Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балалар әдебиетінің бәйтерегі С. Бегалин

10 шілде 2018, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Балалар әдебиетінің бәйтерегі С. Бегалин
Мақсаты: Оқырмандарға балалар жазушысы С. Бегалин жайында мағлұмат бере отырып, оның өлеңдерімен шығармашылықтарын таныстырып, оқырмандарды адалдыққа, пәктікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Кітапханашы: Сәлеметсіздер ме Құрметті біздің кітапхананың оқырмандары бүгін мен өткізілейін деп жатқан кешіміздің тақырыбы Балалар әдебиетінің бәйтерегі С. Бегалин атты кешімізге қош келдіңіздер. Енді осы кешімізді бастаймыз.
Сапарғали Бегалин Ысқақұлы 1895 жылы қазан айының 24 - де Шығыс Қазақстан облысында, Абай ауданында, Дегелең ауылында дүниеге келген.
Сапарғали Бегалин – жазушы, қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Бегалин 1915 жылы Семей қаласындағы орыс - қазақ уч - шесін бітірген.
Бегалин шығармашылық жолын өлең жазудан бастаған.
Сапарғали Бегалин - Абыралы өңірінен шыққан қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі.
Алысқа келу керек Сапекеңше:
Тік бойлы, тастай дене, биік еңсе,
Сиятын қара көз осы қарақасқа
Отыз бен отыз бестің бірін берсе!
Мұртының миығына аздап бұрыл,
Кіргенмен, көрсетпейтін олда қу бір!
Қоңырқай ажарында жоқ еш әжім,
Дерліктей,- Ұл атаулы сондай тұғыр!
Денеге лайық біткен қылық мінез
Не артық іс, бойда жоқ не артық сөз,
Қалпынан сыпайылық бір аумайтын
Өлшемі тұрақталған бір әділ тез
Сүйсініп оқитұғын туған халқы,
Жеткенге талант, ойдың шамшарқы,
Бірталай еңбек жазды, алды жарқын,
Ласы, кіршігі жоқ, таза арты,- деп көрнекті жазушымыз Сәбит Мұқанов өлеңге қосқандай Сапарғали жазушымыз сияқты шежіре адамның өмірі қандай қызық болса, шығармашылығында сондай қызық.
Ол - халқымыздың ғасырлар бойы ауызша тараған әңгіме - аңыздарын, айтыс - өлеңдерін, шешендік толғауларын жатқа білетін ескінің көзі, оның үстіне этнограф, әрі тарихшы.
Енді балалар, С. Бегалиннің өлеңдеріне кезек берейік!

1 - оқушы.
Туған жер
Сүйсіндім көріп мақтанып
Туған туым асқарым
Өр кеудеңмен бұл жарып,
Жастанған қазына тастарың
Мақтаны болып халықтың
Моторға қуат күш берген
Кен жастанған алып шың
Арқада көкке төс көрген.
Сарқыттай сақтап сан заман
Жеткіздің асыл ұрпаққа
Аспанда гулеп самсаған
Қанатты елің дер шақта.

2 – оқушы:
Еңсеңді көкке көтере
Кен есігін кең аштың
Байлықтың өрін төтелеп
Мақтасам қалай жарастың
Өсіп ең сенің өріңде
Қайнарыңнан нәр алып,
Алуан қилы өмірге
Ер жеттім сенде жаралып.

3 – оқушы:
Аттанған сенен ертерек
Түзден түлеп тоятты
Шыңына өнер ентелеп,
Арнағам саған жас шақты.
Жанды еңбегім талпынған
Орнымды таптым бойға шақ
Ырзалық таптым халқымнан
Халқымда шет мен де шат

4 – оқушы: Ана
Күйбеңдеп қоңыр үйінде
Жөргекті ұлан өсірдің
Талпынып ұлан күлгенде
Масайрап сенде есілдің
Ер жетті ұлан есейіп
Тыным көрмей күйбеңдеп
Қабылдың шапан, тері илеп
Он саусағың сүйреңдеп.

