Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ағаштар әлемінде

24 маусым 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Ағаштар әлемінде
Сабақтың мақсаты: І. Жансүгіров атамыздың «Қоңырқай күз болыпты, қуарып жапырақ түсіпті...» өлең шумағын еске ала отырып балаларды бақшамызда, қаламызда өсетін ағаштар атын білуге бұтақтары мен жапырақтарын діңіне қарай тануға үйрету. Күз ерекшеліктерін аңғара отырып, табиғат байлығын қорғауға, оны аялай білу дағдысын дамыту. Күздегі құрт - құмырсқа өмірінде бірте - бірте болатын өзгерістер жайлы ұғымдарын молайту. Өз отанына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Бақша айналасы туралы карта, ағаштар суреттері, гербарилер, техникалық құралдар, қыстайтын құстар суреттері, жылжымалы папкілер.

Сабақтың өту барысы:
Тәрбиеші: Балалар, біз оқу іс – әрекетін бастамас бұрын тілімізге, қолымызға жаттығулар жасап алайық.
«Көңілді тіл ертегісі»
«Кім бірінші» (саусаққа) (тіл, қол жаттығулары)
Айнала сары киінді,
Құстар жылы жаққа ұшады.
Күн бұлттанып ызғарланады,
Бұл қай кезде болады?
Балалар: Бұл күз мезгілінде болады.
Тәрбиеші: - Балалар жылдың неше мезгілі бар?
- Жылдың төрт мезгілі бар: көктем, жаз, күз, қыс.
Тәрбиеші: Күз мезгілінің неше айы бар?
Санжар: Күздің үш айы бар (қыркүйек, қазан, қараша).
Тәрбиеші: Күздің ерекшелігін кім айтады?
Гүлназ: Күн суытады, жылы киінеміз, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, көкөніс, жемістер, дақылдарды жинап аламыз.
Тәрбиеші: Кім күз туралы тақпақ айтады?
Салтанат: Алтын сары, қызыл көк,
Алуан – алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады апырап.
Балаби: Көктемде егін егетін,
Күзде жиып беретін.
Біздің дала бай дала,
Алтын астық айнала.
Тәрбиеші: Құстар біздің кіміміз?
Балалар: Құстар - достар, олар бақшаны құрт – құмырсқалардан қорғайды, табиғатты қорғайды.
Тәрбиеші: Қыстайтын құстарды кім біледі?
Балалар: Сауысқан, торғай, суықторғай, кептер.
Алуа: Қайтқан құсты көрдің бе?
Қайтпай ұшқан әуелеп.
Күткен күзім келдің бе?
Сыңсып бағың мәуелеп.
Сәуле: Жылы жаққа ұшпайтын,
Біздің жақта қыстайтын.
Құстар жүрсе жуықта,
Жем шашуды ұмытпа.
Тәрбиеші: Құстар туралы кім мақал – мәтел біледі?
Санжар: Құсқа аяз қатер емес, аштық қатер.
Құстар көп болса, зиянкес жәндіктер аз болады.
Жұмбақ:
Көктемде келіп, күзде кетеді,
Жаздай бауда әндетеді.
(құстар)
Тәрбиеші: Қазан айында қандай мереке болады?
Балерке: 25 қазан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған мерекесі.
Юсуп: Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.
Тақпақ: «Отан».
Нұрислам: №13 «Бөбек» балабақшасына келіп жүрміз.
Тәрбиеші: Бақшамыз қай көшеде орналасқан?
Дарина: Нағым Қобландин көшесінде орналасқан.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін оқу іс - әрекетінде І. Жансүгіров атамыз айтқандай күз болыпты, қурап жапырақ салыпты атты экологиялық сабағымызды бастаймыз. Қонақтарға осы балабақша айналасындағы өсетін ағаштарымызды таныстырамыз. Бақшамызға кірер қақпа алдында оң жағында қандай ағаш өсіп тұр? Балабақшамыздың эмблемасы тұр.
Сабрина: Қарағаш, сирен ағаштары өсіп тұр.
Тәрбиеші: Ал келесі сол жақ қапталында не тұр?
Балалар: Гүлдер өсіп тұр, сирен ағаштары және балалар суреті тұр.
Тәрбиеші: Аржақтарында көбісі қарағаштар мен шырмауықтар өсіп тұр. Дұрыс, балалар, бақшаның бір жағымен танысып болдық, енді оң жақ қапталында балалар серуенге шыққанда демалатын орын бар. Ең үлкен ағашты кім айтады?
