Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Нашар көрші

21 наурыз 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Нашар көрші
Сабақтың мақсаты: мәтін мазмұнымен танысу; адамдар арасындағы қарым-қатынастың әртүрлілігін байқауға мүмкіндік беру.
Күтілетін нәтижелер:
Пәндік нәтиже: мәтін мазмұнындағы мәселені түсініп, оған өзіндік баға беруге, шығарманың құндылығы мен негізгі ойы туралы пікір білдіруге жағдай туғызу.
Жүйелі іс - әрекет нәтижесі: өзіндік пікірлерін қалыптастыру; сөйлеу тілдерін жетілдіру.
Тұлғалық нәтиже: сыныптастарын, достарын, құрдастары мен көршілерін құрметтеуге, бағалай білуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасының орындалғанын тексеру

І Қызығушылықты ояту.
- Сен өз сыныптастарыңды жақсы танисың ба? Парталас көршің туралы не білесің? Қызықтырып жүрген сауалдардың бар ма?
«Биопоэма» әдісі арқылы сауалнама жүргізу.
Аты:
Сипаттайтын 2 - 3 сөз:
Жақсы көретін 2 - 3 заты:
Басынан өткізген сезімі:
Болашақтан күтетін 2 - 3 заты:
Достары:
Мекенжайы:
- Сендер бүгін сыныптастарың, парталас көршілерің жайлы біраз ақпарат алып таныстыңдар. Қалай ойлайсыңдар, осының маңыздылығы бар ма?
Керек дерек.
Көрші – қонысы ортақ, етене араласып, күнделікті жүзбе - жүз кездесіп, аман - саулық сұрасып жүретін кісілер. Қазақ халқы «Көршіні құдай қосады» дейді. Жаңа орынға көшіп келісімен ерулік беріп, қоныс тойын жасау дәстүрінде де ең әуелгі ниет – көрші-қолаңдармен танысу болған. «Адамның күні адаммен» демекші, күнделікті өмірде әркім - ақ көршіні қажетсінеді. Өйткені басыңа бір іс туып қиналғанда, бір нәрсе қажет болғанда, ең алдымен көршілерден көмек сұрап жатамыз. Көршімен сыйластық – елдің сыйластығын, көршімен татулық – қоғамның татулығын білдіреді. Туыстығы бар немесе үйлері бір - біріне жақындар «жақын көршілер» деп аталған. Қамшының сабындай қысқа ғұмырда елмен тату - тәтті тіршілік кешіп, жақсы көрші бола білудің өзі үлкен сын.
Жақсы көрші бола білу көңілдің әрін, тіршіліктің нәрін, өмірдің сәнін келтіріп, адам жанына шуақты сезім ұялатады. Айналадағы ел - жұртпен жарасымды сыйластық өмір сүруге деген құштарлықты арттырады. Көп жағдайда жақсы көрші туыстан да артық саналған. Ата - бабаларымыз «Алыс туыстан жақын көршің артық», «Ағайынның аты озғанша, көршінің тайы озсын» деген екен. «Атың жаман болса, сатып құтыларсың, көршің жаман болса, қайтіп құтыларсың?!» деп, өмірлік тәжірибелерінде үй алмай тұрып, кіммен көрші болатынына мән берген. Дәл осы тұста «Жақсы көршіге қандай адам жатады?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Оның жауабы көршілердің бір - біріне деген ыстық ықыласы мен пейілінде.
Дәптермен жұмыс ретінде қажетті нақыл сөздерді жазып алу.
- Көршілердің жақсысы да, жаманы да бар екенін біліңдер. Түрік халқының өмірінен мысал ретінде «Нашар көрші» мәтінін оқып көрейік.

ІІ Мағынаны тану
Мәтінді «Араласып кеткен оқиғалар» әдісі арқылы оқу.
Мәтінді бір бет қағазға теріп алып, бірнеше бөлікке (бөлімдер бойынша) бөлу керек. Әр топ сол қиындыларды дұрыс орналастыру үшін, оқушыларға әр бөлімді түсініп оқуға тура келеді. Қай топ бірінші бітсе, сол топтың жеңіске жеткені. Соңынан бір оқушы мәтіннің мазмұнын айтып шығады.
Сөздік жұмысы жүргізіледі.
- Шын мәнінде, Текіннің әкесінің көршісі нашар болғаны ма?
Ойлан, жұптас, топтас, ортаға сал.

ІІІ Ойтолғау
Мәтіндегі нашар көршіні:
1 - топ: қорқынышты
2 - топ: қуанышты
3 - топ: ренішті
4 - топ: күлдіргіш етіп сомдау арқылы мәтінді қойылымға әзірлеу

Бағалау: әр топты смаиликтер арқылы бағалау.
Үйге тапсырма: мәтінді оқу, мазмұндау, өз үйлерінің оң жақ, сол жақ көршілері туралы әңгіме жазу
9 571
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Бармақтай бала (ертегі) Шарль Перро
Бармақтай бала (ертегі) Шарль Перро
Оқушыларды қиялдау, армандау арқылы жақсы ойларға жетелеу. Кейіпкерлер мен оқиғаны өмірдегі жағдайлармен салыстыра отырып, оқыған, көргендерін еске түсіруге мүмкіндік беру.
Жеті қазынаның бірі
Жеті қазынаның бірі
Мәтіннің мазмұны мен идеясын және жеті қазынаны танып, сақтай білу керектігін кейіпкерлердің әрекеті арқылы ашуға мүмкіндік беру
Улы өрмекшітәрізділер
Улы өрмекшітәрізділер
Улы өрмекшітәрізділердің пайдасы мен зиянын салыстырып, өмірмен байланыстырып мысал келтіреді
Мәтін туралы қосымша түсінік
Мәтін туралы қосымша түсінік
Сабақ мақсаты: Оқушылардың мәтіндегі негізгі ой мен тақырып туралы түсініктерін жазбаша жұмыстар арқылы бекіту.
Сауысқан мен Көкек
Сауысқан мен Көкек
Сабақтың тақырыбы: Сауысқан мен Көкек
Туған жер туралы жыр (қалмақ ертегісі)
Туған жер туралы жыр (қалмақ ертегісі)
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бекманова Бибіхан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×