Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сандарды салыстыру. Теңдік. Теңсіздік

18 қыркүйек 2018, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сандарды салыстыру. Теңдік. Теңсіздік.
Сабақтың мақсаты: теңдік және теңсіздік туралы түсініктерді қайталау, сандарды, сандық және әріптік есептерді салыстыру дағдыларын дамыту.

1. Сандарды қайталау.
- 20 - ға дейін тура және кері бағытта санау.
- 9 - дан 17 - ге дейін, 17 - ден 4 - ке дейін сана.
- 13 санының сол жағында 3 бірліктен кейін қандай сан тұрады?
- 10 саының оң жағында 5 бірліктен кейін қандай сан тұрады?
- 16, 19 сандарының көршілерін ата.
- Ондықтармен тура және кері бағытта сана.
- Сандарды кему ретімен жаз.

2. Математикалық диктант.
- 10 мен 9, 4 пен 5, 10 мен 50, 50 мен 40 сандарының қосындасын тап.
- 10 мен 5, 90 мен 60, 100 бен 70, 18 бен 10 сандарының айырмасын тап.
3. «Ия немесе жоқ» ойыны. Мұғалім дұрыс немесе қате болатын тапсырмаларды оқиды.
- 4 - тің алдында тұрған сан 6 - ға тең.
- 7нің алдында тұрған сан 6 - ға тең.
- 5 - тен кейінгі сан 4 - ке тең.
6 - дан кейінгі сан 8 - ге тең.
2 мен 1 сандары 3 - пен көрші.
- 7 саны 8 санынан артық, т. б.
Ауызша жаттығуларға №2 және №8 есептер шығарылады.

Оқулықпен жұмыс.
№1. Жазбаша орындалады.
Балалардың назарын кестенің әр жолында белгілі бір фигура сәйкес келетінін, әр жолда қосынды мен айырма жазылғанына аударады және оларды іріктеп оқуды сұрайды. Осы фигаралардың қатарында теңдік және теңсіздік құрылған, оны тірек ете отырып, оқушылар сандық теңсіздік құрады, оны дәптерге жазады.

№3. Аулада 6 ер бала, олардан 3 - і артық қыз бала ойнап жүр. Аулада неше қыз бала ойнап жүр?
Есептің қысқаша шартын талдап жазғызу. Шешуін, жауабын өздеріңе шығарту.

№5. Күзде Айгүл 6 теректің жапырағын, 4 үйеңкінің жапырағын кептірді. Айгүл барлығы неше жапырақ кептірді?
Есептің қысқаша шартын талдап жазғызу. Шешуін, жауабын өздеріңе шығарту

№6. Үйеңкінің бұтағында 7 жапырақ бар. Оның ( ) жапырағы сарғайып түсіп қалды. Үйеңкінің бұтағында неше жапырақ қалды?
Бұл есептер құрастыру және шығару дағдыларын қалыптастыруға арналған. Бұл жұмысты алғашқы сабақтарда берілуін мұқият талдай отырп, тақтаға орындалады.
№4. 3 +х = 9
10 - х = 3
х - 3 = 6
40+ у = 80
100 - х = 40
х - 30 = 50
Оқушылар талдай отырып шығарады.

№7. Кесінділерді өлшету. Ең қысқа кесіндіні тауып, одан 3 см ұзын кесінді сызғызу. Қызыл және көк кесінділердің ұзындықтарының қосындысын тапқызу. Өздік жұмысқа арналған.
Үйге тапсырма ретінде:№ 2
3 190
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
11, 12, 13 сандарының құрамымен таныстыру
11, 12, 13 сандарының құрамымен таныстыру
Мақсаты: 0 - ден 10 - ға дейінгі сандарды тура және кері санау дағдыларын дамыту. 11, 12, 13 – сандарының ондықтармен бірліктерден тұратынын түсіндіру. Өткенді қайталап, білімдерін тия нақтылау, сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Тура және тура емес теңдіктер
Тура және тура емес теңдіктер
20 көлеміндегі сандарды ондықтан аттамай ауызша қосу және азайту/ондықтарды ауызша қосу және азайту амалдарын орындайды.
Жүздік. Жүздіктермен 1000 - ға дейін санау
Жүздік. Жүздіктермен 1000 - ға дейін санау
Санның графикалық үлгісін ойлап табыңдар. Жүздік – ірі санау бірлігі, 10 ондықтан немесе 100 бірліктен тұрады. Жүздіктерді өсу, кему ретімен атаңдар.
Жаңартылған бағдарлама бойынша математикадан тапсырмалар жинағы
Жаңартылған бағдарлама бойынша математикадан тапсырмалар жинағы
сандарды тура және кері санау, олардың натурал сандар қатарындағы реттік нөмірін анықтау 1 - тапсырма. Сандарды өсу және кему ретімен жазу.
9 санының құрамы
9 санының құрамы
9 санының құрамы туралы түсінік қалыптастыру; теңдіктер құруға, сандарды салыстыруға үйрету. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту.
Натурал сандарды салыстыру тақырыбына қайталау сабағы
Натурал сандарды салыстыру тақырыбына қайталау сабағы
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы,№9 орта мектебінің математика мен информатика пәні мұғалімі Некесова Бағила Исламқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×