Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мәтін

07 қаңтар 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Атырау қаласы,
Талғайран негізгі мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Сариева Ақмарал Нұрымбетқызы

Сабақтың тақырыбы: Мәтін
Білімділік: Оқушыларға мәтін туралы түсінік беру. Мәтіннің бірнеше сөйлемдерден құралатындығын. Мәтін сөйлемдері бір-бірімен мағынасы жағынан байланысатындығын ұғындыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту, мәтінді түсіне білуге, оған ат қоюға машықтандыру.
Тәрбиелік: Дұрыс, мәнерлеп сөйлеуге, бір-бірінің пікірін тыңдай білуге, сыпайылыққа, адамгершілікке, білімділікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгеру
Сабақтың әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын т.б.
Сабақтың көрнекілігі: музыка, мультимедия, плакат.

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Психологиялық әзірлік
- Балалар, қазір қандай сабақ екенін есімізге түсірейікші.
- Қазақ тілі.
- Ендеше, сабақта ұстанатын ұранымызды айтып жіберейікші.

Мақсатымыз – білім алу
Міндетіміз – еңбектену
Беске қолды жеткізу

- Балалар, қазір мынандай ойын ойнап жіберейік. Қандай мезгіл тамаша? – сұрақ-жауап арқылы өздеріңе ұнайтын жыл мезгілдерін айтасыңдар. Тірек сөздерін пайдалана отырып, әр мезгілді бейнелейтін өлең тармақтары шығады. Тірек сөздер: әдемі, керемет, көрікті, сұлу, жаңаша, тамаша т.б.
I нұсқа ---------------------------------------------------------------II нұсқа
Мұғалім ---------------- Оқушылар ----------- Мұғалім ----------------- Оқушылар
Көктемгі кез ---------- көрікті, ---------------- Көктемгі кез ------------ тамаша,
Жазғы мезгіл --------- жаңаша--------------- Жазғы мезгіл ------------ әдемі.
Күзде бәрі ------------- әдемі, ----------------- Күзде бәрі ---------------- көрікті,
Қыста бәрі ------------- тамаша---------------- Қыста бәрі ---------------- жаңаша.

Психологиялық дайындық:
Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым
Мынау менің сол қолым
Барлық істі атқарған.

- Балалар, ендеше атқарған істеріңді үй тапсырмасын қалай орындағандарынан көрейік.
1. 79-беттегі 6- жаттығу
Лауазым, кек, рұқсат, рақым, жаңғақ, лашын, еңбекқор, сенбілік.
2. Топтастыру

ІІІ.Жаңа сабақ.
- Балалар, мына кейіпкерлерді білеміз бе?
- Иә
- Есімдері кім?
- Елдос пен Аяжан
Иә, дұрыс айтасыңдар, ал естеріңе түсіріңдерші, олар қай елдің тұрғындары?
- Ғажайыпстан
Иә, балалар, біздер бүгін осы Ғажайыпстанға саяхат жасаймыз. Ол елге бару үшін біздер Желаяққа мінуіміз қажет. Балалар, ол үшін біздер Желаяқтың тапсырмасын орындауымыз қажет.

«Бір айналым сөйлеу» Отан. (Балалар сағат тілі бағытымен Отан туралы сөйлемдер құрастырып, тұтастай бір мәтін құрастырып шығады.
- Балалар біз не туралы сөйлемдер құрадық? (Отан) Біздің сөйлемдеріміз бір-бірімен мағынасы жағынан байланысты ма? (Иә)
- Балалар, жарайсыңдар! Сендер Желаяқтың берген тапсырмасын дұрыс орындадыңдар! Ендеше бәріміз Желаяққа мінейік, Елдос пен Аяжан бізді күтіп қалған шығар.

Елдос пен Аяжан: Сәлеметсіздер ме, балалар, қош келдіңіздер! Сіздермен бірге саяхат жасайтынымызға өте қуаныштымыз. Біздің бірінші аялдамамыз «Білім» аялдамасы. «Білім» аялдамасының тапсырмасы:

- Балалар, барлығымыз оқулығымыздың 80-бетін ашайық. 1-жаттығуға назар аударайық.
• 1-жаттығу. Оқы. Қай санның тұсында жазылғандардан толық мәлімет алуға болады деп ойлайсың?
1.О.
2.Отан
3. Отан – оттан да ыстық.
4. Осы кең байтақ жерде әрбір адамның ауылы, көшесі, үйі бар. Ол- оның кішкентай Отаны. Осындай кішкентай жерлерден үлкен Отан құралады. Сен осы жердің қай бұрышында тусаң да, бүкіл жер- сенің Отаның, туған елің. Сен оны мақтанышпен:
- Менің елім - Қазақстан Республикасы! - дейсің.
• Шығармашылық диктант
І топ: Асылай, киді, көйлек, әдемі.
ІІ топ: Елдос, оқиды, сабақты, жақсы.
ІІІ топ: Кітапханада, кітаптар, қызықты, көп.

