Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аманат

27 мам 2016, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сарыкемер орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі:
Нуранова Альфия Жаксыбаевна

Әдебиеттік оқу 3 сынып
Тақырыбы: Аманат
Мақсаты: Мәтіннің негізгі ойын ұғындыру. Табиғатқа зиян келтірмеу туралы ойларын саралау.
Міндеті: 1. Шығармадағы негізгі ойды оқушыларға ұғындыру.
2. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы ойлауын, сөйлеу тілін дамыту.
3. Өз ойын қорыта білуге, сыни тұрғыдан ойлауға бейімдеу.
Күтілетін нәтиже: 1. Жүргізіп оқуды меңгереді. Аманат сөзінің мағынасын аша алады. Мәтіннің идеясын болжай алады. Өмірден мысал келтіре алады. Ашық сұрақтар қоя алады..,,,,,,,
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабаққа кіріктірілген модуль: 1. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен және оқу.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
4. АКТ - ны пайдалану.
5. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
Әдіс - тәсілдер: Сыни ойлау стратегиялары, диалог, топтық, жұптық жұмыс.
Керекті жабдықтар: Интерактивті тақта, слайдтар, плакат, маркер

Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңдері: Мұғалім әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Табыс критерийі «Бразилиялық жаңбыр» әдісі арқылы ұйымдастыру.
4 - ке дейін санау арқылы4 топқа бөлемін.
Табыс критерийін таныстырып, тақтаға ілемін. Оқушылар қимыл арқылы жасайды.
Оқушылар топтарға бөлінеді.
Оқушылар табыс критерийімен танысады.

Үй тапсырмасын тексеру (5 минут)
«Не айтар едің?» әдісі Үй жұмысын «Әткеншек» әдісі бойынша сұраймын. Жауап берген оқушыны формативті түрде ауызша бағалап отырамын.
Оқушылар «Әткеншек» әдісі бойынша оқушылар бір - біріне үй жұмысына байланысты сұрақтар қояды..

Қызығушылықты ояту (5 минут)
«Ассоцация»аманат сөзін топтастырады.
Оқушылар аманат сөзінің баламасын жазады.

Мағынаны тану (15 минут)
«Болжау» әдісі
Дәптермен жұмыс
Сөздікпен жұмыс
«Интервью»әдісі «Болжау» әдісі бойынша «Аманат» мәтінін меңгертемін.
Сөздікпен жұмыс:
Баржа - кемеге тіркеп, жүк тасуға арналған сүйретпе кеме.
Қанасына сыймай - асып төгілетіндей мол (су)
Көзімізбен ұзатып салдық - алыстап кеткенше қарап тұрдық.
Қазанжаппа - ыстық қазанға жапсырып пісірілген жұқа нан.
Топтағылар бір - біріне сұрақтар дайындайды.
Оқушылар мәтіннің немен аяқталатынын болжап жазып, оқып береді..
Сөздікті дәптерлеріне жазып алады.
Оқушылар топта ақылдаса отырып сұрақтарға жауап береді.

Ой толғаныс (5 минут)
4 - топ әрқайсысы ағаш отырғызуға байланысты жарнама жазады.
Әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындайды.

Бағалау 5 минут
Өзін - өзі бағалау, өзара бағалау.
Оқушыларға өздерін бағалауды ұсынамын. Оқушылар бүгінгі атқарған жұмыстарын ескере отырып, алдымен өздерін, содан соң бір - бірін бағалайды.
Үйге тапсырма беру (2 минут)
Дәлмырза қартқа арнап хат жазып келу. Оқып келу. Оқушылар үй жұмысын күнделіктеріне жазып алады.
Кері байланыс (2 минут)
Оқушыларға кері байланыс сұрақтарын қоямын:
- Бүгінгі сабақ сізге ұнады ма?
- Өз жұмысыңа көңілің тола ма?
- Сабақты қаншалықты түсіндің? Оқушылар өз бағаларын гүл жинау арқылы көрсетеді.
4 430
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Топтық жұмыс түрлерін енгізе отырып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Топтық жұмыс түрлерін енгізе отырып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, ынтымақтастықта жұмыс істеуге дағдыландыру
Диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру
Диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру
Диалогтік оқыту және сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдістерінің байланысын меңгерту, әріптестердің коучинг барысында диалогтік оқытудың модулін терең зерттеп, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.
Адам – мәдениетті жасаушы
Адам – мәдениетті жасаушы
7 модульдің қолданылуы АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
Абайдың Қыс өлеңі
Абайдың Қыс өлеңі
Ақпарат көздерін тиімді пайдалану арқылы Абай Құнанбаевтың «Қыс» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу
Қазақстан – ортақ үйіміз
Қазақстан – ортақ үйіміз
Қазақстан мемлекеті туралы білімдерін тереңдету; Болашақты жасайтын – қазіргі жастар екенін ұқтыру;
Педагогикалық іс тәжірибемдегі жаңаша өзгерістер
Педагогикалық іс тәжірибемдегі жаңаша өзгерістер
Өз тәжірибемде қандай да бір жаңашылдық көрсетуде мен «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқытуды басқару және көшбасшылық», «Талантты және дарынды балаларды оқыту»,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×