5 – оқушы:
Аттанды ұлан жорыққа
Азығын жолға сайладың
«Шаруаңды ойлап қамықпа», -
Дедің де белді байладың
Жолын күттің ұланның
Келеді қашан ұлым деп
Оралды аман шырағың
Алдынан шықтың күлімдеп.

Өмір әні
6 – оқушы:
Шырқал, шырқал жаным сүйген жақсы әндер
Жетті жазың, әнші далам, масайра,
Гулеген жел, асыр салған өзендер
Көкірегімді жатсың бәрің қашанда

7 – оқушы.
Қырда құлан, кісінеген тай, құнан
Асыр салып ауылда ойнар қозы – лақ
Көктем күйі күлімдетіп атып таң,
Толқысын көл, тұрсын билеп көк құрақ

8 – оқушы
Қайшы қанат қарлығаштар суылда
Қыр әншісі бозша торғай жырлашы
Балын жинап аралар да әнге сап
Аңырмашы, әнсіз далам тұрмашы.

9 – оқушы: Ауылым ән сап шат өмірін шалқытсын
Жарқын өмір күміс қоңырау соққандай
Көкірегім күй нөсерін ағытсын,
Шырқалсын ән күндіз – түні тоқталмай.

10 – оқушы.
Тыңдайын да әннің балын жұтайын
Жаным мас боп балқысын бір сүйегім
Әнші тынба, ән тыңдауға мен дайын
Өмір әнін бар жаныммен сүйемін.

11 – оқушы:
Бейбітшілік жаршысы ұш аспанда
Еңбекші елге, достыққа ұран салда
Ақ қанатты көгершін адам досы
Жетсін үнің, ұраның бар жаһанға

12 – оқушы.
Бейбітшілік бақыт деп салсаң ұран
Үніңді естіп талқандар торды қыран
Еңбек сүйген әлемнің адамдары
Қанаттана жас түлек жалында ұлан

13 - оқушы
Сен бақыттың жаршысы өмір құсы
Үстінде бар бейбітшілік халық күші
Шарла әлемді, шарықта, шаршап талма
Жаз болғанша теп - тегіс өмір қысы
Ақ көгершін аспанда
Қырғи бар деп жасқанба
Шырқа шыңшаң асқарға.

14 – оқушы:
Ерлік, даңқ еңбекте
Тау орнына көлдер арнап
Құм орнына өсірдік гүл
Табиғатты еркін қолға ап
Жаңарттық біз, жайнады өмір

15 - оқушы:
Кіп - кішкене бидай дәнін,
Балқытады баптап еңбек,
Қара түнек қастық зәрін -
Жауыздықты көшкен жерлеп

16 - оқушы:
Ерлік, даңқ – бәрі еңбекте
Тағдыры да табиғаттың
Еңбек ие жер мен көкке
Өршіл күші адамзаттың

