Су тіршіліктің көзі
№8 «Көгершін» ересек тобының «Су тіршіліктің көзі» ұйымдастырылған ашық оқу қызметі
Тәрбиеші: Адилова Нуржанат сагатбековна
Білім беру саласы: «Әлеумет»
Бөлімі: «Қоршаған ортамен таныстыру»
Тақырыбы:«Су тіршіліктің көзі»
Мақсаты: Балаларға су туралы түсінік беру және судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру.
Дамытушылықы: Судың табиғатта баға жетпес сый екенін айту, түсініктерін қалыптастырып дамыту.
Білімділік: Судың қасиетін тәжірибе арқылы ұғындыру.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға, суды ластамауға, суды үнемдей білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, су, стакан, сүт, қасық, түрлі түсті су бояу, мұз, қант, тұз,,әйнек, қолшатыр, ақ қағаз.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Суды үнемдеуді, суды ластамауды;
Нені игереді: Судың ащы және тұщы болатынын, тұщы суды қайда пайдаланатынын, судың қасиеттерін тәжірибе жасау арқылы біледі;
Нені білді: Сусыз тіршілік болмайтынын білді.
Тәрбиеші: Адилова Нуржанат сагатбековна
Білім беру саласы: «Әлеумет»
Бөлімі: «Қоршаған ортамен таныстыру»
Тақырыбы:«Су тіршіліктің көзі»
Мақсаты: Балаларға су туралы түсінік беру және судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру.
Дамытушылықы: Судың табиғатта баға жетпес сый екенін айту, түсініктерін қалыптастырып дамыту.
Білімділік: Судың қасиетін тәжірибе арқылы ұғындыру.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға, суды ластамауға, суды үнемдей білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, су, стакан, сүт, қасық, түрлі түсті су бояу, мұз, қант, тұз,,әйнек, қолшатыр, ақ қағаз.
іс –әрекетінің кезеңдері | Тәрбиешінің іс – әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық | Шаттық шеңбері: Қол алысып, қәне, біз, Достасайық бәріміз. Айтарым бар сендерге, Тез тұрыңдар шеңберге. Қандай жақсы бір тұру, Достарменен бір жүру! Қандай жақсы дос болу! |
ұйымдастыру -іздестіру | Балалармен жыл мезгілдерін қайталау: Балалар жайғасып отырып, көздерін жұмып, музыка ырғағымен табиғат сұлулығын көз алдарына елестете отырып, жан тыныштығын табады. Тыныштық сәті: Көзімізді жұмамыз. Еркін отырамыз. Мен орманға бардым. Орманның табиғаты өте тамаша. Аспандағы күн біздің денемізге шуағын шашып тұр. Күн мені жылытты. Күннен ләззат алдым, орманның ауасы не деген таза. Таза ауасымен дем алдым. Айналамды қарасам қарлар еріп жылғалардан сарқырап су ағып жатыр. Суға беті - қолымды жудым. Орманда құстардың шыйқылдаған әр-түрлі дыбыстары естіліп жатты олар біздің жаққа ұшып келіпті. Балалар біз қай жыл мезгілін айтып отырмыз. Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады? - Балалар, қалай ойлайсыңдар, күн, су, ауа керек па? - Ия, күн, су, ауа бізге керек. - Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сендер мұқият тыңдап, шешуін табыңдар! Жұмбақ: Аспан түстес сұйық, Әркім ішер құйып. (су) - Балалар, тыңдаңдаршы, бір нәрсе тырсылдайтын сияқты. (Балалар таңырқай қарап, тыңдайды.) Ғажайып сәт: - Бізге қонаққа Тамшы келіпті. - Қане, балалар, қонақпен сәлемдесейік. Балалар сәлемдеседі. Тамшы: Сәлем, достар! Балалар, мен сендермен достасқым келеді. Сендер сияқты білім алып, оқығым келеді. - Тамшы, кел төрлет, біз бүгін су әлеміне зерттеу жасаймыз. - Өзіңнің кім екеніңді білгің келе ме? - Тамшы: Әрине білгім келеді. - Ендеше сен де мұқият тыңдап отыр. - Көп тамшыдан су пайда болады. Су өмір бойы айналымда болады. Ол жаңбыр болып жерге түседі. Арық болып өзенді құрайды. Содан кейін қайтадан күн шуағымен бу болып аспанға көтеріліп, жер бетіне жаңбыр болып оралады. - Жер бетінде су көп болса да, барлығы бірдей ішуге жарамды бола бермейді. Су тұщы және тұзды (ащы) болады. Біз ішу үшін тұщы суды пайдаланамыз. Су - тіршілік көзі. Оны тамаққа пайдаланамыз, шөлімізді басамыз. Сонымен қатар егін суарамыз, өрт сөндіреміз. Жан - жануарлар, балықтар, құстар да сусыз өмір сүре алмайды. Балалар, мына суретке қараңдаршы, жер бетін су алып жатыр. Суға қоқысты тастауға болмайды, жазда өзен-көлге түсуге барғанда, өзімізден кейін қалған нәрселердің барлығын жинап бірге алып кетуіміз керек. Суды бекерге төкпей үнемдей білуіміз керек. Дана халқымыз"Суды бекерге төкпе","Судың да сұрауы бар"деп айтатыны сондықтан. Сергіту жаттығуы: - Олай болса балалар, шаршаған боларсыңдар, орнымыздан тұрып бой сергітіп алайық. (Балалар "Жаушы жаңбыр"әнінің әуенімен би билеп, сергіту жаттығуын орындайды.) Олай болса судың қасиеттерімен танысайық, суға тәжірибе жасайық. Тәжірибе жасау 1."