Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Спандияр Көбеев "Құмырсқа мен көгершін"

26 қаңтар 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Спандияр Көбеев "Құмырсқа мен көгершін"
Ана тілі
Тақырыбы: «Құмырсқа мен көгершін»
Мақсаты: Оқушылардың жуан және жіңішке жұп дауыстылар туралы ұғымын жетілдіре отырып, жұп дауыстылардың (ы, і) ерекшеліктерін байқауға мүмкіндік туғызу.
Күтілетін нәтиже: - Өз бетімен жұмыс жасау арқылы ойлауы, сөздік қоры дамиды;
- Жуан және жіңішке жұп дауыстылар туралы ұғымын жетілдіреді;
- Жұп дауыстылардың (ы, і) ерекшеліктерін байқайды;
Әдісі: сұрақ - жауап, ойын, әңгімелеу, көрнекілік
Көрнекілігі: жеке сюжеттік суреттер, слайд, сызбалар

Сабақтың барысы:
І. Кіріспе
Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
Ойға толы санамыз,
Бестік баға аламыз.
Баласындай бір үйдің
Тату болсын арамыз.
- Балалар, сабағымызды бастамас бұрын, қандай ережелерді естен шығармауларын керек?
- Есімізге түсірейік;
- Тәртіп сақтау;
- Сұрақтарға қол көтеріп жауап беру;
- Берілген тапсырманы түсініп орындау;
- Мәнерлеп оқу, сауатты жазу, нақты жауап беру;

Үй тапсырмасын тексеру
а) Ө. Тұрманжанов «Туған өлкем» өлеңін мәнерлеп оқу.
ә) Өтілген тақырыптарды пысықтау сұрақтары:
1. Әліпби неше әріптен тұрады?
2. Дыбыс дегеніміз не?
3. Әріп дегеніміз не?
4. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
5. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
6. Жұп дауыстыларды ата?
7. Жуан дауысты дыбыстарды ата?
8. Жіңішке дауысты дыбыстарды ата?

ІІ. Қызығушылығын ояту
Сұрақтар:
• Құмырсқа қандай жәндік?
• Олардың үйі қалай аталады?
• Олар жұмысты қалай атқарады?
• Құмырсқа туралы қандай ертегілер, әңгімелер білесіңдер?
• Құмырсқа туралы қандай ертегілер білесіңдер?
Жұмбақтар
Қатар - қатар қара нар,
Аспанменен бара бар,
Алда биік, арты жар. (құмырсқа)
Екі басы жұдырықтай,
Ортасы қылдырықтай. (құмырсқа)
6. Көгершін қандай құс?
7. Олар немен қоректенеді?
8. Басқа құстардан айырмашылығы қандай?

Кептер - бейбітшілік құсы немесе хат тасушы құс деп атайды. Кептердің төрт түрі бар: етті, спорттық, сәндік, байланыс. Халқымыз балалар көк жөтелмен ауырғанда оның қанын емдік қасиет ретінде қолданған.

ІІІ. Негізгі бөлім
Мағынаны тану
*Оқушыларға сабақтың мақсатын хабарлау;
*Бағалау өлшемдері;
* Фишкалар арқылы бағалау
«5»- 5 - 6 фишка
«4»- 3 - 4 фишка
«3»- 1 - 2 фишка
Оқулықпен жұмыс
а) Мұғалімнің әңгімені дауыстып, мәнермен оқуы;
ә) автор туралы мағлұмат беру

Спандияр Көбеев (1878 - 1956) - қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі. 1878 жылы бұрынғы Торғай облысы, Обаған болысына қарасты нөмiрі үшiншi ауылда - қазiргi Ақсуат ауылында дүниеге келген. Анасы Айтбоз өте қайратты, ақылды, ауылының ортақ анасы сияқты қадiрлi адам болған көрiнедi. «Құстың ұясы», «Орындалған арман», «Екі соқа» атты әңгімелері мен роман - мысалдары бар.
Сұрақ - жауап:
- Әңгіме не жайында айтылған?
- Құмырсқа қайда келеді?
- Көгершін құмырсқаға қалай көмектеседі?
- Құмырсқа көгершінге қалай көмектеседі?
Сөздік жұмыс:
Сусап - шөлдеу деген мағынаны білдіреді.
Тізбектеп оқу: (оқушылар оқиды)
Сергіту сәті
Қырғауыл боп ұшамыз, ұшамыз (Екi қолымен қанат жасап ұшады)
Түлкi болып қашамыз, қашамыз (Бiр орындарында тұрып жүгiредi )
Қырғауылдай тапқыр боп, тапқыр боп,
Орнымызға қонамыз (Бәрi орындарына отырады)
Дәптермен жұмыс
/Өзіндік жұмыс/ Көгершін мен құмырсқаны дәптеріңе сипаттап жаз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
14 926
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ашық және қысаң дауыстылар (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Ашық және қысаң дауыстылар (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Жақтың ашылу қалпына қарай дауысты дыбыстар ашық және қысаң болып екіге бөлінеді. Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды ашық дауыстылар дейміз. Олар: а, ә, о, ө, е, э.
Ашық және қысаң дауыстылар
Ашық және қысаң дауыстылар
Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды ашық дауыстылар дейміз. Олар: а, ә, о, ө, е, э. Жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды қысаң дауыстылар дейміз. Олар: ы, і, и, у, ү, ұ.
Жіңішке дауыстылар. Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш
Жіңішке дауыстылар. Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш
Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Новорыбин орта мектебі - бақшасының бастауыш сынып мұғалімі Адебиет Гүлрауза
Ақсақалдың ақ батасы
Ақсақалдың ақ батасы
Қызылорда қаласы, №172 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Искакова Үміт
О, қорқайын мен неге? Жуан және жіңішке жұп дауыстылар
О, қорқайын мен неге? Жуан және жіңішке жұп дауыстылар
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Қосағаш ауылы "Ш. Уалиханов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп" КММ бастауыш сынып мұғалімі Сакенова Асемгул Сериктаевна
Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш. Жіңішке дауысты дыбыстар
Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш. Жіңішке дауысты дыбыстар
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, А. Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Карабаева Зайтуна Маженовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×