Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алматыға саяхат

11 наурыз 2016, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Қостанай қаласы,
№3 мектеп - гимназиясының қазақ тілі пәні мұғалімі
Молдахметова Кенжегүл Бейсенбайқызы

4сынып
Сабақтың тақырыбы: Алматыға саяхат
Сабақтың мақсаты:
1. Бiлiмдiк: Оқушыларға өз ойларын айта алуға жетелеу, сөздік қорларының сапасына мән беру.
2. Дамытушылық: Қойылған сұраққа және сурет бойынша сұраққа жүйелі жауап беруді дағдыландыру.
З. Тәрбиелік: Оқушыларды сауаттылыққа тәрбиелеу. Ұжымда еңбек ету, бір - біріне деген достық ықыластарын ояту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақта қолданылатын әдiс-тәсiлдерi: сұрақ - жауап, түсiндiру.
Сабақта қолданылатын көрнекiлiктер: суреттер, интербелсенді тақта

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу
- Бүгін сыныпта кезекші кім?
- Сыныпта кім жоқ?
Тіл дамыту кезеңі:
Қазір қай сабақ?
Қазақ тілі сабағында қай тілде сөйлейміз?
Аптаның қай күні?

2. Психологиялық дайындық (слайд № 1)
Қайырлы таң, досым,
Қайырлы күн болсын.
Күннің әр кезі
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын!

II. Үй тапсырмасын тексеру. 7 мин
Үй тапсырмасы аукцион ойыны арқылы тексеріледі.
- Бүгін біздің сабағымыз ерекшелеу болады. Ал қазір аукционда отырмыз деп есептейік. Аукцион деген не екенін түсіндіру. Аукцион – бірнәрсені сатып алу, кімде-кім ең жоғары бағаны ұсынса, сол сатып алушы болады. Үй тапсырмасын қалай орындағандарыңды тексеру үшін кішігірім аукцион өткізіп көрейік.
1. Қарындаш сатылады. Бұл алма толық және дұрыс жауап берген оқушыға беріледі. Сұрақ: Қазақстанның ірі қалаларын ата?
2. Қалам сатылады. Сұрақ: Қазақстанның екінші астанасы қалай аталады?
3. Дәптер сатылады. Сұрақ: Қызылорда да не орналасқан?
4. Ашық хат сатылады. Сұрақ: Қазақстанның қазіргі астанасын ата?
5. Өшіргіш сатылады. Сұрақ: біздің қаламыз қалай аталады?
Біздің аукцион аяқталды. Ал енді жаңа сабаққа көшейік. Біз қандай «астана» жайлы айтуды ұмытып кеттік? Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
(слайд 2) АЛМАТЫНЫҢ суреті......... бұл қала қалай аталады? 1 мин
- Иә, оқушылар сабағымыздың тақырыбы «Алматы» қаласы

Жаңа сабақ.
- Мұғалім сабақтың мақсатын айтып өтеді. 1 мин
- Оқушыларда өз беттерінше алдарына мақсат қояды: 2 мин
- 1. Мәтін не туралы..
2. Алматы туралы қосымша мәліметтер жинақтау
3. Талдауларды меңгеру

Сөздік. 1 мин мұғалім; оқушылар
Болған – был (- а,- о,- и)
Ұлттық – национальный
Шаһар - город
Жақында – недавно
Салынды - построили

Сөз тіркесі тізбегі 2 мин

Қызығушылығын ояту 3мин
- Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Сабаққа жұмыла, белсенді қатысуларыңды сұраймын.
- Менің қолымда тұрған қандай фигура? (куб)
- Бұл фигура неге куб деп аталады? (көлемі квадрат) Әділет
- Кубтың неше жағы бар? (6 жағы бар) Әділ

І жақ. Таныс 10 мин
Тыңдалым. (үнтаспа) Оқылым.
1. Мәтінмен жұмыс. Лиза Камила
Алматы қаласы
Қазақстанда үлкен қалалар көп. Алматы Қазақстанның үшінші астанасы болған. Алматыда театрлар, мұражайлар, Ұлттық кітапхана, «Медеу» мұз айдыны, спорт сарайлары, Республика сарайы, метро, қонақүйлер бар. Мен Алматы қаласын жақсы көремін.

