Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Екі таңбалы сан. Сандардың ондық құрамы. «Ондық», «Бірлік»

10 ақпан 2018, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Екі таңбалы сан. Сандардың ондық құрамы. «Ондық», «Бірлік».
Білімділік мақсаты: екі таңбалы сандар, олардың ондық құрамы туралы түсінік қалыптастыру
Дамытушылық мақсаты: осы сандық кесіндіде сандардың ондық құрамы негізінде қосу мен азайтудың есептеу тәсілдерін қарастыру
Тәрбиелік мақсаты: сандардың өзара ерекшеліктерін ажырата алуларына үйрету

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал - жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Білімдерін дамыту.
«Математикалық баспалдақ ойыны». Мұғалім баспалдақ түрінде мысалдар жазады. Екі оқушы тақтада шығарады да, ойынның басталғаны туралы белгі береді. Балалар мысалдарды орындауға кіріседі. Баспалдақ басына ең бірінші шыққан оқушы жеңімпаз болады.
«Есептеу машинасы» ойыны. Мұғалім математикалық өрнектер оқиды. Оқушылар есептей отырып, цифр жазылған карточкалар көмегімен өрнектің мәнін көрсетеді.
2+1+7 - 8+10 - 2 - 4+1
6+2 - 4+4 - 3+5 - 2 - 4 - 2
4 - 3+9 - 8+7 - 3+2 - 6+3
«Математикалық диктант». «Дұрыс немесе бұрыс». Мұғалім дұрыс және бұрыс математикалық амалдар оқиды. Оқушылар дәптерге дұрыс болса «+», бұрыс болса «-» таңбасын қояды. Содан кейін мұғалім берген -+-++-++ жауаптарымен салыстырып, қателерді түзеп, өз жұмыстарын бағалайды.
 7 - нің алдында тұрған сан 5 - ке тең
 4 - тің алдында тұрған сан 3 - ке тең
 8 - ден кейін тұрған сан 10 - ға тең
 8+2 өрнегі 10 - ға тең
 9 бен 7 - нің айырмасы 2 - ге тең
 4 пен 5 сандары 3 - ке көрші тұрған сандар
 4 саны 5 - тен кіші
 2 мен 7 - нің қосындысының мәні 9 - ға тең.

ІІІ. Өткенді қайталау.
Мұғалім тақтаға үш оқушыны шақырады да, 14, 13, 19, 17, 15, 10, 11, 12, 16 деген сандарды атайды. Оқушылар оларды тақтаға жазады.
Жазылған сандар оқылады. Сандардың ішінен ең кіші екі таңбалы сан табылады. Ең үлкен санды табу. Бұл сандардың әрқайсысында неше ондық, неше бірлік бар?

ІҮ. Жаңа сабақ.
1 және 2 - жаттығуларға ұқсас жұмыстар жүргізіледі. Бастапқы пысықтау үшін 3 - жаттығу беріледі. 4 пен 5 - жаттығуларды оқушылар мұғалімнің көмегімен орындайды. 6 - жаттығуда әріптік өрнектерді салыстыру кезінде оқушылар өз тұжырымдарын негіздеуі қажет. 7 - жаттығу өздік жұмыс ретінде беріледі.

ІҮ. Оқулықпен жұмыс.

ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.
11 486
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тест, математика 2 - класс
Тест, математика 2 - класс
Тест тапсырмалары, математика 2 сынып
Мектепішілік олимпиада тапсырмалары 2 - сынып
Мектепішілік олимпиада тапсырмалары 2 - сынып
Сыныпта 21 оқушы. Барлық оқушыларды отырғызу үшін қанша екі орынды парта қажет?
Жаңа санау бірлігі – мыңдықтардың құрылуы. Разрядтар және кластар.
Жаңа санау бірлігі – мыңдықтардың құрылуы. Разрядтар және кластар.
Көп таңбалы сандардың құрылымы және жаңа санау бірлігі – мыңдық туралы түсініктерін қалыптастыру; көп таңбалы сандарды оқи алуға үйрету.
Екі таңбалы сандардың ондық құрамы
Екі таңбалы сандардың ондық құрамы
Екі таңбалы сандар, олардың ондық құрамы туралы түсінік қалыптасады. Екі таңбалы сандарды қосу және азайту әдістерін талдайды, және қорытынды жасайды, топта кестелік қосу және азайту мысалдарын қайталайды, есепке сәйкес сызба сала білу дағдылары
Сандардың ондық құрамы
Сандардың ондық құрамы
Атырау қаласы, №9 Ш. Уәлиханов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Едишова Бибігүл
Екі таңбалы сан. Сандардың ондық құрамы
Екі таңбалы сан. Сандардың ондық құрамы
Атырау қаласы, Қ. Смағулов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ислямгалиева Ардақ
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×