Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әке - бәйтерек

04 ақпан 2023, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша

Білім беру саласы: «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік».
Оқу қызметі: Тіл дамыту.
Тақырыбы: «Әке - бәйтерек»
Мақсаты: Жанұядағы әкенің орнының ерекше екендігін ұғындыру. Әкеге деген бала махаббатын ояту. Әкеге құрмет көрсету. Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту, ұлттық салт - дәстүрімізге байланысты, әке орнының ерекше екендігін ұғындыру. Әкеге деген бала махаббатын ояту. Әке туралы нақыл сөздердің тәрбиелік мағынасын түсіндіру. Қазақ тіліндегі тән дыбыстарды анық айтқызып үйрету.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап.
Билингивалық сөздер: құрмет, сыйлау, жақсы көремін, мейірімді, мекің әкем.
Тақырып барысы: Құрметті әкелер, қонақтар сіздерге арналған «Әке - асқар тау» атты ұйымдастырылған оқу қызметін ашық деп жариялаймыз. Әке - шаңырақтың негізгі тірегі, ерекше тұлға. Әрбір бала өз әкесіне қарап өсетін нысанасы. Әке - ақылшым, тірегім дей отыра, бүгінгі сый - құрмет өздеріңізге арналады.
Ән: «Менің әкем, ең жақсы адам»
Музыка әуенімен ортада балалар, вальс билеп кіреді.
Мұғалім: Балалармен сәлемдеседі. Қонақтармен сәлемдесуге шақырады.
Шаттық шеңбері
Балалардың сәлемдесуі:
Жарқырап күнде ашылды
Күн нұры түгел шашылды.
Қайырлы күн қонақтар,
Біз бердік сізге сәлемді.
Мұғалім: Балаларды орындарына жайғастырып, отырғызады. Қыс мезгілі туралы сұрақ - жауап алынады.
Балалар: Сұраққа толық дұрыс жауаптарын береді.
Мұғалім: Балалар, бүгін бізге кімдер қонаққа келді?
Балалар: Әкелеріміз.
Мұғалім: Олай болса, бүгінгі кешімізді, әкелеріміздің құрметіне арнап, барлық сыйластығымызды көрсетейік. Балалар, сендер әке туралы қандай тақпақ білесідер?
Балалар өлең - тақпақтарын оқиды.
1 - оқушы: Арқа сүйер панасың,
Ақылы мол данасың.
Адал етіп өсірген,
Мендей ерке баланы.
2 - оқушы: Әкетайым асылым,
Жақсы көрем өзіңді.
Құрметтеп мәңгі өтемін,
Мәпелеген өзімді.
Мұғалім: Ой, бәрекелді! Ал енді әкелер туралы қандай мақал - мәтел білесіңдер?
Балалар:
1 - оқушы: Әкеден - ақыл
Анадан - мейір.
2 - оқушы: Әкені көріп ұл өсер.
Анасын көріп қыз өсер.
3 - оқушы: Сайына қарай - саласы
Әкесіне қарай - баласы.
Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! Балалар әке деген кім?
Балалар:
1 - оқушы: «Әке - отбасыныі тірегі»
2 - оқушы: «Әке - асқар тау»
3 - оқушы: «Әке - баланың қорғаны»
Мұғалім: Балалар мен сендерді ертегі көруге шақырамын, ертегіні бірге тамашалайық.
«Әке мен бала»
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Бойымызды жазайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Орнымызды табайық.
Мұғалім: Балалар сендер ертегіден нені түсіндіңдер, ертегінің қандай тәрбиелік мәні бар?
Балалар: Әкенің ақылын тыңдау, құрметтеу, еріншек - жалқау болмау. Мұғалім: Дұрыс, міне біз ертегіні көріп, әкеміздің ақылды, қамқоршы, дана адам екенін білдік.
Мұғалім: Әкелерді ойынға шақырады. Балаларды да, ойынға шақырады. Ойын: «Өз әкеңді тап!»
«Өз балаңды тап!»
Мұғалім: Әкелерге алғысын айтады.
Қорытынды: Балалар, бүгін біз сендермен қандай тақырыпта әңгіме жүргіздік?
Балалар: Әкелер жайлы.
Мұғалім: Біздің әкелереміз қандай адам екен?
Балалар: Ең жақсы адам, ақылды, батыр, мейірімді, қамқоршы.
Мұғалім: Жарайсыңдар, әрқашанда, әкелеріңді құрметтеп, сыйлаңдар,
тәртіпті және білімді болып өсе беріңдер!
Мұғалім: Қонаққа келген әкелерден бата сұрайды.
Құрметті әкелер, бүгінгі біздің «Әке - бәйтерек» атты, ұйымдастырылған оқу - қызметіміз осымен аяқталды. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін, алғысымызды білдіреміз. Келген аяқтарыңызға гүл бітсін!
Келесі кездескенше cay - саламат болыңыздар!
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Әке туралы өлең шумақтарын жатқа айта біледі.
Игереді: Әке деген ұғымды, отбасындағы әкелердің құрметін түсінеді, игереді.
Меңгереді: Қазақ тіліндегі тән дыбыстарды анық айта біледі. Нақыл сөздердің тәрбиелік мәнін дұрыс түсіне меңгереді.

1 281
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әке (эссе)
Әке (эссе)
Әке туралы ойды айтып жеткізу мүмкін емес. Әке осы өмірдегі асық адамдардың бірі. Әке - Асқар тау ол шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеріп, отбасыны асырап, бізге тәлім тәрбие беруге тырысады.
Ата көрген оқ жонар
Ата көрген оқ жонар
Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата - ана және бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Ата - анаға деген бала махаббатын ояту. Мектеп, ұстаз, ата - ана бірлігін нығайту.
Әке көрген оқ жонар атты тәрбие сағаты
Әке көрген оқ жонар атты тәрбие сағаты
Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Ұлттық салт - дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру. Әкеге деген бала махаббатын ояту.
Әке - асқар тау
Әке - асқар тау
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Жаһанша Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж студенті Жанашова Гауһар Бисенбайқызы
«Әке – жауапты лауазым» дөңгелек үстел
«Әке – жауапты лауазым» дөңгелек үстел
Ақтөбе қаласы, №50 орта мектеп информатика пәні мұғалімі Биржанова Алтынгуль Алдигаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×