2. Сұрақ – жауап
1. Бұл қай қала?
2. Алматы қандай қала?
3. Алматы Қазақстанның нешінші астанасы?
4. Алматыда нелер бар?

Мәтінмен жұмыс Әліби Диана
Алматы – әсем қала
Алматы – Қазақстанның ең ірі, ең әдемі қаласы. Халқының саны жағынан да ол – Қазақстанның ең ірі шаһары. Қала әсем Алатаудың баурайында орналасқан. Алатаудың жағасында әйгілі Медеу мұз айдыны, Шымбұлақ спорт кешені бар. Алматының символы – әлемде сирек кездесетін атақты апорт алмасы.

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар:
1. Алматы қандай қала?
2. Қала қайда орналасқан?
4. Алматыда қандай кешен бар?
5. Алматының символы?
ІІ жақ. Жинақта 2мин
Сөйлемдерді оқы. Олардың дұрыс, бұрыс екенін анықта. Карина Әділет

Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жаз. 2мин Алдияр, Диана, Костя
Қазақстанда....................... қалалар көп.
Қазақстанның......... астанасы Алматы.
.......................... - үлкен, әдемі, әсем қала.
Керекті сөздер: Үшінші, Алматы, үлкен, көркем.
Сергіту сәті: интеративті тақтам 1 мин

ІІІ жақ. Талда 10 мин
1. Дыбыстық талдау. Алматы. Әдемі. Костя Аслан / Лиза/
2. Септеу. Метро. Әділ
3. Жіктеу. Азамат / гражданин/ Әліби
4. Тәуелдеу. Қала Камила

«Сиқырлы сандық» ойыны. 2мин
Шарты: Сандықтың ішінде сұрақтар жасырылған. Дұрыс жауап берген балаларға «смайлик» беріледі.
1. Қазақстанның ірі қалалары?
2. Қазақ тілінде неше жалғау түрлері бар?
3. Көптік жалғауларды ата?
4. Көктем айларын ата?
5. Қарағанды неге бай?
6. Алматының символы?
7. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
8. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Тақтадағы оқушыларды тексеру

ІҮ жақ. Ойлан. 3мин
Сөйлемдерді дұрыс құра.
1. Үлкен қала әдемі Алматы әсем. Қайрат
2. Өте қала үлкен. Жиленко Александр
3. Салынды метро жақын. Данияр / Аслан/
4. 2011 ашылды метро жылы. Әділет

Ү жақ. Салыстыр 3мин
1. Алматы /Карина/ 2. Астана /Қайрат/

ҮІ жақ. Қорытындыла Рефлекция 2мин
НЕ - түсіндім - естідім - білдім - жаздым - сезіндім

ҮІІ. Үйге тапсырма Отан туралы мақал - мәтел жаттап келу
ІХ. Бағалау

Толық нұсқасын жүктеу
10 835
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
8 саны және цифры
8 саны және цифры
8 саны мен цифрын енгізу, 8 санының қалай пайда болатындығын түсіндіре отырып, 8 - ге дейінгі сандарды тура, кері санауға жаттықтыру, 8 цифрын тану және дұрыс бейнелеуді үйрету
1 - ден 10 - ға дейінгі сандар
1 - ден 10 - ға дейінгі сандар
Балаларды түрлі есеп шығара білуге үйрету, ойын арқылы есте сақтау қабілетін дамыту. Танымдық, шығармашылық, белсенділіктерін арттыру.
М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы
М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы
Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау
Табиғатқа саяхат. Ә дыбысы мен әрпі
Табиғатқа саяхат. Ә дыбысы мен әрпі
Мұғалім көмегімен мәтінге суреттер, сызбалар арқылы жоспар құрып, оған ат (тақырып) қою
Ауызша көбейту мен бөлу тәсілдері
Ауызша көбейту мен бөлу тәсілдері
Сандарды ауызша көбейтуге берілген есептерді шығаруға дағдыландыру, тиімді тәсілмен есептеуді үйрету. дамыту. Ұқыпты, ретті жазу дағдысын қалыптастыру.
Көктемде. Етістікті қайталау
Көктемде. Етістікті қайталау
Ақтөбе қаласындағы №3 орта мектебінің (орыс тілде оқытылатын) қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Құлжанова Шарапат Мұхамбет-Рашидқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×