Су - мөлдір" Ортаға екі бала шығып су мен сүтке тәжірибе жасайды. Стаканға таза су және сүт құйып салыстырады. Екі ыдысқа қасық салып, қайсысы көрінетінін, қайсысы көрінбейтінін бақылайды. 2."Суда дәм жоқ" Балалар түтікше арқылы су ішіп дәмін көреді. Оны салыстыру үшін алма шырынын ішіп көреді. Суға қант және тұз қосып дәмін татады. 3."Су - түссіз" Стакандағы суға әртүрлі су бояу қосып, одан түс пайда болғанын бақылау. 4."Судың иісі жоқ" Балалардың алдына екі стакан қойылады. Оның біреуінде су, екіншісінде ванилин қосылған су құйылған. Яғни:"Судың иісі жоқ" 5."Судың күйі". Мұздың қатты су екендігін бақылау үшін, тоңазытқыштағы қатқан мұзға бақылау жүргізеді. 6."Тұрақты пішіні болмайды"Суды тәрелкеге құйып, судың пішінінің өзгеруін бақылау. 7. Бу - бұл да су. Будың да су екендігін ұғыну үшін қайнатылған судың үстіне әйнекті ұстап, одан тамшы пайда болатынын байқау. - Балалар міне судың осындай-осындай қасиеттері бар екен. Тамшы: Менің өзіме жетерліктей қасиетім бар екен. Балалар, енді менің сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Қимылды - қозғалыс ойыны:"Жел мен жаңбыр"деген ойынды ойнайық. Ойын шарты: Мен сендерге жел дегенде сендер жүгіресіңдер, ал жаңбыр дегенде қолшатырдың астына тығыласыңдар жақсы ма? Тамшы: - Балалар, сендерге көп - көп рахмет! Менсіз табиғатта тіршілік жоқ екеніне көзім жетті. Сау болыңдар! - Тамшы, саған да көп рахмет! Біздің балалармен ойын ойнап көңілдерін көтеріп тастадың. Келесі кездескенше қош сау бол! Дидактикалық ойын:"Су кімдерге немесе нелерге қажет?" Су туралы нақыл сөздер: 1. Судың да сұрауы бар. 2. Су анасы - бұлақ Сөз анасы - құлақ 3. Сумен ойнама - батарсың Отпен ойнама - жанарсың 4. Сулы жер - нулы жер 5. Су - табиғаттың ажары Су - тазалықтың досы 6. Суды шашып ойнама Міне су туралы осындай-осындай нақыл сөздеріміз бар екен! |
Рефлексивті түзетушілік | Балалармен бүгінгі оқу іс-әрекетті қорытындылау. Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі оқу іс - әрекетке өте жақсы қатыстыңдар, сендерге көп - көп рахмет! Балаларды мақтап-мадақтау. Қоштасу. |
Нені білу керек: Суды үнемдеуді, суды ластамауды;
Нені игереді: Судың ащы және тұщы болатынын, тұщы суды қайда пайдаланатынын, судың қасиеттерін тәжірибе жасау арқылы біледі;
Нені білді: Сусыз тіршілік болмайтынын білді.
Жаңалықтар
Судың қасиеті
Судың қасиеттері туралы білімдерін кеңейту, судың пайдасы, маңызы туралы білімдерін кеңейту.
Су - тіршілік нәрі
Балаларға су туралы түсінік беру. Судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдік тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру. Суды үнемдеп пайдалануға оның қасиеттерін түсіндіру. Суды ластамауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Су – тіршілік көзі
Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Үнемшілдікке тәрбиелеу. Қоршаған ортаны қорғауға ауаны, суды ластамауға шақыру. Қазақстандағы ірі көлдер мен өзендер туралы әңгімелеу
Су – тіршілік көзі
- Көп тамшыдан су пайда болады. Су өмір бойы айналымда болады. Ол жаңбыр болып жерге түседі. Арық болып өзенді құрайды. Содан кейін қайтадан күн шуағымен бу болып аспанға көтеріліп, жер бетіне жаңбыр болып оралады.
Су – тіршілік көзі
Сабақтың мақсаттары: 1. Балаларға су тіршіліктің көзі екенін таныстыру. 2. Балалардың су туралы білімдерін кеңейту. Ойын, тілін, байқағыштығын, білім құмарлығын дамыту. 3. Суды ластамауға, қорғауға, таза ұстауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Шығармашылық
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.