Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Біз құқықты білеміз!

18 желтоқсан 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Ашық сабақ тақырыбы: Біз құқықты білеміз! (слайдымен)
Сабақтың мақсаты: Балалардың жыл бойы алған білімдерін қорытындылау.
Міндеттері:
- Мектепке дейінгі бағдарламаның игерілуін анықтау.
- Балалардың құқықтық білімдерін тиянақтап жетілдіру.
Сабақта қолданылған әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, әңгімелеу, сахналау.
Қолданылатын құрал - жабдықтар: интерактивті тақта, слайд, орамал, қуыршақ, есептер, сөздер, адасқан әріптер жазылған, сан құрамын анықтауға арналған карточкалар, қалам, қызыл, көк түсті қарындаштар.

Сабақтың барысы
Шаттық шеңбер.
- Сәлеметсіңдер ме балалар! Бүгін бізге мектептен ұстаздар қонаққа келіпті. Кәне бәріміз амандасайық.
- Сәлеметсіздер ме!
- Балалар ұстаздарға біздің бақшамыз жайлы не айтып бере аласыңдар?
- «Біздің балабақшада» өлеңін айтайық.
Балабақша есігін,
Үшке тола ашқанбыз.
Балапандай өсіріп,
Мәпелейді бақшамыз.

Бұл екінші үйіміз,
Бір туғанбыз бәріміз.
Біз осы үйдің гүліміз,
Біз осы үйдің сәніміз.

Бұл құшағы тым ыстық,
Мектебіміз бастапқы.
Мұнда жақын туыстық,
Мұнда тұңғыш дос таптық.

- Өте жақсы балалар. Балалар қалай ойлайсыңдар ұстаздар неге бізге қонаққа келді?
- Өйткені біз биыл мектепке барамыз,- дейді.
- Біздің білімімізді көруге.
- Дұрыс айтасыңдар. Ал ендеше орнымызға отырайық.

1 слайд.
- Балалар қараңдаршы кім келгенін.

2 слайд.
- Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен «Құқықтану елінің» мектебінен келген ұстазбын.
- Сендердің мектепке дайындықтарыңмен қатар, құқықтық білімдеріңді білгім келеді. Сендер «құқық» не екенін білесіңдер ме?
- Әрине білеміз,- дейді балалар.
- Балалар кәне «құқық» деген не екенін сахналап көрсетейік. Ортаға Гүлназ бен Әлия шығып көрініс көрсетеді.

Сахналау. «Құқық» деген не?
- Әже, мен жаңа радио тыңдап отырған кезімде бір қызықты сөз естідім,- дейді Әлия күліп.
- Сол сөз есіңде ме?
- Есімде, бірақ айтайын десем, тілім келмейді. «Ұқық, құқық» па, әйтеуір осы сөзге ұқсайтын сөз. Бұл не деген сөз? Әже ол зат па, не өзі?
- Айналайын Әлия, ол зат емес. «Құқық» сөзі әр адамның өз басының еркі бар деген мағынада қолданылады.
- Менің де құқығым бар ма?
- Бар. Мынау сенің жақсы көретін ойыншығың, оны саған кім сыйлады?
- Ағатайым сыйлады.
- Бұл сенің ойыншығың. Мен оны біреуге сыйлауға құқым жоқ. Неге?
- Ол менің қуыршағым. Мен оны ешкімге сыйламаймын.
- Дұрыс. Оған сенің құқың бар. Адамның құқығы мен қатар міндеті болады. Оның бәрі «Құқықтану елінің» кітабында жазылған.
3 слайд.
- «Құқық» не екенін біледі екенсіңдер. Ал енді сендердің қандай құқықтарың бар екенін мен тапсырмаларым арқылы тексеріп көрейін. Дайынсыңдар ма? Онда алға!

