Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мазмұндамалар жинағы

12 қаңтар 2014, Жексенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Мазмұндамалар жинағы
Алғы сөз
Мазмұндама – оқушының өз ана тілі мен әдебиеттен алған білімін тексерудің негізгі нысандарының бірі. Мазмұндама арқылы баланың өз ойын жүйелі баяндай білу қабілеті мен тіл байлығы, сауаттылық деңгейі анық көрінеді.
Мазмұндама жазғанда мына нәрселерге көңіл бөлген жөн.
1. Мәтінді мәнерлеп оқу.
2. Мәтіннің мазмұнын қысқаша әңгімелеп, түсініксіз сөздерді түсіндіру.
3. Ең түйінді, өзекті нәрсеге көңіл бөлу.
4. Мәтін құрамындағы кейбір сөздердің мазмұнына, жазылуына назар аудару.
5. Мәтінді екінші рет оқу.
6. Мазмұндама жоспар арқылы да, жоспарсыз да жазылады.
7. Мәтіннің мазмұнын оқушы өз сөзімен жазады.
Жоспар құру - оқушының өзіндік ізденісін, ойлау қабілетін танытатын жұмыс.
Мазмұндама нормалары
Сыныптар Сөздер саны
5 -------------- 100 - 150 сөз
6 -------------- 150 - 200 сөз
7 -------------- 200 - 250 сөз
8 -------------- 250 - 300 сөз
9 -------------- 300 - 350 сөз
10 ------------ 350 - 400 сөз
11 ------------ 400 - 450 сөз
Бағалау нормалары
Баға ----------- Қателер саны
5 --------------- 1/0 1/о 0/1
4 --------------- 3/3 2/4 1/ 5
3 --------------- 6/5 5/6 3/8
2 --------------- 9/5 8/9

Мазмұндама
Бәйгеторы
Бұның бәйгеден озғанына қуанбаған кісі жоқ. Кейбіреулер бұл торының шапқанын көрген жоқ, бірақ сырт қарасынан - ақ, ғұмыры жылқы көрмегендей бас шайқап, таңдай қағысты.
Бәйгеторы талай жарыста қарақшыға алдына жан салмай келді. Бәйге алған сайын бұның селдірлеу қарақошқыл жалын бір сипауға құмарлар көбейе берді. Адамдар неғұрлым сылап - сипаған сайын бұның да көңілі өсе түсті. Бәйге төбеге жиылған жұрттың у - шуы да миына инедей қадалмайтын болды. Қайта жұрт шуылдаңқыраған сайын тақымы қызады. Жарыс жоқта да ол жылқыдан гөрі адамға үйір. Маңына жылқы жолап кетсе, едіреңдеп аузын аша жүгіреді.
Бәйгеторы бәріне үйренді. Бір - екі рет баржамен үлкен қалаға барып, бәйгеге шауып қайтты. Онда ауылдағыдай емес, жан - жағын қоршаған кең аулаға қамап қойды. Сол қоршаудың ішінде шабады екен. Самсаған халық екі бүйірде ағашқа мініп тұрады.
Бәйгеторы үстіндегі шабандоздың тақымының әр қимылын, тізгіндегі әр қимылын, тізгіндегі әр дірілді қалт жібермейді. Бәйге жолының әр қимылын да қалт жібермейді. Бәйге жолының да біраз құпиясын біліп болды.

Мазмұндау жоспары:
1. Бәйгеден озған – Бәйгеторы
2. у - шу
3. Самсаған халық
4. Бәйге жолының құпиясы

Ала сиыр
Күнде кешқұрым, өрістен мол қайтатын кезде, бала - шаға табынның алдынан шығамыз. Жан сақтап отырған бір – бір сиырымызды тосып алып, үйге айдап келеміз. Әдетте, ала сиырды қарсы алуға Рамазан екеуіміз шығатын едік. Бір күні, Рамазан сырқаттанып қалды ма, есімде жоқ, қолыма жіңішке бір шыбықты ұстай салып жалғыз кеттім.
Табын сайдың ішіне жайылады. Қарындары шеңбірек атып тойынған мама сиырлар қара жолдың бойымен шұбап келе жатыр. Бұзауын сағынған құнажындар жіңішке даусымен өңешін соза мөңіреп, мен келе жатырмын деп, хабар беріп қояды.
Біздің ала сиыр өзін маңғаз ұстайды, жөн жосықсыз мөңіремейді. Екеуіміз бірімізді – біріміз алыстан танимыз. Маған келе жатырсың - ау дегендей ала сиыр алдыма түсіп, айдалуға бейімделе береді.
Жалаңаш аяғыммен жолдың май шаңын бұрқ - бұрқ кешіп, қаннен - қаперсіз, сиырдың соңында келе жатырмын. Қай жермен қалай жүріп отыруды ала сиыр өзі біледі. Жолда колхоздың ат қорасы бар. Ат қораға жақындап қалған кезде жауын сатырлап жауып кетті. Мен қораға кіріп кеттім. Жауын жауа қоймайды ғой деп жалаңаш шыққан едім. Тақтайдың жарығынан сығалап едім ала сиыр артына бірер қарап, бөгелгендей болып еді, енді ол да көрінбей кетті.

Әңгіме өткізу үшін сұрақтар:
1. Балалар кешқұрым қайда барады?
2. Келе жатқан сиыр, құнажындар қандай белгі береді?
3. Ала сиыр тұралы не айтуға болады?
4. Сиыр айдап келе жатқан бала қандай жағдайға қалды?
5. Ала сиыр не істейді?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
85 232
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мазмұндамалар жинағы
Мазмұндамалар жинағы
Бұл жинаққа 1 - сынып оқушыларына шағын әңгіме, мазмұндама жазуға арналған материалдар енгізілген
Мазмұндама "Қайыңның көз жасы"
Мазмұндама "Қайыңның көз жасы"
Мәтіннің негізгі ойын, мазмұнын жазба түрінде жеткізу. Білімділік мақсаты: Сөз тіркестерін, сөйлемдерді дұрыс қолдана білу, сауатты жазуға үйрету.
Мазмұндама жинағы
Мазмұндама жинағы
Мазмұндамалар 1 - 4 сыныптардың әрқайсысына 10 - 18 мәтіннен беріліп, жинақта барлығы 49 мәтін қамтылған. Алынған мәтіндер мазмұны жағынан өмір талабына сай, оқушының ой - өрісін, зейін - қабілеттерін жетілдіруге негіз болатын, сауаттылығын арттыру
Мазмұндама «Қазақтың ұлттық тағамдары»
Мазмұндама «Қазақтың ұлттық тағамдары»
Қазақ халқының тағамдары туралы білімдерін бақылау, білім деңгейін тексеру; Жазбаша көркем тілін дамыту, теориялық білімдерін практикалық жұмыстарда қолдануға, ойлау еңбегіне, өз беттерімен ойларын жүйелі түрде жеткізуге, қорытынды жасай білуге
Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің мазмұндама жұмысын бағалауда критериалдық А Б В жүйені қолдану
Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің мазмұндама жұмысын бағалауда критериалдық А Б В жүйені қолдану
Біріншіден, критериалды бағалау дегеніміз не?- деген сұраққа жауап берейік. Критериалды бағалау - бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу - танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын - ала белгіленген жетістіктермен салыстыру
Мазмұндама «Жалқау мысық»
Мазмұндама «Жалқау мысық»
Мақсаты: Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, оқып берген мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×