Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаңа жыл

20 желтоқсан 2012, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
№ 42 «Тілек» балабақшасының
Музыка жетекшісі
Гүлдана Серікқызы Ахметова

Жаңа жыл 2013 жыл!

Музыка ырғағымен балалар әдемі би билеп кіреді
Міне, міне жақындап, келіп қалды Жаңа жыл!
Мерекені бастайтын, уақыт келді халайық. Ән айтайық, би билейік, қарап босқа тұрмайық.
(Жарық өшіп, т.т. шар айналады. Сағаттың дауысы естіліп) Қар Ханшайымы(кіреді)

Жақындап қалды Жаңа жыл! Жаңа жыл қарсанында, өте қатты қалап едім, бір нәрсені ұрлауға үлгермедім. Ештеңе етпес, әлі кез емес. Бәріне де үлгеремін. Ха-Ха-Ха. (кездескенше).

Жүргізуші: Ал, енді Жаңа жылда орманда, таңғажайып сәттерді біз көрейік. Бұл орманда мәңгі жасыл шыршалар, жолды басқан аппақ-аппақ ақ қарлар. Қараңдаршы, балалар, бұл орманда Ақшақардың үйі бар. Тыңдаңдаршы, сықырлаған қардан, естіледі бір дыбыс( Тсс-Тсс), бізге қарай келе жатыр.

Ақша қар: (арқасына тығып, ақ жидекті тал ұстап тұрады) артынан ерген қаршықтары да келеді.
Ақша қар: Өтініп едім атадан, жидекті қардан жасауын.

1-ші: қаршық: Бұл жидек жай емес.
2-ші: Бұл жерде сиқырдың бір күші бар.
3-ші: Аяз ата бекерден жасамаған
4-ші: Жаңа жылға сыйлыққа сыйлаған.
Ақша қар: Ақ жидекті талымды жасырайын, мына шыршаның астына. Кеттім іздеп ормандағы аңдарды, шақыруға осы жерге тойлауға. (қаршықтар жүгіріп орындарына отырады).
Алиса мен мысық Базилио келеді. Алиса: Менің атым Алиса, мендей қуды таппассың. Осы өмірде ақымақтар таусылмаса, мендей сұлу ешқашанда аш қалмас. Базилио: Бұл ғажайып әлемде, мысықпын мен керемет!Маған қазір тышқан аулау қызық емес! Қазір маған қызықтысы ақымақтарды алдап соғу.
Алиса: Ей, Базилио қарашы, ана жерде бірдеңе жылтырайды жарқырап.
Базилио: Қане, қане қай жерде?
Алиса: Осы сенен пайда жоқ, әне шыршаның астында.
Базилио: Бұл не деген керемет!
Алиса: (Қолына алып қарайды) Е-Е-Е мүмкін бұл аңқау Ақшақардың балаларға дайындаған сыйы шығар.
Базилио: Бізді ешкім мерекеге шақырған жоқ. Ешкім бізге хабарлама жіберген жоқ.
Алиса: Олай болса, мына жидектің орнына тікенекті қояйық. (кетеді)
Ақшақар (артынан еріп аңдар)кіреді. Міне менің ормандағы достарым, достарымды мерекеге шақырдым.

Аңдар: Алақай, алақай.
Ақшақар: (жидекті іздеп таба алмайды). Ой, жоғалды, мен жидекті талымды мына шыршаның астына қойып едім ғой.
Тиін: Не болып қалды?
Қарға: Неге сонша мұнайдың?
Аю: Кім ренжітті Ақша қар қане айтшы? (Ерасыл)
Ақшақар: Жидек талымды ұрлап кетті.
Қоян: Жылаған мен шаруа шешілмес.
Аю: Қане бәріміз іздеп көрейікші. (Ер)
Қарға: Кар-кар, мұнда келіңдер мен іздерін таптым.
Кірпі: (иіскелейді) мұнда Алиса мен Базилио болыпты (бір-бірінің артынан жүреді). Алдарынан Алиса мен Базилио шығады.

