Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


С - З дыбыстарын ажырату «Қыс»

02 сәуір 2015, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: С - З дыбыстарын ажырату «Қыс»
Мақсаты: 1. С - З дыбыстарының артикуляциясын нақтылай отырып, буында, сөзде, сөйлем ішінде ажырату; сөйлеу барысында анық, таза айтуға үйрету. Қыс мезгілінде болатын құбылыстармен таныстырып, байланыстырып сөйлеуге және сұраққа толық жауап беруге машықтандыру.
2. Фонетикалық - фонематикалық есту қабілетін, жалпы және ұсақ қол моторикасын дамыту; артикуляциялық жаттығулар арқылы сөйлеу мүшелерінің қызметін жетілдіру.
3. Өз - өзін қадағалауға, бір - біріне көмектесуге және кедергі жасамауға тәрбиелеу. Қоршаған ортаны таза ұстап, қамқор болуға баулу.
Көрнекілігі: С, З дыбыстарының профилі, кеспе суреттер, шырша, үлестірмелі парақшалар, ойыншықтар.
Құрал - жабдығы: Интерактивті тақта, слайд
Түрі: Аралас сабақ
Әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап

Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Психогимнастика:– Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс.
- Қыс мезгілінде қандай айлар бар?
- Желтоқсан, қаңтар, ақпан
- Қыста ауа - райы қандай болады?
- Суық, аяз, боран/ даусын тыңдату/
- Кәне, балалар, тоңғанда қалай жылынамыз? /тоңған адамды бейнелеу арқылы бетке массаж, тыныс жаттығуын, жалпы және ұсақ қол - қимыл жаттығуларын жасату/
- Балалар, қазір қандай сабақ?
- Анық, таза сөйлеуге үйрену сабағы.
- Олай болса, тілімізге жаттығулар жасайық

ІІ. Артикуляциялық жаттығулар
«Кесе», «Астыңғы тісті тазалау», «Ине», «Тәтті қайнатпа», «Құбыр», «Сағат»

ІІІ. Жаңа сабақ.
Заузадан көре аласың,
Заңғардан таба аласың,
Байқамасаң анықтап,
Үш екен деп қаласың. /З/
Қыста бар, жазда жоқ.
Түсте бар, кешке жоқ /С/
Бұл дыбыстар бүгін бізге қонаққа келген С, З дыбыстарына ұқсайды екен.
С, З дыбыстарының артикуляциялық мінездемесі /профилін көрсету/
Ұқсастығы:
- ерін езу тартып тұрады
- тістердің арасы жақын
- тілдің ұшы төменгі тістерге тіреледі
- тілдің екі жағы жоғарғы тістерге тиеді, тілдің ортасымен сыртқа суық ауа шығады
- пішіні кесені еске түсіреді
Айырмашылығы:
С - дауыссыз, қатаң
- дауыс шымылдығы жұмыс істемейді
- тамақта қырыл жоқ /дауыс жоқ/
З - дауыссыз, ұяң
- дауыс шымылдығы жұмыс істейді
- тамақта қырыл бар/дауыс бар/
/Венн диаграммасы арқылы түсіндіру/
- Балалар, алдымызда қандай мереке келе жатыр?
- Жаңа жыл.
- Жаңа - жылды кімсіз көзімізге елестете алмаймыз?
- Аяз Атасыз.
- Дұрыс.
- Балалар, Аяз Ата бізге мынадай тапсырма беріп жіберіпті. Егер тапсырманы дұрыс әрі жылдам орындасақ, Аяз Ата да тез келеді екен.
1. Тапсырма С - З дыбыстарын бір - бірінен ажырату Ойын «Кім зейінді?»
/«С» дыбысын естісең 1 рет, «З» дыбысын естісең 2 рет алақан соқ/
2. Тапсырма
« Ұйқасын тап» Буындық жаттығу / С - З дыбыстарын буында ажырату/
Са - са - са – Сара ----------- ас - ас - ас - бұйра бас
За - за - за – Зада ------------ аз - аз - аз - басы таз
Сы - сы - сы – сыбдыр ----- ыс - ыс - ыс - келді қыс
Зы - зы - зы - зығыр --------- ыз - ыз - ыз – соқты аяз
3. Тапсырма
Ойын « Не артық?» / С - З дыбыстарын сөзде ажырату/
С - асқабақ, сарымсақ, сәбіз, бұрыш
З - қияр, қызылша, пияз, қызанақ

IV. Сергіту сәті: Саусақ жаттығулары
4. Тапсырма:
«Шыршаны безендір»/ С - З дыбыстарын сөйлемде ажырату /
А. Жұмбақты шеш
Ә. Жаңылмай айт / жаңылтпаш /
Б. Қыс туралы қандай тақпақ білесің?
В. Көп нүктенің орнына тиісті С - З әріптерінің бірін қой.

V Көзге жаттығу
5. Тапсырма: «Көкөніс пен жемісті ажырат»/трафаретпен жұмыс/
6. Тапсырма «Аққала жаса»
7. Мәтін «Қыс қызықтары»

VI. Бекіту /Сиқырлы таяқша арқылы/
- Бүгін біз не істедік? Қандай дыбыстарды ажыраттық?
- С қандай дыбыс?
- З қандай дыбыс?

VII. Қорытынды.
Балаларды мадақтау, марапаттау
VIII. Үйге тапсырма. «Менің қысқы демалысым» эссе жазу.
10 101
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қ – Ғ дыбыстарын ажырату
Қ – Ғ дыбыстарын ажырату
Қ – Ғ дыбыстарын буындарда, сөздерде, сөйлемдерде сұрақтарға жауап беру арқылы анық, дұрыс айтуға, ажыратуға үйрету.
Ш дыбысын (буын, сөзде, сөйлемде) машықтандыру.
Ш дыбысын (буын, сөзде, сөйлемде) машықтандыру.
дыбысты дұрыс айтуға қажет сөйлем мүшелерінің қалпын, қимыл қозғалысын дамыту.
Ас - адамның арқауы
Ас - адамның арқауы
Балаларға азық – түлік туралы түсінік беру. Оларды танып білуге, атын атауға, дәмін, пішінін ажырата білуге үйрету
З және С дыбыстары
З және С дыбыстары
Балаларға «З» және «С» дыбыстарының артикуляциясын көрсету және түсіндіру сөздерде барлық дауысты және дауыссыз дыбыстарды ұғымды түрде айту білігін бекіту. Сөйлеу тынысын дамыту және дыбыстардың таза айтылуын дамытуға ықпал ету, ой - өрісін дамыту.
Ы - І дыбыстарын ажырату
Ы - І дыбыстарын ажырату
[Ы] және [І] дыбыстары қатысты сөздерді дұрыс айтуға жаттықтыру, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту 2. балалардың танымдық қабілеттерін, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру. Фонетика - фонематикалық есту қабілетін арттыру. Өз
С дыбысымен сиқырлы орманға саяхат
С дыбысымен сиқырлы орманға саяхат
Қызылорда қаласы, "Бегім Ана" балабақшасының логопеді Жанат Рахатқызы Есниязова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×