Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


1 саны мен цифры

10 қараша 2012, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: 1 саны мен цифры
Сабақтың мақсаты: Бір саны және цифрымен таныстыру. Көп ұғымынан бірді бөліп алу. Бір цифрын жазуға үйрету.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
- Салеметсіңдер ме балалар?
- (Балалар жауабы) Сәлеметпіз.
- Қазір бізде математика сабағы. Сабаққа қажетті құрал – жабдықтарды алып оқушы ережеге сай отырамыз.
Өткеді қайталау.
Көп, аз, артық, кем, сонша ұғымдарын қайталау.

II. Жаңа материалдардың мазмұны.
- Сан ұғымына шамаларды салыстырып көрейік.
- Бір санын көптен бөліп алу, көптің ішінде ерекше белгісі бар, өзгеше затты бөліп алуға, салыстыруға үйрету қажет.
Жұмбақ.
Күнге бұрып маңдайды,
Күннен көзін алмайды.
(Күнбағыс)
Оқулықпен жұмыс.
- Балалардың зейінір жеміске аудару. Сұрақ - жауап арқылы көптің ішінен бірді бөліп алу көзделеді.
- Сурет бойынша қанша алма?
- Көп.
- Оның ішінде өзгешесі бар ма?
- Бар.
- Бір алма жапырағымен үзілген.
- Алмұрт қанша?
- Көп.
- Алмұрттың түсінде қандай өзгеріс бар?
- Бір алмұрттың түсі көк.
- Сол сияқты көп жапырақ, оның біреуі көк жапырақ;
- Көп алхоры, оның біреуі көк алхоры.
- Сонымен бір алма, бір алмұрт, бір алхоры, бір жапырақ көптің ішінен өзіне тән ерекшелігіне қарай бөлініп алынады.
- Мына тұрған суреттегілердің бәрі нешеден?
- Бірден .
- Геометриялық фигураларды бір ұшбұрыш, бір шаршы, бір дөңгелек, бір текше деп санату.
- Ұғымды бекіту үшін «Күз сыйы» деген сюжет бойынша әңгіме жүргізу.
- Мысалы: Арман бақшадағы көп асқабақтан біреуін үзіп алды. Сондай - ақ, бір қияр, бір қызанақ, бір сәбіз, т.б.

Сергіту сәті.
Кіріп келіп ділізге,
Бапалдақты санадым.
Адым салып әр ізге,
Көтеріліп барамын.
Дәптермен жұмыс.
Өлең оқу.
«Бірлік» жазған едім мен,
Ұқсастығын кім білген!
Аумай қалды айға ұшқан,
Зымыранның өзінен.
Жебедей көкте қалқыдып,
Қуаныштан балқыдым.
Еш бала мендей бірінші,
Болған жоқ – ау алтыным.
- Оқулық дәптердегі практикалық тапсырмада көрсетілген үлгідей орындауларына болады. Көкөністердің әр түрінен бір – бірден алып, қорапқа салу керек.
- Бір цифры неге ұқсайды?
- Таяқшаға, бағанға.
1. Бір цифрын жазуға жаттықтыру үшін алдымен ауада жазу.
2. 1 цифрын жазудың алгоритмімен таныстыру.
3. Дәптердегі үлгі бойынша таяқша салу (бір жолға).
4. 1 цифрын жазу.
Өлең оқу
Жіңішке жалғыз таяқша – Бір саны ол айрықша
5. Тор көздегі 1 цифрының санына тиісті бір заттың суретін салу, геометриялық фигуралардың санына қарай тиісті цифрды қою.
- Бұл среттегі Бұлжылтпас, оның жұмыс атқару негізі әр санды өткен сайын сол санға жылжып отырады..
- Бір санын өткенде Бұлжытпас бір қадам басады.
- Ол тапсырма орындағанда бір торкөз жылжиды, торкөздің алдындағы кедергіні аттап өту үшін, тапсырмалар орындату.
Ойындар ойнайық.
"Көп - аз, бір" ойыны.
Ойынға қажет материалдар: үлестірмелі заттар немесе суретті карточкалар (он - оннан).
Ойынның барысы: Әр оқушыда он-оннан карточкалар және түрлі заттар. Үлестірмелі заттарды пайдалана отырып мұғалім "көп" десе ба¬лалар заттардың көбін (8-10), "аз" десе азын (2-3 немесе 3-4), ал "бір" десе тек қана бір затты көрсетулері керек.
Бұл ойынды.керісінше "бір", "аз", "көп" деп айтып та ойнатуға болады.
32 570
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
2 саны мен цифры. Үшбұрыш. Қысқа - ұзын. Жақын - алыс.
2 саны мен цифры. Үшбұрыш. Қысқа - ұзын. Жақын - алыс.
2 цифрымен таныстыру. «Ұзын, қысқа, тар, кең» ұғымдарын және дөңгелек туралы ұғымдарын қалыптастыру.
5 саны және цифры
5 саны және цифры
5 саны және цифрымен таныстыру. Көп ұғымынан бесті бөліп алу.
3 саны мен цифры
3 саны мен цифры
Балаларды 3 саны мен цифрымен таныстыру. Заттарды санауға машықтандыру, 3 цифрын тану және бейнелеуге үйрету.
9 саны және цифры
9 саны және цифры
Тарбағатай ауданы, Қарасу ауылы, В. П. Чкалов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тунжамылова Сакен
Қалдықпен бөлу және оны тексеру
Қалдықпен бөлу және оны тексеру
Сапарова Қаламқас Қадірқызы Бастауыш сынып мұғалімі
4 саны мен цифры
4 саны мен цифры
Атырау облысы, Исатай ауданы, Зинеден селосы, Ю. Гагарин атындағы орта мектептің мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Курмашева Нургуль Мухамбеткалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×