«Мәтін аялдамасы.»
Елдос пен Аяжан:Мәтін дейді? Мәтін дегеніміз не? Балалар, білесіздер ме? (Жоқ) Олай болса, оны білу үшін біздер Білімпаз атаны шақырайық.
- Сәлеметсіздер ме, менің білімге құштар саяхатшыларым. Бүгін сіздер нені білгілерің келеді?
- Біздің келесі аялдамамыз «Мәтін» аялдамасы екен. Ал біз оның не екенін білгіміз келеді.
- Түсінікті, ендеше, тыңдаңдар.Ерте, ерте, ертеде "Қазақ тілі елінде дыбыс, буын, сөз, сөйлем өмір сүріпті. Дыбыс бірігіп буын құраған, буын бірігіп сөз құраған, сөз бен сөз байланысып сөйлем құрады. Ал, балалар, мен не құрадым?
- Ертегі.
- Сөйлемдерім бір-бірімен мағынасы жағынан байланысып тұр ма?
- Иә.
- Ендеше, балалар, мәтін дегеніміз - жазбаша немесе ауызша ойды жеткізу.
- Мәтін бірнеше сөйлемдерден құралады.
Аяжан мен Елдос: Білімпаз ата, сізге көп-көп рахмет!
- Міне, мәтін аялдамасына да жеттік. Ендеше мәтін аялдамасының тапсырмасына назар аударайық.

• 2-жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз. Мәтін неше сөйлемнен құралған?
Жұмахан атасын алма ағашының көлеңкесіне ертіп келді. Атасы қолымен ағашты ұстады. Бұтаны сипап, әлденені айтқандай болды. Жұмахан құлағын тосты. Атасы өлең оқып отыр. Жамбыл Жабаевтың өлеңі. Бұл алма ағашын Жамбыл ата өз қолымен отырғызыпты. (Тыныштық сәті. Жәй үнмен классикалық әуен жіберіледі.)
Жұмысты қорытындылау.
«Кім көп біледі?»
Мыналардың қайсысы мәтін бола алады?
1. Менің досым бар. Айгул доппен ойнады.
2. Менің жасым жетіде.Алақай, көктем келді! Жасасын, Отаным, Қазақстан!
3. Менің күшігім бар.Аты-Ақтөс.Себебі оның төсі аппақ. Ол өте сүйкімді және ақылды.Мен қайда барсам да күшігім артымнан қалмайды. Мен күшігімді жақсы көремін.
- Сонымен, балалар, Ғажайыпстан елінің соңғы аялдамасы «Зерек» аялдамасы.
Бұл аялдаманың тапсырмасына назар аударайық:

3-жаттығу. Мәтінді оқы.
Данияр мектептен келді. Үйдің алдына қар үйіліп қалыпты. Қолына күрек алды. Ауланың қарын тазартуға кірісті. Бірақ қар таусылар емес.
Осы кезде оған көрші үйдегі досы Нариман келді.Нариман да қол шанасын сүйреп шығыпты. Екеуі екі шанамен қарды тез тасып бітірді.

Бұл аялдаманың тапсырмасына назар аударайық:
"Зерек" викторинасы.
♦ Данияр қайдан келді?
♦ Оқиға қалай жалғасты?
♦ Оған көмекке кім келді?
♦ Данияр мен Нариман қарды қалай тазалады?
♦ Мәтінге қалай ат қоюға болады?
Елдос пен Аяжан: Балалар, Ғажайыпстан ұнды ма? Несімен ұнады?
- Біз Ғажайыпстан еліне саяхат жасау арқылы жаңа мәтін деген тақырыппен таныстық.
Елдос пен Аяжан: Олай болса, келесі кездескенше, балалар!
- Балалар, енді барлығымыз көзімізді жұмып, сыныбымызға қайтайық.

ІҮ. Сабақты бекіту
Ойтолғаныс
- Балалар, біз бүгін нені үйрендік?(Мәтіннің не екенін білдік?)
- Мәтін дегеніміз не?
- Мәтін дегеніміз - жазбаша немесе ауызша ойыңды жеткізу.
- Мәтін туралы тағы не білеміз?
- Мәтін бірнеше сөйлемдерден құралады. Мәтін сөйлемдері бір – бірімен мағынасы жағынан байланысып тұрады.

Ү.Бағалау
ҮІІ.Үйге тапсырма: 1. Ереже жаттау
2. 4-жаттығу, 81-бет
16 782
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Мәтін туралы берілген ұғымды кеңейту
Мәтін туралы берілген ұғымды кеңейту
оқушыларды мәтіннің белгілерімен, оларды тиісті дауыс ырғағымен оқуға, мағынасын түсінуге үйрету;
Мәтін
Мәтін
Оқушыларға мәтін туралы түсінік беру. Дұрыс құрылмаған мәтінді қайта құру арқылы сөйлемдердің байланысын көрсету. Мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтау.
Қазақ тілі пәнінен карточкалар жинағы
Қазақ тілі пәнінен карточкалар жинағы
Қазақ тілі пәнінен карточкалар жинағы. 1. Ауызекі тіл дегеніміз не? 2. Мазмұндама дегеніміз не? 3. Мәтін дегеніміз не? 4. Мәтін қалай құралады?
Сипаттау мәтіні
Сипаттау мәтіні
Мәтіннің түрлері туралы ұғымды талдау. Оқушылардың өзара байланыстырып сөйлей білу дағдыларын қалыптастыру.
Мәтін
Мәтін
Қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Мәтін Сабақтың мақсаты: 1. Мәтін туралы түсінік беру. Жеке сөйлемдер мен мәтінді бір-бірінен ажырата білуге үйрету. Мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтату.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×