Кітапханашы:
Сапарғали Бегалин - әдебиетіміздің поэзия, проза жанырларында тартымды, тасымды шығармалар берген көрнекті суреткерлер, көп жылдар шаршамай шапқан жүйрік.
Ұзақ творчестволық сапарда суреткер қаламынан жиырманың үстінде поэма, оннан астам повесть, жүздеген әңгіме, тоғыз пьеса, бір роман, көптеген естеліктер, зерттеулер мақалалар туды.
Ендеше «мен емес, шеге жыртты» көрініске берейік.
Көрініс: «Мен емес, шеге жыртты»
Автор: Еркін бесінші сыныпқа көшті. Сабақты жақсы оқығаны, үлгілі тәртібі үшін оған әдемі қағазға жазылған мақтау қағаз берілді. Қуанған ол, мақтау қағазын үйіне жеткенше көтере ұстап келді. Есіктен кіре бере, кішкене қарындасы Әнтайға:
Еркін: - Бұл не, тапшы? – деп қызықтырды.
Әнтай: - Бере тұр. Көрейінші.
Еркін: - Жоқ саған беруге болмайды. Кірлетесің.
Автор: Еркін осыны айтты да, мақтау қағазын Әнтайдың қолы жетпейтін етіп, этажарканың жоғарғы сөресіне қойды. Одан біраздан кейін алды да өз кереуетінің бас жағына бастырмамен жапсырды. Ондағы ойы: - «Қызметтен келген бетте мамам көрсін». Еркін бұдан кейін тысқа шығып кетті. Әнтай бұл кезде өзінің ойыншығын жинаған бұрышта отыр еді. Ол Еркіннің далаға шыққанын көрісімен – ақ астына орындық қойып, жапсырулы тұрған мақтау қағазды жұлып алды. Қағаздың бастырып қойған бұрыштары жырымдалып жыртылып қалды. Әнтай бұлай болар деп ойламап еді. Қағазды жерге тастай беріп, зытып жөнелді.
Үйге Еркін келді. Әлгінде ғана жапсырып қойған мақтау қағазының үшті – күйлі жоғалғанын көріп, жүрегі су ете қалды. Қараса, жерде жатыр. Шеті жұлым – жұлым. Еркін жүгіріп сыртқа шықты да, Әнтайды іздеді.
Еркін: Әнтай! Әнтай!
Автор: Еркін мақтау қағазды көрсетіп...
Әнтай: Жо Жоқ мен емес. Мен тек.... Көрейін деп... ала беріп едім.. Оны шеге жыртып кетті.
Кітапханашы: Жарайсыңдар балалар!
Міне көрдіңдер ме С. Бегалин балаларға арнап шығарған осындай әңгімелері көп екен. С. Бегалиннің өлеңдерін зер салып, көңіл қойып оқыған адам оның сазды лирик, сыршыл ақын екеніне анық көз жеткізеді.
Жинақылық, әдептілік, қайырымдылық С. Бегалиннің балаларға арнаған тақпақ, жаңылтпаш, жұмбақ өлеңдеріне тән қасиеттер. Ата мекені Дегелеңге барған бір сапарынан:
Көрістік аман, көңіл шат,
Аттанам бүгін айтып хош.
Көңілге түрлі ойлар сап,
Асықпа, ауылым мені тос.
Мен келермін сан рет.
Самалды желді төске ала
Аунармын талай саған кеп
Керім иық, келер дала – деп жырлап қайтқан ақынның лирикасындағы басты сарын, негізгі мотив – туған жерге деген ыстық махаббат, өмірге деген құштарлықты байқаймыз.
Сапарғали атамыз елуге жуық өлеңдер тексіне ән жазған. Халық ақындары Иса, Шашубай, Төлеу, Доскей шығармаларын сұрыптап бастырып, олардың тұңғыш өмірбаянын жазған. Сапарғали зерттеуші, оқымысты – фольклорист ретіндегі туындылары өз алдына бөлек әңгіме.
Жақсы балалар бүгінгі өткізген С. Бегалин жайлы «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты кешімізді аяқтаймыз.

Балалар әдебиетінің бәйтерегі С. Бегалин. жүктеу
5 175
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ балалар әдебиетінің жазушылары
Қазақ балалар әдебиетінің жазушылары
Балалардың ойлау әрекетінің әр түрлі біліктілігін дамыту, есте сақтау қабілетін дамыту, ауызекі сөйлеуге, ауызша да, жазбаша да тіл мәдениеттерін дамыту.
Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі
Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі
Қазақтың ұлы ғалым - зерттеуші, этнограф, жазушы Шоқан Уәлиханов туралы мәлімет беру, ақынның өмірбаянына тоқталу, бұрынғы білімдерін тереңдету.
Орыс сыныптарындағы қазақ әдебиетінің күнтізбелік жоспары
Орыс сыныптарындағы қазақ әдебиетінің күнтізбелік жоспары
Орыс сыныптарындағы қазақ әдебиетінің күнтізбелік жоспары
"Қырдың жас түлегі" Сапарғали Бегалин
"Қырдың жас түлегі" Сапарғали Бегалин
Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша қаласы №5 ОМ Бастауыш сынып мұғалімі Жаркинбаева А. Г.
Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі
Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі
Ақтөбе қаласы, №26 орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Асқарова Гүлмира Амангелдіқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×