Диас: Терек, қараағаш, бұталар.
Тәрбиеші: Бақшаға кірер кездегі гүлзарда қандай гүл бар?
Балалар: «Кан, пион» гүл өсіп тұр.
Тәрбиеші: Терезеге жапсарлас өскен гүл қандай?
Балалар: Шырмауық гүлдер. Бәйшешек қоңыраугүл, інжу гүлдер.
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. Бақшамыздағы өсетін ағаштарды, гүлдерді жақсы біледі екенсіңдер. Неге осы картада түрлі бояумен боялған?
Балалар: Өйткені күз мезгілі. Жапырақтар сарғайған.
Сергіту сәті:
Бойды бүкпей тік ұста,
Еркін тұрып тыныста.
Жай оң қолды оң жаққа,
Жай сол қолды сол жаққа.
Екі қолды белге ұста.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Қос аяқтап топ – топ,
Алақанды соқ – соқ.
Енді маған осы Ақтөбе қаласында өсетін ағаштардың аттарын кім айтады?
Дидактикалық ойын: «Сиқырлы шам арқылы суретке қарап, атын тап».
Гүлсая: Көше бойы аралас,
Қаптап өскен қараағаш.
Жемісі жоқ болса да,
Саясы көп дара ағаш.
Тәрбиеші: Қараағаштың бейнесі туралы айта ғой.
Адил: Денесі қара, бұтақтары жайылып өседі.
Тәрбиеші: Көк теректі кім тауып көрсетеді?
Рабия: Аяздарға тоңбайды,
Аптаптарға өзін шыңдайды.
Тұрып желдің өтіне,
Иілседе сынбайды.
Тәрбиеші: Көк терек қалай өседі?
Бекнұр: Көк терек жуан, ұзын, тіке, қабығы көкшіл.
Тәрбиеші: Емен ағашын кім көрсетеді?
Айгерім: Егістікті көлемді,
Қоршай ектік еменді.
Ескен желді егінді,
Қорғап тұрар ол енді.
Емен ағашы сұрғұлт қара, жапырақтары оюға ұқсайды, көлеңкесі үлкен.
Тәрбиеші: Шырша ағашын кім тауып көрсетеді?
Алуа: Жасыл қыста жазда да,
Біз қараймыз мәз бола.
Инелері сондай көп,
Жаңғақтары аз ғана.
Тәрбиеші: Осы ағаштар туралы кім мақал – мәтелдер біледі?
Балалар:
Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын.
Ағаш ексең аялап, басыңда болар сая бақ.
Бір ағаш кессең, он ағаш отырғыз.
Дидактикалық ойын: «Қай ағаштың жапырағы?»
ТРИЗдік әдіспен: «Торғай қонды ағашқа».
Үрлеу әдісі және саусақпен салу жолдарымен бейнелеу.
Экология тақпағын айтып сабақты қорытындылау.
Табиғатты сүйіңдер,
Сүю үшін біліңдер.
Қамқорлық жасау жолында,
Жан тәнімен күйіңдер.
Оқу іс – әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау.
40 491
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алма бағы
Алма бағы
Балалардың күз мезгілі жайлы түсініктерін кеңейту, күздің ерекшеліктерін, белгілерін атай отырып, қоршаған ортаға сүйіспеншілігін арттыру. Алма ағашының құрылысының ерекшеліктеріне сәйкес оның бөліктерін, бір - біріне қатынасын дұрыс бере білуді
Күзгі ағаштар
Күзгі ағаштар
Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістер жайлы бейнелеу арқылы балалардың білімдерін кеңейту, оның құбылыстарын ажырата білуге үйрету.
Қысқы ағаштар
Қысқы ағаштар
Ағаштың бейнесін қағаз бетіне дұрыс бейнелей білу дағдыларын қалыптастыру, табиғатты сүйе білуге, оны аялап, қорғай білуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Қыс мезгіліндегі ағаштар, табиғат суреттері, ағаштардың суреттері.
Жапырақтар
Жапырақтар
Кіріспе сөз: Балалар сабақты бастамас бұрын біз жылдың төрт мезгілінің ағаштарың бақылайық Балалар жапырақтар әртүрлі пішінді болады. Балалар жаз мезгілінде жапырақтардың түсі – жасыл болады. Ал күз мезгілінде жапырақтардың түсі – сары, қызыл,
Су - тіршілік көзі
Су - тіршілік көзі
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Асанәлі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиешісі Усенгалиева Акбота Елемесовна
Қар жамылған ағаштар
Қар жамылған ағаштар
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×