Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Су – тіршілік көзі

31 наурыз 2016, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы ауылы
"Балауса"балабақшасының тәрбиешісі Капуова Гулшат

Тақырып: Су – тіршілік көзі
Мақсаты: Балаларға су туралы түсінік беру және судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру. Судың табиғатта баға жетпес сый екенін айту, түсініктерін қалыптастырып дамыту. Судың қасиетін тәжірибе арқылы ұғындыру. Қоршаған ортаны қорғауға, суды ластамауға, суды үнемдей білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер(слайд), магнитафон, су, стакан, сүт, қасық, түрлі түсті су бояу, ванилин, мұз, қант, тұз,, алма шырыны, әйнек, ыстық су, қолшатыр, ақ қағаз.
Ұйымдастыру. Балалар жайғасып отырып, көздерін жұмып, музыка ырғағымен табиғат сұлулығын көз алдарына елестете отырып, жан тыныштығын табады.
Тыныштық сәті.
Көзімізді жұмамыз. Еркін отырамыз. Мен орманға бардым. Орманның табиғаты өте тамаша. Аспандағы күн біздің денемізге шуағын шашып тұр. Күн мені жылытты. Күннен ләззат алдым, орманның ауасы не деген таза. Таза ауасымен дем алдым. Айналамда сарқырап су ағып жатыр. Суға беті - қолымды жудым. Таза суынан іштім.
- Балалар, біз қай жыл мезгілімен қоштасып жатырмыз?
- Күз мезгілімен.
- Дұрыс айтасыңдар!
- Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Балалардың жауабы
- Ал енді қай жыл мезгілі келіп жатыр?
- Қыс мезгілі.
- Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Балалардың жауабы
- Балалар, таңертең ұйқыдан тұрғанда кімді көресіңдер?
- Әке, ана, ата, әже
- Далада, балабақшаға келе жатқанда нені көресіңдер?
- Аспан, бұлт, машина, ит,
ағаш, мысық, жер т. б
- Балалар, қалай ойлайсыңдар,
күн, су, ауа керек па?
- Ия, күн, су, ауа бізге керек.
- Осының барлығын бір сөзбен айтқанда не дейміз?
- Табиғат
- Табиғат екіге бөлінеді: Өлі табиғат және тірі табиғат болып.
- Қане бәріміз қайталайық.
- Өлі табиғат және тірі табиғат.
- Өлі табиғатқа: су, ауа, жер күн, бұлт, құм, жаңбыр жатады.
- Ал тірі табиғатқа: адамдар,
құстар, өсімдіктер, гүлдер, жан - жануарлар, балықтар жатады.
- Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сендер мұқият тыңдап, шешуін табыңдар!
Жұмбақ
Аспан түстес сұйық,
Әркім ішер құйып. (су)
(Осы сәтте магнитофон арқылы жаңбырдың тамшысының тырсылы естіледі).
- Балалар, тыңдаңдаршы, бір нәрсе тырсылдайтын сияқты.
(Балалар таңырқай қарап, тыңдайды.)
Ғажайып сәт
- Бізге қонаққа Тамшы келіпті.
- Қане, балалар, қонақпен сәлемдесейік.
Балалар сәлемдеседі.
Тамшы: Сәлем, достар! Балалар, мен сендермен достасқым келеді. Сендер сияқты білім алып, оқығым келеді.
- Тамшы, кел төрлет, біз бүгін су әлеміне зерттеу жасаймыз.
- Өзіңнің кім екеніңді білгің келе ме?
- Тамшы: Әрине білгім келеді.
- Ендеше сен де мұқият тыңдап отыр.
Балалар экранға назар аударады.

Слайдпен жұмыс.
- Көп тамшыдан су пайда болады. Су өмір бойы айналымда болады. Ол жаңбыр болып жерге түседі. Арық болып өзенді құрайды. Содан кейін қайтадан күн шуағымен бу болып аспанға көтеріліп, жер бетіне жаңбыр болып оралады.
- Жер бетінде су көп болса да, барлығы бірдей ішуге жарамды бола бермейді. Су тұщы және тұзды (ащы) болады. Біз ішу үшін тұщы суды пайдаланамыз.
Су - тіршілік көзі. Оны тамаққа пайдаланамыз, шөлімізді басамыз. Сонымен қатар егін суарамыз, өрт сөндіреміз. Жан - жануарлар, балықтар, құстар да сусыз өмір сүре алмайды. Балалар, мына ғаламшарға қараңдаршы, жер бетінің көп бөлігін су алып жатыр. Суды ғаламшарда көк түспен белгілейді. Ал ауыз су сол сулардың 2, 5 пайызын құрайды. Сондықтан ауыз су тапшы. Суға қоқысты тастауға болмайды, жазда теңізге түсуге барғанда, өзімізден кейін қалған нәрселердің барлығын жинап бірге алып кетуіміз керек. Суды бекерге төкпей үнемдей білуіміз керек. Дана халқымыз"Суды бекерге төкпе","Судың да сұрауы бар"деп айтатыны сондықтан.
Сергіту жаттығуы
- Олай болса балалар, шаршаған боларсыңдар, орнымыздан тұрып бой сергітіп алайық.
(Балалар "Жау, жау жаңбыр"әнінің әуенімен би билеп, сергіту жаттығуын орындайды.)
Олай болса судың қасиеттерімен танысайық, суға тәжірибе жасайық.

Тәжірибе жасау
1."Су - мөлдір"
Ортаға екі бала шығып су мен сүтке тәжірибе жасайды.
Стаканға таза су және сүт құйып салыстырады. Екі ыдысқа қасық салып, қайсысы көрінетінін, қайсысы көрінбейтінін бақылайды.

