Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үйшік ертегісі

18 желтоқсан 2015, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Шиелі ауданы,
"№152 қазақ орта мектебі КММ"
Бастауыш сынып мұғалімі
Жанғабылова Кенжекүл Ғаниқызы

Ана тілі 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Үйшік ертегісі

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ертегі мазмұнын меңгерту, ертегіні оқу арқылы сөз құдіреттілігін білуге үйрету, баланы оқыта отырып тәрбиелеу
Дамытушылық: Жүйелі ойлау, ойын әсерлі жеткізу, жүйелі сөйлеу қабілеттерін анықтау
Тәрбиелік: Бала бойына еркіндік, мақсаткерлік, ар - намыс, адамгершілік, шыншылдық, еңбексүйгіштік қасиеттерді ұялату, бірлікке тәрбиелеу
Сабақ типі: Білік пен дағдыны қалыптастыру
Сабақтың түрі: Ертегі сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, топтық жұмыс, пікір айту
Көрнекілігі: Мультимедиялық аппарат, тапсырмалар, суреттер

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасып, сабаққа қатыстарын тексеру, сабақ ерекшелігі туралы айтып, мақсатымен таныстыру

ІІ. Негізгі бөлім
1. Қызығушылықты ояту
(«Ертегілер» әнін тыңдату арқылы балаларды сабаққа психологиялық дайындау) Сабақтың ертегілер еліне саяхаттау арқылы өтетіндігін айту, ертегі туралы қысқаша түсінік беремін, олардың түрлеріне тоқталып, мысалдар келтіру.

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1 - слайд: Орман суреті. Ормандағы аңдар.
- Балалар, жылдағы дәстүр бойынша ел президенті Н. Назарбаев атамыз Қазақстан халқына өзінің жолдауын жолдады.

2 - слайд: Жолдаудан көрініс.
- Ол жолдауда ел басшыларына нақты тапсырмалар берілген болатын. Сол тапсырмалардың ішінде Қазақстан халқын биылғы жылы баспанамен қамтамасыз ету керек екендігі тапсырылған болатын. Яғни қол жетімді баспаналы болу. Сол тапсырманы естіген ормандағы аңдар да естіп қуанып жатқан көрінеді. Сабағымыз ертегі сабақ болғандықтан аңдар да баспаналы болғысы келіп бір - біріне үй салып, көмектесіп жатқан көрінеді. Бүгінгі сабақта біз де аңдарға арнап үй салып беріп көмектесіп көрейік. Ол үшін үйдің бөліктері берілген, әр бөлікті орнату үшін үй тапсырмасын айту керек - дей отырып үй тапсырмасын сұрау
«Наурызғы тілек» жатқа сұрау.

3 - слайд: Үй бөліктері
Құрастырылған сурет арқылы бүгінгі сабағымыз орыс халқының ертегісі Үйшік екендігін хабарлау.

4 - слайд: Сызба
Қазақ ертегісі мен орыс ертегілерінің ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру

1. Мағынаны ашу.
5 - слайд: Енді ертегі кейіпкерлерін табу, ол үшін шытырман сурет ішінен аңдардың бейнесін табу, бейне сыртында жаңа сабақ мазмұнын ашатын мақал - мәтелдер берілген. Сол мақалдардың мағынасын ашу арқылы жаңа сабаққа кіріспе жасау.
Ертегі тақырыбын білдік, оның кейіпкерлерін таптық, ертегінің не туралы екендігін мақалдар арқылы білдік енді тек ертегі мазмұнымен танысу қалды, олай болса ертегіне тыңдап көрейік.

ІҮ. Жаңа сабақ
Ертегі мазмұнының презентациясы арқылы ертегіні тыңдату.

1. Зерделеу стратегиясы
Ертегі ұнаған болу керек, енді ертегіні тізбектей мәнерлеп оқып көрейік. Ертегіні тізбектей мәнерлі, дауыс интонациясын сақтай отырып жүргізіп оқытып шығу.

2. Ізденіс стратегиясы

Біз қазақ тілі сабағында етістікпен танысып жатқанбыз, олай болса етістік дегеніміз не? (оқушылардан сұрау)
Олай болса қазір ертегі кейіпкерлерінің суреті шығады, сендер мәтіннен сол аңның іс - қимылын білдіретін сөздерді тауып бересіңдер

6 - слайд: Аңдардың суреті
Тышқан – жүгіріп
Бақа – секіріп
Қоян – ытқып - ытқып
Түлкі – қуанып
Қасқыр – алақ - жұлақ етіп
Аю – қорбаңдап

3. Салыстыру стратегиясы.
Кейіпкерлер арасында диалог құру

4. Ой түю стратегиясы
Ертегіге байланысты балалардың ойларын білу, пікірлерін тыңдап, ортақ тақырыпты табу.

Ү. Бағалау
Аңдарға үй салып көмек бергеніміз үшін бізге ұмытпай сыйлықтарын беріп жатыр – деп гүл шоқтарын сыйлай отырып бағалау жүргізу.

ҮІ. Үйге тапсырма
Үйге ертегіні мәнерлеп оқып, мазмұндау.
ҮІІ. Қорытынды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 621
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үйшік. (Орыс ертегісі)
Үйшік. (Орыс ертегісі)
Оқушыларды халық ауыз әдебиеті – халық шығармаларының түрлерімен таныстыру. Ертегі түрлерімен таныстыру.
Үйшік
Үйшік
Алаңда бір үйшік тұр еді. Жертесер тышқан оны көріп қалды. - Неткен үйшік! Кімдікі бұл үйшік?
Ертегілер еліне саяхат
Ертегілер еліне саяхат
Ертегіні сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету.
Сақина ертегісі
Сақина ертегісі
Ертегінің негізгі идеясын өзбеттерінше ұғынуға жол ашу. Ой - өрістерін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорларын молайту арқылы көркем сөйлеу тілдерін дамыту. Адами қасиеттерді бойына жинау, еңбексүйгіштікке, адалдыққа тәрбиелеу.
Үйшік (орыс ертегісі)
Үйшік (орыс ертегісі)
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қойшибаева Хадиша Оңғарқызы
Ертегі еліне саяхат
Ертегі еліне саяхат
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қалалық "№ 1бөбекжай балабақша" КҚМК Жұлдыз тобының тәрбиешісі: Ахметова Дания Кадировна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×