқу үлгеріміне, қасиетіне, қабілетіне қарай салыстырмаған абзал деп есептеймін, себебі, мұндай салыстыру қалыс оқушының жеке – типологиялық ерекшелігіне қарай намысына тиіп, озат оқушыға өшпенділік туғызады. Сондықтан салыстыру, мадақтау, жазалау сияқты әдістерді қолданғанда оқушылардың жеке психологиялық ерекшеліктерін ескеру керек.

Сынып жетекшінің оқу – тәрбие үрдісінде қиындық келтіретін оқушылармен жұмысында ұжымдық шаралар мен дара тәрбие қатар жүруі тиіс. Ер баламен жеке сөйлесе отырып, мінез – құлқын түзету, өзін - өзі тәрбиелеу, реттеу, ерік – жігерін дамыту жолдарына бағыт беріледі. Білім мен тәрбие беру мақсатында «апта күні» айдарымен спорт жаңалықтары таныстырылады. Мысалы, «Туриндегі олимпиада», «Азия чемпионаты», «Грек – рим күресі күнделігі», «Олимпиада ойындары тарихынан естелік» т. б.

Сынып сабақтарында үлгерімге байланысты мәселелер талқыланса, оны оқушылардың өздеріне басқарту, ал сынып жетекшісі кеңесші дауыста қызу айтыс куәгері ретінде отыруы, демократиялық сана қалыптасуының белгісі. Оқушыға мақсат қойсаң қиындығына қарама, қолға алғаныңды аяқсыз тастама деген бағытта осы қағидалардың мәнін, мазмұнын өз бойына сіңіріп, терең ұғынуы керек.
Тәртібі босаң, енжар шәкіртті қатарға қосу бағытында «Демала білу керек», «Сенің білімің – келешегіңнің жемісі» т. б. әңгімелер өткізілуде.
Жасөспірім қиялын қиялға шаптырып, білгісі келіп қызықтыратын бұқаралық шаралар тақырыптарына, Мысалы: М. Б. Ықсанов туралы толық мағлұматтар беру, көше аттары не себепті бұл кісінің есімімен аталғаны туралы айту т. б. оқушының бойына адал еңбекке деген сүйіспеншілік сезімдерін оятуға көмек береді.

Оқшау жүретін балалардың сынып ұжымымен жұғысып кетуі – ұжым мүшелерінің көзқарасына тікелей байланысты. Сынып оқушыларының әдсіздерге деген қарым – қатынасын қалыпқа келтіру – сынып жетекшісінің басты жұмысы. Әркім әлсізге қамқорлық жасап, бауырына тартып, оның да алдыңғы шепке шыға алатынына сенім орнықтырса, ұжым еркіне көнбейтін жасөспірім болмақ емес. Мысалы, сыныпта бір оқушы биылғы оқу жылында келген, келер – келместен аяғын ауыртып алып, дайындыққа бара алмай, нәтиже көрсете алмады, ал соңғы уақытта оның күрескенде қолданған тәсілдерін балалар күлкі қылыпты (бапкердің өз ауызынан естідім). Содан кейін ол баламен бірге жаттығатын оқушылармен жеке - жеке сөйлесіп, оқушылар өз қателіктерін мойындады, оқушыдан кешірім сұрап, қазір бәрі бірге бір ұжымның баласындай жаттығып жүр.
Тәртібі босаң шәкірттерді қатарға қосудың бір шешуші саласы – олардың өз қалауларына, дағды икеміне қарай ұжым тең қоғамдық істеріне қатыстыру. Осы бағытта сынып старостасын сайлауда анкеталық сұрақ беріледі:
1. Сынып старостасы өзің болғың келе ме?
2. Сынып старостасы қандай дәрежеде болғанын қалайсың?
3. Кімді сайлағың келеді, қандай қасиеттері үшін?
Сынып старостасын сайлағаннан кейін сынып белсенділерін сайланады (әр оқушының қабілетіне қарай). Тәртіп секторы – күнделікті сабаққа қатынасуы, тәртібі есепке алынады. Тазалық секторы – аптасына бір рет сынып оқушыларының тазалығы, киімі т. б. тексеріледі. Спорт секторы - спорт жаңалықтарымен таныстырады, т. б. спортқа қатысты мәселелерді шешеді. Шаруашылық секторы – қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуларын қамтиды. Оқу секторы – оқушылардың үлгерімі, күнделігі т. б. есепке алынады. Хабарлама секторы – әлем жаңалықтары, облыс, аудан, көлемі т. б. Оқулық секторы – оқулықтың ұсталынуы, апта сайын түгендеп отырады. Редколлегия – терзімді күндерге, мектеп, сыны өмірінен газет шығару. Әр сектор дәптер арнайды, тәрбие сағатында жұмыстары талданады Екі оқушыдан 18 оқушы қамтылды, жұмысқа жауапкершілікпен араласқаннан кейін нәтижесін көрді.

БҚО, Тасқала ауданды,
ЖОББ Амангелді мектеп - балабақшасы әлеуметтік педагог
Жанна Букенбаевна Ислямгалиева

Тәрбие үрдісіндегі оқушы мен сынып жетекшінің өзара байланысы. жүктеу
2 780
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тәрбие жұмысының бастауыш сыныпқа арналған жоспары
Тәрбие жұмысының бастауыш сыныпқа арналған жоспары
Оқушылардың білімдерін дамыта отырып тәрбиелеу. Оқушыларды адал болуға, тәртіпті болуға тәрбиелеу.
Жеке тұлғаның қалыптасуындағы сынып жетекшінің рөлі
Жеке тұлғаның қалыптасуындағы сынып жетекшінің рөлі
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №14 орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Боранова Болған Махмутқызы
Тәрбиеге байланысты менің көзқарасым
Тәрбиеге байланысты менің көзқарасым
Атырау қаласы, И.Тайманов атындағы №27 орта мектептің технология пәні мұғалімі Күнімжан Қайырболатқызы Жұмағалиева
Ата - ананың мектептегі алатын орны
Ата - ананың мектептегі алатын орны
Ә. Жангелдин атындағы, № 52 жалпы орта мектебі мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі: Айсариева З.
Тәрбие жүйесінің тиімділік өлшемі
Тәрбие жүйесінің тиімділік өлшемі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы №24 мектеп қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Есенжолова Жанаркүл Ақниетқызы
Жастай берген тәрбие жас қайыңды игендей
Жастай берген тәрбие жас қайыңды игендей
Мектепте баламен тығыз байланыста жұмыс жасайтын сынып жетекшісі. Сынып жетекшісінің жұмысындағы байланыс аясы өте кең болуы керек.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×