2."Суда дәм жоқ"
Балалар түтікше арқылы су ішіп дәмін көреді. Оны салыстыру үшін алма шырынын ішіп көреді.
Суға қант және тұз қосып дәмін татады.

3."Су - түссіз"
Стакандағы суға әртүрлі субояу қосып, одан түс пайда болғанын бақылау.

4."Судың иісі жоқ"
Балалардың алдына екі стакан қойылады. Оның біреуінде су, екіншісінде ванилин қосылған су құйылған. Яғни:"Судың иісі жоқ"

5."Судың күйі". Мұздың қатты су екендігін бақылау үшін, тоңазытқыштағы қатқан мұзға бақылау жүргізеді.

6."Тұрақты пішіні
болмайды"Суды тәрелкеге құйып, судың пішінінің өзгеруін бақылау.
7. Бу - бұл да су. Будың да су екендігін ұғыну үшін қайнатылған судың үстіне әйнекті ұстап, одан тамшы пайда болатынын байқау.
- Балалар, біздер судың әртүрлі қасиеттері бар екендігіне көз жеткіздік. Сонымен қайталап айтайық, судың қандай қасиеттері бар?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Тамшы: Менің өзіме жетерліктей қасиетім бар екен. Балалар, енді менің сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
Қимылды - қозғалыс ойыны:"Жел мен жаңбыр"деген ойынды ойнайық. Ойын шарты: Мен сендерге жел дегенде сендер жүгіресіңдер, ал жаңбыр дегенде қолшатырдың астына тығыласыңдар жақсы ма?
(Балалар "Жел мен жаңбыр" ойынын ойнайды).
Шығармашылық жұмыс
"Жаңбыр" тақырыбына сурет салу.
(Балалар көк бояуға саусақтарын батыру арқылы жаңбырдың суретін салады.)
Тамшы: - Балалар, сендерге көп - көп рахмет! Менсіз табиғатта тіршілік жоқ екеніне көзім жетті. Сау болыңдар!
(Балалар қонақпен қоштасады.)
- Тамшы, саған да көп рахмет!
Біздің балалармен ойын ойнап көңілдерін көтеріп тастадың.
Келесі кездескенше қош сау бол!
Дидактикалық ойын:"Су кімдерге немесе нелерге қажет?"
Ойынның шарты: Суды қажет ететін заттарды табу. Мысалы: гүл, балық, жануар, кітап, қалам, адам т. с. с.
(Балалар ойынға белсене қатысады.)
- Ал балалар, су туралы кім қандай мақал - мәтелдер, тыйым сөздер біледі? Қане кім айтады?

1. Судың да сұрауы бар.
2. Су анасы - бұлақ
Сөз анасы - құлақ
3. Сумен ойнама - батарсың
Отпен ойнама - жанарсың
4. Сулы жер - нулы жер
5. Су - табиғаттың ажары
Су - тазалықтың досы
6. Суды шашып ойнама

Қорытындылау:
- Су қандай табиғатқа жатады?
- Өлі
- Бізге қонаққа кім келді?
- Тамшы келді.
- Адамдарға су не үшін керек?
- ішеміз, жуынамыз, ас әзірлейміз, кір жуамыз.
- Өсімдіктер, жануарлар, балық -
тар сусыз өмір сүре ала ма?
- жоқ
- Судың иісі, дәмі,, түсі бар ма?
- жоқ
- Адамдар қандай су ішеді? Тұщы су ма, ащы су ма?
- тұщы су
- Ненің суретін салдық?
- жаңбырдың
- Суды үнемдеу керек пе?
- ия
- Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі оқу іс - әрекетке өте жақсы қатыстыңдар, сендерге көп - көп рахмет! Мадақтау. Ал балалар, енді бізге келген қонақтармен қоштасайық.
Балалар қонақтармен қоштасады. Өздерінің атын атап, мадақтағаны үшін қуанады.

Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Суды үнемдеуді, суды ластамауды;
Нені игереді: Саусақ арқылы сурет салуды, судың ащы және тұщы болатынын, тұщы суды қайда пайдаланатынын, судың қасиеттерін тәжірибе жасау арқылы біледі;
Нені білді: Сусыз тіршілік болмайтынын түсінеді.
49 564
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Су тіршіліктің көзі
Су тіршіліктің көзі
Білім беру саласы: «Әлеумет» Бөлімі: «Қоршаған ортамен таныстыру» Тақырыбы:«Су тіршіліктің көзі» Мақсаты: Балаларға су туралы түсінік беру және судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы туралы
Судың қасиеті
Судың қасиеті
Судың қасиеттері туралы білімдерін кеңейту, судың пайдасы, маңызы туралы білімдерін кеңейту.
Су - тіршілік нәрі
Су - тіршілік нәрі
Балаларға су туралы түсінік беру. Судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдік тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру. Суды үнемдеп пайдалануға оның қасиеттерін түсіндіру. Суды ластамауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Заттардың қасиеттеріне тәжірибе жасау
Заттардың қасиеттеріне тәжірибе жасау
Су – тіршілік көзі екенін, оның пайдасы, маңызы, қасиеті туралы білімдерін кеңейту. Тәжірибе жасау барысында бақылағыштық, дәм сезу дағдыларын жетілдіру.
Су – тіршілік көзі
Су – тіршілік көзі
Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Үнемшілдікке тәрбиелеу. Қоршаған ортаны қорғауға ауаны, суды ластамауға шақыру. Қазақстандағы ірі көлдер мен өзендер туралы әңгімелеу
Cу – тіршілік негізі
Cу – тіршілік негізі
Бастауыш сынып мұғалімі Ибрашева Гулжамал
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×