Барлығы бірге: Жидек талды қайта-р.
Базилио: Міне алыңдар, ренжімеңдер.
Алиса: Қалжыңдайық деп едік.
Жаңа жылдарымен достар! (кетеді).
Ақшақар: Барлығымыз жиналған сияқтымыз ал, Аяз ата болса жоқ.
Аяз атаны шақырайық. Аяз ата Аяз ата

Аяз ата: Жаңа жылдарымен!
Балаларым балғыным, өмір гүлім, шалғыным.
Тілегенім жыл бойы, кездесуді сендермен.
Армысың халқым менің,
Айналайын балаларым.
Орман тоғайлардан, үскірік аяздардан, зорға жеттім сендерге. Өздеріңді көргенімше асықтым мен балалар.
Мыстан кемпір(кіреді)

Аяз ата: Сен мұнда қалай келдің мыстан кемпір? Мыс. кем: Шақырмадыңдар, мерекеге өзім келдім. Пай-пай-пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаның кереметін-ай!Үйге алып кетсем бе екен?(осы кезде төменге еңкейіп, шыршаны түбірімен жұлып алғысы келеді).
Тәр: Мыс. кемпір(айтқан сөзге мән бермейді жұлуын тоқтатпайды)біз Жаңа жыл мейрамын тойлап отырмыз, тимеңіз біздің шыршамызға. Мыс. кем: Туу(маңдайындағы терін сүртіп)мына шыршаның тамыры терең отырызылғаны-ай, жұлынбайды ғой.
Аяз ата: Тоқтат мыс. кем. Мен саған тәтті жидек берейін, міне ала ғой.
Мыс. кем: Әкел бері дәмін татып көрейін. (жейді).
- Ой маған не болды?
- Мен сондай мейрімді болып кеттім.
- Сендермен мен бір ойын ойнағым келіп тұр.

Ойын: «Пималар».
Мыс. кем: Енді маған кету керек. Сау болыңдар. Жаңа жылдарымен.
Тәр: Жидек беріп үлгергеніміз жақсы болды. (жарық өшіп, күлкі естіледі)
Бұл қу сүйектің күлкісіне ұқсайды.
Қу сүйек: Сен қателескен жоқсың.
Ақша қар: Сен неге сонша ашулысың
Қу с-к: Адамдарды жақтыртпаймын
Тәр: Балаларда бүгін мереке!
Қу сүйек: Жек көремін шыршаны мен бұзамын!

Аяз ата: Олай болса, сені қатырып тастаймын!(үрлейді у-у-у)
Қу сүйек: (күледі ха-ха-ха)
- Ой не болды?Менің қатты аяздан тісім ауырып кетті ғой, бұл сендердің күнәләрін, ой тоңып қалдым ғой, мен сендерден кек аламын. (ақша қарды ұстап алады).
Ақша қар: Аяз ата енді не істейміз?
Аяз ата: Қу сүйек қоя тұр, міне тәтті жидек же.
Қу сүйек: Әкел бері, жылдамырақ, уақытым жоқ. (жейді)
- Ой, не болып барады маған, неге тұрсын бара ғой жаным (босатады ақша қарды).
- Балалар, мен сендерді сондай жақсы көремін. Сендер мені кешіріңдер!
- Егер сендерді біреу ренжітсе, мен сендерді қорғаймын. Сау болыңдар.
Аяз ата: Осы кешке Золушканы шақырып едім. Қайда жүр екен?
Золушка: ( қарапайым көйлек киген, үйін сыпырып жүрген көрініс).
Міне үйді жинап болдым. Мен Жаңа жыл мерекесіне барайын десем, үстіме киетін әдемі көйлегім жоқ. (осы кезде Фея пайда болып сиқыр жасайды)

Фея: Абра-кадабра.
(Золушка шыршаның артына жүгіріп кетеді).
Золушка: Ой рахмет саған Фея. Мен Жаңа жыл мерекесіне баратын болдым.
Тәр: Олай болса Аяз атаға арнаған кешімізді бастайық.
Аяз ата: Шырша шамын жағайық, қуанып бір қалайық.
Ақша қар: Қуант бізді жасыл шырша
бүгін сен, шамдарыңды жарқыратшы көңілденсін әр адам.
(шам сөнеді, шырша жанады).
Ән: « Жаңа жыл»(хоровод)
Тәр: Жаңа жылда жаңаша,
Болсын қызық тамаша.
Тақпақ айтып атамызды,
Қуантайық қазір біз.
Жаңа жыл – мереке! Жақсылық, береке!
Қуанып, күлейік, Қолтықтасып жүрейік.
Дамира. Барлық жандар бір тілекке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын.
Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл,
Құтты болсын жаңа бақыт, достарым.