4 слайд.
- Сендер неше жасқа дейін бала болып есептелесіңдер?
- Балалар көгалдағы гүлдердің мысалын шығарып, неше гүл бар екенін санап шықсаңдар менің сұрағыма жауаптарыңды табасыңдар.

5 слайд.
Балалар мысалдарды шығарып, көгалдағы гүлдерді санайды.
- Барлығы 18 гүл.
- Сонда балалар сендер неше жасқа дейін бала болып есептелесіңдер?
- 18 жасқа дейін.

6 слайд.
- Өте жақсы балалар! Келесі тапсырма. Алдарыңдағы сызба бойынша сөйлем құрастырыңдар.

7 слайд.
Сөйлем құрастыруға арналған сызба.
- Балалар әркімнің алдында сызба бар, кәне қарап сөйлем құрастырыңдар. Кім құрастырып болса, қолын көтеріп жауап беруге болады.
- Балалардың жауабы.

8 слайд.
- Балалар сөйлемдерді де дұрыс құрастыра білдіңдер. Ендеше келесі сұрағым. Әркім өз сөйлемін біреудің есімімен бастады. Бұл нені білдіреді?
- Әрбір бала туылған кезден бастап есімі, әкесінің аты және тегі болуға құқылы.
- Азаматтығы болуға құқылы.
- Ұлты, діні мен мәдениетін сақтауға құқылы.
- Дұрыс таптыңдар. Келесі тапсырма. Кестедегі сан құрамын анықтап, қажетті бөлшекті орнына қой.

9 слайд.
Балалар сан құрамын анықтап, бөлшектерді орнына қояды.
- Суретте «Айболит» ертегісі бейнеленген,- дейді.

10 слайд.
- Балалар бұл суреттегі ертегі бойынша қандай құқықтарың бар екенін атаңдар.
- Әрбір адамның денсаулық сақтауға құқығы бар.
- Балалар сендер оқу білесіңдер ме? Нүктеден бастап сілтеме жолымен оқыңдар.

11 слайд.
Оқуға арналған тізбекті сөздер.
- Балалар әр кім өз тізбегін оқып беруге болады.
Балалар сөздерді оқиды.

12 слайд.
- Балалар сендер оқыған заттар неге жатады?
- Ойыншықтарға.
- Олармен біз не істейміз?
- Ойнаймыз.
- Ойнау үшін біз қандай құқығымызды білу керекпіз?
- Демалуға құқылымыз.
- Бос уақытымызды өткізуге құқылымыз.
- Жан - жақты дамып өсуге құқылымыз.
- Дұрыс айтасыңдар. Ендеше сергіп, демалып алыңдар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 472
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Балабақша – біздің екінші үйіміз
Балабақша – біздің екінші үйіміз
Балабақшам менің Жаңа қадам жасадым Қош болып тұр, бесігім Мен қуанып ашамын Балабақша есігін.
Білімнің бастауы – балабақшада ертеңгілік
Білімнің бастауы – балабақшада ертеңгілік
1 қыркүйек - білім күні. Мерекелеріңіз құтты болсын! Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі кездесуіміз біздің білім күніне, бірінші қыркүйек күніне арналған. 1 - ші қыркүйек күні барлық балабақшаларда, мектептерде басқа да білім беру мекемелерде
Қош бол балабақшам
Қош бол балабақшам
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы «Балауса» балабақшасының тәрбиешісі: Мансурова Амина Шакиртовна
Менің балабақшам
Менің балабақшам
Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы Балабақша тәрбиешісі: Тлегенова Ләззат
Біздің бақшамыз
Біздің бақшамыз
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы, №1 балабақшасының тәрбиешісі Сейдалиева Асем Каримжановна
"Шағын орталықпен қоштасу" ертеңгілік
"Шағын орталықпен қоштасу" ертеңгілік
Шығыс Қазақстан облысы. Семей қаласы Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы білім беретін орта мектеп Шағын орталық тобының тәрбиешісі Мухамадиева Каламкас Ерназаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×