Ерасыл
Қане, құшақ ашайық,
Достық тойын жасайық!
Құтты болсын, Жаңа жыл!

Камила.
Қане, босқа тұрмайық,
Бар өнерді сыңайық.
Көтеруге көңілді,
Қандай өнер лайық?

Дина.
Жаңа жылды бастаған
Жаңы жақын жақсы адам.
Аяз ата сізге мен,
Айтам әнді жүздеген.
Қуанышты жыл сайын,
Әкел қарша жырлайын.
Жаса, жаңа жылымыз,
Жаса, бейбіт күніміз.

Естай.
Аппақ, аппақ қар аппақ,
Қар жамылған кім аппақ
Қырау, қырау сен аппақ,
Бәрі аппақ, бәрі аппақ.

Миша.
Жүзімізде күлкі ойнап,
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылда біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.

Омар.
Жыл келді бөлеп бізге ағыс күнге,
Жетектеп нұрлы ертеңге таныс күйге.
Жаңа жыл, жаңа әннің тербелуі,
Жаңа жыл-ақ орманның өрленуі.

Темірлан.
Қызық дәурен тез өтуде қарасам,
Қыза берсін жаңа жылдық тамаша.
Қане достар, би билейік тамаша.

Ән: «Жаңа жыл»
Аяз ата: Мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр.
Ойын: «Мұз бол».
Тағы қандай өнерлерін бар?
Би: «Бубенси». (Дина, Нұрсұлу, Ақерке, Камила).
Қар ханшайымы(кіреді ).
- Басынан бастап мерекеге шақыра ма деп күттім.
- Мен Қар ханшайымы шуды, көңіл көтергенді ұнатпаймын.
- Маған жидекті беріңдер. Ол менікі.
- Бермесеңдер сендердің сыйлықтарыңды мұзға айналдырып жіберемін. (таяқшасын сермеп, шығып кетеді ).
Аяз ата: Қане сыйлығымызды балаларға таратайық. (сандығын ашады, ал онда мұз).
Ақша қар: Не істейміз? Балалар сыйлықсыз қалатын болды.
Аяз ата: Маған үлкен қазан, тұз, қант, бір шелек су, кішкене қар әкеліңдер. (Айым-Лайым-Сайым).
–Сыйлықтар таратылады.
6 556
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қыс мезгіліндегі табиғатының таңғажайып түстері
Қыс мезгіліндегі табиғатының таңғажайып түстері
Мақсаты: Өлі және тірі табиғат құбылыстары туралы білімдерін кеңейту балалардың табиғат жайлы ұғымдарын тиянақтау. Қысқы табиғаттың ерекшеліктерімен таныстырып, ойын арқылы қолдың кіші ұсақ моторикасын дамыту.
Жаңа жылдық сценарий: Келді, міне, Жаңа жыл ортамызға, құт - береке әкелсін баршамызға!
Жаңа жылдық сценарий: Келді, міне, Жаңа жыл ортамызға, құт - береке әкелсін баршамызға!
Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру, мерекелік көңіл көңіл күй ортасын ұйымдастыру, хормен және жеке ән айту шеберліктерін айттыру, би қимылдарын қызығушылықпен, ырғақты сақтай орындауға төселдіру, қайырымды іс жасауға
Көңілді шыршалар
Көңілді шыршалар
Балалар, қараңдаршы, мына жер қандай әдемі, бізді әсем де көркем, сұлу шыршамыз қарсы алды. Бүгін қандай мереке?
Ертеңгілік «Жаңа Жыл»
Ертеңгілік «Жаңа Жыл»
Жаңа жыл, жаңа жыр Жаңа жылда жаңа жыр Жасыл шырша жанында Жадырап барлық бала жүр.
Келе жатыр Жаңа жыл!
Келе жатыр Жаңа жыл!
Қане, құрбыларым келіңдер, Шырша сәнін көріңдер. Әсем әнмен би билеп, Ән жырларды төгіңдер.
Жомарт күз
Жомарт күз
Астана қаласы, № 63 "Әсем ай" балабақшасыныңмузыка жетекшісі Измаханова Құралай Еламанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×